Ақтөбеде ломбдардта атыс болды: Оқиға камераға түсіп қалды (видео)

0

Бейнетаспаға түскен оқиға желіге тарап кетті. Кадрдан ұрының бірінші болып оқ атқанын көруге болады. Күзетші де оған қарсы оқ атты. Ұры қашып үлгерді.

Ақтөбеде ломбардтқа түскен ұры бейнекамераға түсіп қалды. Қарулы ұрыға ломбард күзетшісі де оқ атты.

Полицейлер мәліметінше, оқиға 4 ақпан күні күндіз болды.

«Бетін медициналық бетпердемен жапқан белгісіз ер адам травматикалық пистолетпен қорқытып, ломбардқа ұрлыққа түсті. Ломбард күзетшісі ұрлықтың алдын алды», — делінген Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мәліметке сәйкес, істің мән-жайын ашу үшін жедел тергеу тобы құрылды.

stan.kz