Курстық жұмыс: Экономика | Макроэкономикалық көрсеткiштер

0

Мазмұны

Кiрiспе.
II Негiзгi бөлiм.
II 1 Макроэкономикалық көрсеткiштердiң жалпы сипаттамасы
II 2 Жалпы ұлттық өнiм, оны есептеу әдiстерi.
II 3 Ұлттық есеп жүргiзушiлiк: баланстық әдiс, ұлттық есеп жүйесiнiң әдiсi.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.

Кiрiспе.
1 .Макроэкономика және оның мәселелерi. Ұлттық экономика деңгейiндегi экономикалық айналым моделi.
2. Макроэкономикалық көрсеткiштердiң жалпы сипаттамасы.
3. Жалпы ұлттық өнiм, оны есептеу әдiстерi.
4. 4.Ұлттық есеп жүргiзушiлiк: баланстық әдiс, ұлттық есеп жүйесiнiң әдiс.
5. Экономикалық өсу, оның түрлерi, қарқыны және моделi. Экономикалық өсудiң факторлары.
Макроэкономика грек сөзiнен -үлкен- бұл ұлттық экономиканың жалпы бағытын және даму заңдылықтарын зерттейтiн жалпы экономикалық iлiмнiң бөлiмi. Макро және микроэкономика бiр-бiрiмен тығыз байланысты, өйткенi екеуiнiң де талдау пәнi- экономика. Бiрақ зерттеу деңгейлерi екi түрлi. Микроэкономика жеке құрылымдардың бағытын және даму заңдылықтарын талдайды: үй шаруашылығын, фирмаларды, банктердi және т. б. Макроэкономика экономиканы жалпы бiрыңғай қарастырады, оның тұлғалары үкiмет, кәсiподақ, орталық банктер,өндiрушiлер және тұтынушылар жалпы тұлға ретiнде мемле- кет көлемiнде қарастырылады.
Егер микроэкономика және тауарлардың көлемi мен бағасын қараса, онда макро- экономика агрегатталған, жинақталған өлшемдермен қарастырады. Бiр фирманың әрекетi сипаттайтын басты микроэкономикалық көрсеткiштер: пайда, шығындар. Халық шаруашылығын жалпы сипаттайтын басты макроэкономикалық көрсеткiштер: ұлттық байлық, жалпы ұлттық өнiм, ұлттық табыс, баға деңгейi, пайыз ставкасының орташа деңгейi және жұмыспен қамту.
Макроэкономикада ашылған заңдар үкiметтiң экономикалық саясатын жасауға негiз болып табылады.Экономикалықiлiмдi макро және микроэкономика деп бөлу 20 ғасыр- дың 30-шы жылдары.
Д.М. Кейнстiң ғылыми зерттеулердiң әсерiмен дайындалды. Өткен барлық көрнектi экономистер:
меркантелистер, физиократтар, классикалық саяси экономиканың өкiлдерi – ұлттық өндiрiстiң көлемi, жұмыспен қамту деңгейi, инфляция және басқалар сияқты макроэкономикалық мәселелерге көңiл қойған. Бiрақ олардың ешқайсысы осы мәселе- лердi бiр макроэкономикалық моделге бiрiктiруге дайын емес болды.
Кейнстiң еңбегi, оның iлiмi жалпы бiрыңғай ретiнде экономиканы мемлекеттiк реттеу белсендiлiгiнiң қажеттiлiгiн негiздедi және макроталдаудың дәстүрлi әдiсi моделдердi құрастыру болып табылады.
Модель – бұл басты факторларды есепке алатын және екiншi
II-1 Макроэкономикалық көрсеткiштердiң жалпы сипаттамасы.
Ұлттық экономиканың қызмет етуiнiң жинақтаушы нәтижесi ретiнде Бiрiккен Ұлттар Ұйымының сипаттамасы бойынша Ұлттық есеп агрегаттары қолданылады. 1998 ж. есеп жүргiзудiң халықаралықжүйесiне Қазақстан да көштi. Негiзгiсi және жи- нақтаушысы ұлттық байлық болып табылады.
Ұлттық байлық — бұл қоғамның бүкiл ғұмырында жинаған тұтыну құралдары- ның жиынтығы.
Бiрiншi рет ұлттық байлықты Англияда 1664 ж. У. Петти есептеген. Жүз жылдан кейiн бұл әрекеттi А. Смит қайталаған. Францияда ұлттық байлықты бiрiншi бағалау 1789 ж. болды, АҚШ-та 1805 ж, Ресейде – 1864 ж. 20 ғ кеңестiк статистик Вайнштейн 30-шы жылдары Ресейдiң ұлттық байлығының мөлшерiн 1914 ж. 1 қаңтардағы жағдай- ымен есептедi.
Ұлттық байлық: мүлiк негiзгi және айналымы қорлар, үй шаруашылық мүлiк , табиғи байлықтарды жер, минералды қорлар және орман ресурстары, заттық емес байлықтарды ұлттық денсаулық потенциалы, оның жеке ойды қалыптастыратын ру- хани байлықтары, бiлiм алатын және ғылыми потенциалы қамтиды.
Шаруашылық қызметтiң негiзгi жалпылаушы көрсеткiшi бiр жылдық қоғамдық өнiм болып табылады. Оны бiрнеше анықтауыштар көмегiмен көрсетедi: жалпы ұлттық өнiм ЖҰӨ , ұлттық табыс ҰТ , таза өнiм ТҰӨ , жалпы iшкi өнiм ЖIӨ .
Жалпы ұлттық өнiмдi елдiң бiр жыл iшiнде өндiрген барлық дайын тауар және қызметтердiң жиынтық рыноктық құны ретiнде анықтайды.
Келесi көрсеткiш ұлттық табыс болып табылады.
Ұлттық табыс – бұл жылдың iшiнде жаңа жасалған құны бар өндiрiс нәтижесi. Ол ЖҰӨ мен жылдың iшiнде оны құруға кеткен материалдық шығындар амортизация, шикiзат, материалдар және т.б. арасындағы айырмашылық. Шетелдiк статистикада оны барлық табыстар сомасы ретiнде анықтайды:
1. жалақы, яғни жұмысшылар мен қызметкерлердiң еңбегiне ақы;
2. пайда, яғни жеке шаруашылық, серiктестiктер, кооперативтер, корпорациялар иелерi алатын табыс;
3. рента, яғни жердi, ғимаратты, үйлердi арендаға бергенде үй шаруашылығының алатын табысы;
4. пайыз, яғни орта капиталына несие, банкке салым және т.б. төлем.
Келесi көрсеткiш – таза ұлттық өнiм. Ол жалақы, пайда, рента, процент және жанама салықтар сомасы сияқты есептелiнедi.
Таза ұлттық өнiм – бұл ұлттық табыс плюс жанама салықтар, олар ұлттық табысты рыноктық бағабойынша анықтау үшiн қосылады.
Тағы бiр көрсеткiш — жалпы iшкi өнiм. Фирманың ұлттық құрамында болуына байланыссыз, сол мемлекеттiң территориясында орналасқан қызмет өрiсiнiң және материалдық өндiрiс саласының ақтық өнiмнiң жиынтық құны
жиынтық құны ретiнде есептелiнедi.
ЖIӨ-ң құрамына тек елдiң iшiнде өзiнiң меншiк өндiрiс факторларын қолдану арқылы өндiрген қызметтер мен өнiмдер жатады. Мысалы, егер Қазақстанның мұнайы Венгрияда қолданылса, онда бұл мұнайдың құны Венгрияның ЖIӨ-не кiрмейдi. ЖIӨ-ге халықаралық операциялардан түскен тү- сiмдер кiрмегендiктен, ол әр түрлi елдердiң экономикалық даму деңгейiн салыстыру үшiн
қолданылады.
Халықтың өмiрлiк деңгейiн сипаттау үшiн үш көрсеткiш қолданылады: жеке табыс, қолда бар табыс, таза экономикалық тұрмыс.
Жеке табыс — бұл салықты төлегенге дейiнгi жеке тұлғалар мен жанұялардың алатын барлық табысы. Оған алынған табыс плюс жанұялар мен жеке тұлғалардың мемлекеттен алатын зейнетақы, степендия, жұмыссыздыққа жәрдем ақы және т.б. трансферттiк төлемдер кiредi. Қолда бар табыс — бұл салықты төлегеннен кейiн қалатын табыс.
ЖҰӨ мен экономикалық тұрмыс арасында тiкелей байланыс бар: ЖҰӨ көп болған сайын, экономикалық тұрмыс жоғары. Бiрақ ЖҰӨ тұрмысқа әсер ететiн барлық компоненттердi ескермейдi. Сондықтан П. Самуэльсон таза экономикалық тұрмысты (ТЭТ) есептеудi ұсынды.
ТЭТ — бұл көрсеткiш, қоғамның экономикалық тұрмысын тек бар табыс емес, сонымен бiрге өмiрлiк сапасын есепке алып өлшедi.
Бұл көрсеткiштi есептеу әдiстемесi: ЖҰӨ-пен қоршаған ортаны ластау, криминалдық жағдаймен және т.б. келтiрiлетiн зиян алып тасталынады. Сонымен қатар өзiне-өзi қызмет етуден түскен табыс, бос уақыттағы рахаттылық, қоғамдық орындармен қамтамассыз ету және т.б. қосылады. Барлық осы факторлар өмiрлiк сапаны жақсартады немесе төмендетедi, бiрақ ЖҰӨ есептелмейдi. Мысалы, жылу
орталықтарынан ауаның ластануы, көшелердiң түтiндеуi тұрмысты жақсартпайды. Керiсiнше, өз бетiнше жүргiзiлген жеке сабақтар, саябақтар, үйлер жанындағы жұмыстар, пәтердi жөндеу өмiрлiк сапаның өсуiне мүмкiндiк туғызады, бiрақ ЖҰӨ есептелiнбейдi.
ТЭТ есептеудiң күрделiлiгi барлық осы факторларды сандық бағалау қиындығында жатыр.
II-2 Жалпы ұлттық өнiм, оны есептеу әдiстерi.
ЖҰӨ-дi есептеудiң екi әдiсi бар: елдегi жасалған өнiмге шығындар сапасы бойынша (“шығындар ағымы”) немесе өнiмдi өндiру нәтижесiнде алған табыстар сапасы бойынша (табыстар ағымы). Бiрiншi әдiске келсек, “шығындар ағымы”. Оны қолдана отырып, барлық шығындарды қоссақ, бiз ЖҰӨ көлемiн аламыз.
Шығындар мыналардан тұрады: — -тауар, және қызметтердi (нан, киiм, көлiк және т.б.) сатып алуға үй шаруашылығының кеткен шығындары;
-станок, ғимарат, үй құрлысы және т.б. алу үшiн инвестициялар;
-мемлекеттiң тауар және қызметтi ( мектептер, ауруханалар, электроқуаттар және т.б.) және трансферттiк төлемдерге (зейнетақы, жәрдемақы, степендия және т.б. төлеуге) кететiн шығындарды;
-таза экспортты, яғни экспорт пен импорт көлемiнiң арасындағы айырмашылық.
Ұлттық өндiрiс көлемiне тек сол елдегi өндiрiлгендер кiргендiктен, басқа елдердiң шығындарын алып тастау керек. Мысалы, Жапонияда автомобиль өндiрдi және оны АҚШ-қа әкеледi және сатады. Бұл жағдайда автомобильдi өндiрумен байланысты шығындыр Жапонияның шығындарына жатады, ал жеткiзу және сату шығындары АҚШ шығындарына жатады. Екiншi әдiске келсек — “табыстар ағымы”. Оны қолдана отырып, егер барлық табыстарды қоссақ ЖҰӨ аламыз.
Табыстар мыналардан тұрады: жалақы, рента, процент және пайда. Табыс бойынша есептелген, ЖҰӨ-ге жататындар: жалақы, рента, процент, пайда, жанама салықтар және амортизациялық шығыдар Қайталап есептеудi болдырмау үшiн, ЖҰӨ-ге кiрмейтiндер: 1) аралық тауарлар, яғни кейiн қайта өндiруге кететiн өнiмдер. Оған шикiзат, жанармай, көмекшi материалдар жатады. Мысалы, ЖҰӨ-ге нан пiсiретiн өндiрiстегi артық тауарларды алу үшiн қажеттi дән, ұн, ашытқы жатпайды. Егер бiз оларды қоссақ, онда ЖҰӨ-нiң құнын үстемеленген құнның мөлшерiне дейiн өсiретiн едiе: екi жақты пайда болатын едi. 2) барлық өндiрiстiк емес келiсiмдер, яғни өндiрiлген өнiмнiң көлемiнiң өсуiне мүмкiндiк туғызбайды Оларға жататындар:
а) трансферттiк төлемдер (әлуметтiк сақтандыру, зейнетақы, жұмыссыздыққа жәрдемақы бойынша);
б) бағалы қағаздарды сату-сатып алу жөнiнде келiсiмдер;
в) ұсталған заттарды сатып алу-сату (secon hond)
ЖҰӨ-дi және басқа да көрсеткiштердi есептеу әдiсi қарастырылған шартты мысал көрсетiлген.
ЖҰӨ-дi есептеудiң әдiсi.
ЖҰӨ-дi шығындарды соммасы бойынша есептеу
Тауар ағымының әдiсi ЖҰӨ-дi табыстар соммасы бойынша есептеу
Шығындар ағымының әдiсi
Жеке тұтыну шығындары 3226 Тұтынылған капиталдың көлемi 505
Жалпы жеке iшкi инвестициялар 765 Бизнеске салынған жанама салықтар 393
Тауар және қызметтердi мемлекеттiк сатып алу 964 Жалақы
2905
Таза экспорт -93 Арендалық төлем 20
ЖҰӨ 4862 Проценттер 392
Амортизациялық шығындар -505 Жеке салымдардан түскен табыс 325
ТҰӨ 4357 Корпорацияның пайдасына салынған салық 145
Бизнеске салынған
жанама салықтар -393 Дивиденттер 98
Ұлттық табыс 3964 Корпорацияның бөлiнбеген пайдасы 79
Әлеуметтiк сақтандыруға
салымдар -445 ЖҰӨ 4862
Корпорацияның пайдасына
салынған салық -145
Корпорацияның бөлiнбеген
пайдасы -79
Транферттiк төлемдер 768
Жеке табыс (алынған табыс) 4063
Жеке салықтар -590
Қолдағы бар табыс 3473
II-3 Ұлттық есеп жүргiзушiлiк: баланстық әдiсi, ұлттық есеп жүйесiнiң әдiсi.
Маңызды макроэкономикалық көрсеткiштердi есептеу үшiн ұлттық есеп жүргiзу жүйесi пайдаланады. ҰЕЖ – бiр жағында ресурстар бәрi, екiншi жағында олардың қолданылуы көрсетiлген арнаулы кестелер мен баланстар. Ұлттық есеп жүргiзушiлiктiң өзiнiң тарихы бар. Экономистер баланссыз, табыстар мен шығыстарды салыстырмайынша экономиканы зерттеу мүмкiн еместiгiн бұрын түсiнген. Баланысты жасаудың бiрiншi әрекетiн 1758 ж. Франсуа Кенэ (физиократтар мектебiнiң өкiлi ) “Экономикалық кесте” құрып жасады. Бiрақ оның кестесi тәжiрибелiк маңыз алмады. Оның ойының тарихи шектеулiгi мынада болды, ол ауыл шаруашылығымен айналысатын немесе меншiк иесi болмағанның барлығын “өнiм бермейтiн класқа” жатқызды. (Кенэ. Ф. Таңдамалы экономика шығармалар. М., 1960 ж. қараңыз.) Нақты шаруашылық өмiрдi көрсететiн жаңа модель қажет болды. Бұл мәселенi жалпы түрде К. Маркс 1885 ж. “Капиталдың” II-шi томында, өзiнiң капиталдың ұдайы өндiрiстiк схемасында орындалған. Оның ойы бойынша өндiрiсте екi бөлiм бар: бiрiншiсiнде, өндiрiс құралдары өндiрiледi (машина
жасаушы өнiм) және екiншiсiнде тұтыну заттары жасалынады (өмiрлiк қамтамассыз ететiн сфера). Бұл екi бөлiмнiң бөлiну қажеттiлiгi өндiрiс құралдары мен тұтыну заттарының түрлi қызмет атқаруымен қамтамассыз етiлген: бiрiншiсi өндiрiс күштерiнiң заттық элементтерiн ұдайы өндiру үшiн қызмет етедi, екiншiсi — адам факторын ұдайы өндiру үшiн. Әр бөлiмшеде өндiрiлген барлық тауар өнiмдерiнiң құны былай көрiнедi:
W= c + v + m
W – тауарлық құн;
с — тұрақты капитал (қызмет етiп жатқан машиналарға шығын)
v – айнымалы капитал (жұмыс күшiне шығындар)
Екi бөлiмнiң өнiмiн толық сату мүмкiндiгiнiң негiзгi жағдайы: I ( v + m) II с байланысты
болып табылады. ( К. Маркс “Капитал”, том II үшiншi бөлiмдi қараңыз).
Қазiргi қоғамдық ұдайы өндiрiс К. Маркстiң зерттегенiмен салыстырғанда күрделiрек және
көлемдiрек. Ол тек материалдық ұдайы өндiрiстi ( I және II бөлiмдердi) ғана емес, сонымен бiрге
III және IУ өндiрiстi құатын материалдық емес және әскери экономиканы да қамтиды.
Бұрынғы олардың арасындағы неғұрлым күрделi және тармақталған байланыстар ендi маркстiк
схема ауқымына жатпайды қажет етедi.
Балансты жасаудың үшiншi кезеңi П. И. Поповтың басшылығымен орыс экономистер тобының
зерттеуiмен байланысты, олар КСРО халық шаруашылығының салааралық балансын 1923-1924 ….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!