Күндізгі әлсіздік пен ұйқышылдықты жоюдың ең оңай жолы

0
178
Шілденің шіліңгір ыстығында көбіміз әлсіздікті, шаршаңқылық пен ұйқышылдықты сезінуіміз мүмкін (әсіресе түстен кейінгі уақытта). Міне, жұмыс уақытында адамның өзін-өзі сергек жүруі үшін келесі кеңестерімізді ұсынамыз:

— Жұмыстың күш-қайратыңызға сай келуі. Мысалы, маңызды, қиын жұмыстарды түске дейін аяқтап, ал түстен кейінгі уақытқа жеңіл жұмыстарды қалдырыңыз.
— Ұзақ отырмаңыз. Жұмыс барысында орныңыздан тұрып, жаттығулар жасап тұрыңыз.
— Кофені көп ішпеңіз. Кофені ұйқыны ашқандай болады, тек уақытша ғана. Шын мәнінде ол ағзаны әлсіретіп тастайды.
— Құран немесе жағымды әуен тыңдаңыз.
Құран тыңдау жүйкені тыныштандырып қана қоймайды, денсаулығымызға да өте пайдалы.

— Дұрыс ұйықтау. Ол үшін телефон, смартфонды ұйықтар алдында кем дегенде 1-2 сағат бұрын өшіріп тастаңыз. Себебі олар тынығып, ертеңгі күні сергек жүруіңізге кедергі келтіреді.