Көзіміз компьютер мониторынан шаршағанда оны қалай басуға болады

0

Көзіміз компьютер мониторынан шаршағанда оны қалай басуға болады


Көптеген адамдар күніне тоғыз сағаттан артық уақытын теледидар экрандарына, компьютер мониторларына және смартфондар мен планшеттерге қарап өткізеді. Мұның бәрінің әсерінен көздің құрғау, шаршау сезімдері пайда болады, бірақ, бұл жайттар қайта қалпына келетіндіктен оған қатты алаңдаудың қажеті жоқ.

Көптеген адамдар күніне тоғыз сағаттан артық уақытын теледидар экрандарына, компьютер мониторларына және смартфондар мен планшеттерге қарап өткізеді. Мұның бәрінің әсерінен көздің құрғау, шаршау сезімдері пайда болады, бірақ, бұл жайттар қайта қалпына келетіндіктен оған қатты алаңдаудың қажеті жоқ. Бұл ыңғайсыздықты жеңілдетуге көмектесетін бірнеше тәсілдер бар. Ең алдымен, компьютер мониторы сізден бір метрдей алыстау және сәл төмендеу орналасуы қажет. Көзді жиі жыпылықтату ережесін жасаңыз. Компьютеріңіздегі монитордың маңдайшасына «Көзді жыпылықтатуды ұмытпа» деген ескертпені жапсырып қойыңыз. Сондай-ақ, кем дегенде бір рет, 20 минуттай, көзіңізді монитордан алысырақ тастаңыз. Егер компьютерде жұмыс істеп отырғанда көзіңіздің құрғап бара жатқанын сезінсеңіз, ылғалдандыратын тамшыларды пайдаланыңыз.

Көздің ширатылуын жылы компресспен де басуға болады.Тек бұл кезде сізге бірнеше минут көзіңізді жұмып жатуға тұра келеді, ол уақытта сізде басқа да маңызды нәрселер туралы ойлауға немесе жай ғана демалуға мүмкіндік бар, бұдан сіздің күш-қуатыңыздың да артары сөзсіз. Осы кеңестердің бәрін тиянақты орындасаңыз, көзіңіздің шаршауынан еш қорықпайтын боласыз.

Дереккөзі: ​anamed.kz

reactor.inform.kz