коронавирустық індет, Қытай үкімет,
Қытай Мемлекеттік Кеңесінің Премьері Ли Кэцян Уханьдағы індетті локализациялау кезінде қол жеткен табыстарға қарамастан, коронавирустық індеттің елде жалғасатынын хабарлады.
Оның айтуынша, жақын уақытта шығындарды азайту және әлеуметтік — экономикалық даму міндеттерін орындау үшін «күш — жігерді екі есе көбейту» қажет болады.
«Қазіргі уақытта індет әлі аяқталған жоқ, дамуды алға жылжыту кезінде біздің алдымызда тұрған міндеттер өте үлкен», — деді Қытай үкіметінің отырысында премьер — министр.
Мемлекеттік кеңес басшысы Қытай құрылғаннан бері денсаулық сақтау саласындағы ең үлкен қиындықтарға тап болғанын мойындады.
Сонымен қатар, Қытайдың өз тарихындағы бұрын — соңды болмаған сынақтарды жеңуге барлық мүмкіндігі бар, олардың көпшілігі әлі алда.
«Қазіргі уақытта және жақын болашақта Қытай бұрын — соңды болмаған сынақтармен бетпе — бет келеді», — деді ол.
Кэцян пандемия Қытайдың басқа елдермен сауда — экономикалық ынтымақтастығын белсенді дамытуға кедергі келтірмейтініне сенім білдірді.
Сонымен қатар, Бейжің COVID — 19 — мен күресте халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және пандемиядан зардап шеккен әлемдік экономиканы тұрақтандыруға көмектеседі.
Керімсал Жұбатқанов, Қазақ — Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты