Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Лагерь ханшайымы
Автор: Ризуанова Лариса Туремуратовна
Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: 4 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-01-01
Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірибе алмасу
Тақырыбы:«Лагерь аруы-2018»Мақсаты: 1. Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу.2. Әр қыз баланыпарасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу.Байқаудың шарттары төмендегідей:1. «Мен қазақтың қызымын» таныстыру(қатысушылар өздерін осы сөзбен, өлеңмен, әнмен таныстырады)2. «Қыз еркем – кестесімен көркем»(Әр қыз өзінің қолынан келетінбірісмерлік өнерін көрсетеді)3. «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді»(Қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын ашу)4. «Өнер»(Ән айту, бибилеу, күй тарту)5. «Сұлулық сыры»(Музыка ырғағымен сәндік киім және шаш үлгісін көрсету)6. «Зерделінің ойы озық»(Лездік сұрақтарға жауап беру)Әрсыныптанбір үміткерден қатысуы қажет.Көрнекітіктер: Түрлі түсті шарлар, банер, Техникалық құралдар:cлайдӨтілу барысы:І. Ұйымдастыру:1-жүргізуші: Құрметті жиналған қауым! Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.Жырданшашылсын, күй күмбірлеп, Қош келдіңіз халайық, сергісін бой. Бүгінгі «Лагерьдің аруы» аттыаруларсайысына қош келдіңіздер.«Лагерьдің аруы» байқауын тамашалауға келіп отырған қонақтар, құрметті ұстаздар байқауымызды бастайық.2-жүргізуші: Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі, Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.Бір көргенде болмай-ақ сахнада, Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі. Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,Аруыдеп мектептің жүрейікші. Әділқазыларға тек әділдікті, Ал аруларға сәттілік тілейікшіЕнді ару қыздарымызды ортаға шақырайық.Жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық, Өнерпаз өрендерге тамсанайық.Әділдікпен шындықты арқа тұтқан,Әділқазы алқасымен танысайық.1. _______________________________________________________________2. _______________________________________________________________3. _______________________________________________________________ІІ. Негізгі бөлім:Сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.1. Өзін -өзі таныстыру.2. Өз өнерін көрсету3. Білгенгемаржан (сұрақ-жауап)4. Сән үлгісі5. ҚолөнерҚатысушылар әділқазы алқасының алдынан нөмер алады да ,кезекпен өздерін таныстырады. I кезең.ТаныстыруГүл көңілің қуаныштан өрілді,Жанарыңнан жалын нұры төгілді.Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,Көпшілікке таныстыршы өзіңді.II кезең. Өз өнерін көрсету.Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,Бибилеп, ал біреулер ән салыпты.Бүгінгі қыз сынынан бәйге алуғаАрулар аянбай-ақ жансалыпты.III кезең. Білгенгемаржан (сұрақ-жауап)Жас ару жас ғұмырдың талғамысың ,Қуантқан әрбір үйдің арманысың.Дәл бүгін қанат қомдап, сыналарда,Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын.1.2.3.4.5.6.7.8.9.10.11.12.IV кезең. Сән үлгісіАл,халайық ықыласпен демейік,Арулардың сән үлгісін көрейік.Сыры мененсымбатына қара біз,Әділдікпен бағаларын берейік.V кезең. ҚолөнерСымбатына сән киімжарасатын,Аспандағы аймененталасатын.Өнеріне сәні сайкеліп тұрған,Аруларға қызығып қарасатын.ІІІ. Қорытынды: Қыз баланыізетті, инабаттыасылжанетіп, ісіне көркі сай тәрбиелеу, қыз сыйлау халқымыздың қанына сіңген қасиет, олардың айналадағы адамдармен қарым – қатынас жасайбілуіне көңіл бөле отырып, оларға нәзіктік пен сүйкімділік қасиеттерін беребілген.«Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,Көрінер толған айдай жүзі жарқын,Үлкеннің алдынорап сөз сөйлемес,Халқының сақтай білгенізгісалтын» — дегендей, қыздарымыз апаларының өнегелі істерін өз бойларынадарытып өссе екендейміз. Қыздарымыз ата-бабаларымыздың ықылым заманнанкеле жатқан салт-дәстүрін, әдет-ғұрып сөндірмей жалғастыратын өнерлі де ибалыбоп өссе дейміз.Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Ару қыздарымызға рахметайтамыз. Олайболса «Лагерьдің аруы» мен біргебикешін өткізейік.
Диплом «Лагерь ханшайымы – 2018»
Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу мақсатында өткізілген «Лагерь ханшайымы – 2018» байқауында белсенділік танытып,______________________________________атағын жеңіп алған