Коррупциямен күрес — қарқынды |

0


Оқылды:
6

Әлемнің барлық мемлекеттік ұйымдары сыбайлас жемқорлық аталған дертпен бетпе-бет келетіні жасырын емес. Қазір барша мемлекет, тіпті, алдыңғы қатарлы елдердің өздері де тың жаңалықтарды енгізе отырып, жемқорлықпен күрес модельдерін қайта қарастыруда, жаңа заңдар, сыбайлас жемқорлық үшін жауаптылықты қатаңдату нормаларын қабылдауда. Қазақстан жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ТМД елдері арасында алдыңғы қатарлы орындардың бірінде.

Алайда, жемқорлыққа қарсы жүйе толыққанды және барынша тиімді жұмыс атқарады деп кесу айтуға, әлі ертерек. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық статистикасы әзірге көңіл көншітпейді.

Осыны ескере отырып, Президент тапсырған міндеттің бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру. «Экономиканың, түрлі салаларын, мемлекеттік басқаруды және құқыққорғау қызметін реттейтін заңнамаларды тереңінен «инвентаризациялау» қажет». Жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында айқындалған. Бүгінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» жаңа Заң қолданыста. Іс жүргізу заңнамаларына көптеген өзгерістер енгізілді, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылыққа жауаптылық күшейтілді (мүлкін тәркілеу, мемлекеттік қызметте лауазымды орынды өмір бойы иеленбеу және тағысын тағылар). Аталған жаңа заңнаманы жүзеге асыру үшін жұмысы тікелей сыбайлас жемқорлықты түбірімен жоюға бағытталған жаңа мемлекеттік орган – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ұлттық бюросы құрылды. Азаматтардың санасында кез келген жемқорлыққа мүлдем төзімсіздікті қалыптастыру керек. Ол үшін бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды үгіт-насихат жұмысын тұрақты жүргізу керек.

Қазыбек би атындағы аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.