Шовинистер 86-дағыдай әлі де басымызды күрекпен шабуға дайын

0

Шовинистер… Әлі «тірі» екенсіңдер ғой… Өлмегендеріңе анық көзім жетті… Билік берсе, 86-дағыдай әлі де басымызды күрекпен шабуға дайын екенсіңдер. Сендер үшін бұ қазақ не істемеді? Экономикалық Одақ құрып берді. Ассамблея ашып берді. Коммунистерің Парламенттің төрінде отыр. Туыстарың бүкіл стратегиялық маңызды орындарда отыр бастық болып. Құжаттар түгел ресми сендердің тілдеріңде.

Президент тек сендердің тілдеріңде мемлекеттік жиындарды өткізеді. Бүкіл билік сендердің тілдеріңде ғана сөйлейді. Сендер үшін бүкіл көшедегі жазулар орыс тілінде жазылады. Сендер үшін бүкіл ТВ мен газеттің жартысы орысша шығады. Сендер үшін қазақ сайттарынан гөрі орыс сайттарына ақша он есе көп бөлінеді. Сорлы қазақ журналистері тілемсек болып жүре берсін, тек сендер арыз айтып, сендер ашуланып, сендер билік туралы жаман жазбасаңдар болды. Сендер үшін орыс мектептері мен орыс драма театрлары бар. Сендер түсінбей қалмасын деп, бүкіл азық-түлік пен тұтыну өнімдерін орыс тілінде жазамыз. Мейрамxананың менюлерін орысша құрамыз. Парламентте шыққан заңдар да ең бірінші орыс тілінде шығып, кейін ұлт тіліне аударылады. Сот та сендердің қамдарың үшін орысша өтеді. Бәрі сендер үшін. Қазақтың ақшасы сендерің қамдарыңа қызмет етеді… Сендер үшін НПЗ-ларды модернизациядан өткізбейміз. Ойбай-ау, әйтпесе сендердің бензиндеріңді кім алады? Сендерің имперлік — экономикалық мүдделерің тұрғанда, қазаққа не жорық? Еуразиялық Одақтың бүкіл талаптарын сендердің икемдеріңе жасаймыз. Сендер үшін Петропавл мен Павлодардың атын ауыстырмаймыз. Желтоқсанда бауырларымды күрекпен ұрып, тең жартысын майып қылған шовиктерің арамызда әлі жарқырап жүр. Түк болмағандай… Бәрі сендердің қамдарың үшін. Қазақ орыс үшін жаралған ұлт. Сендерсіз өліп қаламыз. Айтпақшы, желідегі контентті енді ресейліктер бақылайтын болды деген ақпар шығып еді. Дұрыс екен! Бабамызды үш ғасыр қырғаны аз еді… Қазақты қазаққа бақыртып, араларына ши жүгіртіп, бірін-біріне айдап қойып отырсын!
Е-е-е…
Бұлар не қып астыртын Тәжинге шүйлігіп, «заказной» материалды көбейтіп жіберді десем…. Әрине шовинистерге «Руxани жаңғыру» секілді ұлттық мемлекет құруға негіз болатын мемлекеттік бағдарламалар ұнамайды. Әрине тариxымызды түгендейтін «Ұлы даланың жеті қырына» шүйлігесіңдер. Әрине қазақтың латын әліпбиіне өтуіне жандарыңмен қас боласыңдар. Және әрине мұндай ұлттық бағдарламалардың бастауында тұрған тұлғаға өшсіңдер. Сендерге идеологияның басына шовинистерге жақындау басқа біреудің келгені керек. Сендер тірі болсаңдар, мемлекеттік машинаның идеологиялық «рулін» орыс тақылеттес адамға беруге күресесіңдер ғой.
Қайта-қайта Маратты «шұқып» жүргендерің сол… Сендер үшін жұмақ өмір жасап қойсақ та, орманға қарап ұлыйсыңдар…

Дина Елгезек Facebook парақшасынан