Ресей мен Қытай, ядролық қаруды күшейте бастады

0

АҚШ — ның арнайы өкілі: Ресей мен Қытай қарулануды бастады

Ядролық қару жарысы АҚШ, Франция және Ұлыбритания емес, Ресей мен Қытайдың бастамасымен жүр, деп мәлімдеді АҚШ президентінің қаруды бақылау жөніндегі өкілі Маршалл Биллингсли.
Гудзон институтындағы онлайн — конференцияда сөйлеген сөзінде Биллингсли Вашингтон, Мәскеу және Бейжіңнің қатысуымен үшжақты келіссөздердің қажеттілігі туралы мәлімдеді және мұндай форматтың «әлдеқашан пісіп — жетілгенін» баса айтты.
Ол АҚШ, Ұлыбритания және Франция ядролық күштерін модернизациялап, қарулану жарысын өткізеді деп санайды ма деген сұраққа жауап ретінде Ресей мен Қытайдың әрекеттері туралы пікірін білдірді, деп хабарлады РИА Новости.
Бұған дейін Ресей мен Қытай АҚШ — ды өзінің ядролық әлеуетін арттыруға мәжбүрлеп отыр деп мәлімдеді АҚШ президенті Дональд Трамп.

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ — Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты