Келді міне,Жаңа жыл!

0



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-778-389-9292 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Бағыты: Балабақша Бөлімі: Ойындар, Сценарийлер Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Жаңа жыл сценарий балабақша тәрбиешілеріне қажет

Зал іші мерекеге сай безендірілген.(Сахнаның төрі көгілдір, күміс шырша ойыншықтарымен безендірілген. Ортасында жылды белгілеп тұрған сандар)Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ата –аналар! Ардақты ұжымдастар! Бүгінгі біздің «Келді міне Жаңа жыл!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Келді, міне, көптен күткен жаңа жыл, Ортамызда міне жасыл шырша тұр, Келіңіздер, жүзі жылы қонақтар, Таң қалдырар бізде қызық думан бар. Қолды соғып аянбай, Құр отырма қонақтар. Көрсетер сонда өнерді, Өнерлі біздің балғындар! Ортаға №10 «Балдәурен» ересек тобының бүлдіршіндерін қарсы алыңыздар!Балалар музыка әуенімен ортаға кіреді.Ән: «Құтты болсын Жаңа жыл» әніЕндеше кезекті балалардың тақпағына берейік.Айсезім: Сүйреп біреу шананы, Тауға шығып барады. Ол да қазір зулайды Тау басында тұрмайды. Ақ қар оны шыңдайды, Ақ шанамыз зырлайды.

Бәймеке: Ақшақарға малынып, Аппақ тонын жамылып Сақалы мен мұртына Күміс моншақ тағылып Аяз ата келеді Балаларды сағынып.

Асан Кәусар: Жасыл желек жамылған, Асыл моншақ тағылған, Міне, сұлу шыршамыз. Көптен күтіп, сағынған, Кел, балалар, келіңдер, Тамашаны көріңдер.

Нұрғиса: Аппақ тонға оранып Базарлықты мол алып Келді алыс сапардан Аяз ата оралып.

Сей.Айзере: Келіңдер, келіңдер, Тақпақ айтып беріңдер. Жомарт Аяз атадан Сыйлық алып көріңдер. Қаптың аузы ашылды, Ойыншықтары шашылды. Аяз ата би билеп Әнімізге қосылды

Ерсінәлі: Аяз Ата ойды қырды Аралап жүр түгел шолып. Қарсы алғалы жаңа жылды, Ол да көптің бірі болып. Қайда қызық болса думан, Аяз Ата сонда болды.

Жүргізуші: Балалар, біздің арамызға өткен жылдың иесі – Ит жылы келіп тұр.Музыка әуенімен ескі жыл кіреді. Ит: Жыл иесі Итпін, Қалмайын деп кешігіп Ала таңнан ояндым. Келер жылда көңілің, Былтырғыдай ақ болсын. Мәнді болып өмірің, Барлығына бақ қонсын.Жүргізуші: Рақмет саған, өткен жыл, Көп қуаныш төккен жыл! Ескі жылмен қоштасамыз.Бізге көп қуаныш сыйлаған Итті құрметпен шығарып салайық.

Шыршаның жанында тұрған құдықтың ішіннен көмекке шақырып жатқан адамдардың дауысы естіледі.Тәрбиеші: Мына дауыс, қайдан шығып жатқан. Құдыққа қарап үңіліп тыңдап, ішіндегі адамдарды құтқарып алады. (олар Мыстан кемпір мен Мұз ханшайымы)Тәрбиеші: Сіздер кім боласыздар?Мұз ханшайымы: Мында не болып жатыр, қандай адемі, керемет жер екен.Тәрбиеші: Біздер жаңа жыл мерекесін тойлап, Аяз ата мен Ақшақарды күтіп отырмыз.Мыстан кемпір мен Мұз ханшайымы сол жер де бір-бірімен сыбырласып сөйлеседі (Мұз ханшайымы: мен Ақшақар болам сен Аяз ат боласын, Мыстан кемпір: неге мен Аяз ата болам сен боласың Аяз ата, ал мен Ақшақар болам – деп сол жерде сыбырласып сөйлейді)Мұз ханшайымы: Мен Ақшақармын ал мынау Аяз ата.Тәрбиеші: Сіздер Ақшақар мен Аяз атаға ұқсамайсыздар (жоқ біз Ақшақар мен Аяз атамыз) олай болса қане көрсетіңізші Аяз ата (Мыстан кемпір) сіздің сиқырлы таяғыңыз бар сияқты, Аяз атаның таяғы сиқырлы еді, сиқыр көрсеткен жағдайда сізге сенеміз.Мыстан кемпір сиқыр көрсетеді.Тәрбиеші: Сіздің таяғыңыз шынымен сиқырлы екен, бірақта тағы бір сиқыр көрсетуіңізді сұраймын. Біздің шыршамыз көңілсіз тұр сол шыршамыздың шамдарын жағып беріңіз, шамдары жанса сізге сенеміз Аяз ата екеніңізге.Мыстан кемпір: Таяғымен шыршаны жақпақшы болады, шыршаның шамдары жанбай қалады. (Мыстан кемпір мен Мұз ханшайымы сол жерде дауаласып қалады, бір бірін қуып сахнадан шығы кетеді)

Би: «Тауыс» биі

Жүргізуші: Қош келдің, Жаңа жыл, Қуанышқа, шаттыққа кенелейік. Жадырап, би билеп тербелейік, Төрлет, төрлет халқымның жаңа жылы. Жаңа жылың құтты болсын ағайын. Талай қызық болар деп тамсанамыз Осы күнді сағынып, аңсағанбыз, Жасыл шырша жанында қол ұстасып. Жаңа жылды қосылып қарсы аламыз.Жаңа жыл: Доңыз.Мен – Жаңа жылмын,Мен –жаңа нұрмын.Мен –жаңа жырмын,Баршаңызбен біргемін.Тағат таппай күткеннің,Бұл Шошқа жылы мен едім.Әкелемін баршаңа ,Жаңа бақыт, жаңа нұр.Сәлеметсіздерме балалар, мен сендермен он екі ай бойы сендермен бірге боламын. Қызықты және қуанышты күндеріміз көп болады.

Жүргізуші: Сәлеметсізбе Доңыз !жыл, қош келдіңіз. Балалар қараңдаршы жаңа жылымызда келіп қалды, жаңа жылымызға тағы кімдер жетіспей тұр айтыңдаршы балалар. Балалар: Аяз ата.Жүргізуші: Олай болса бәріміз бірге Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата!Балалар: Аяз ата, Ақшақар. Аяз ата, Ақшақар.Аяз ата:Ау, амансыңба ұлдарым,Амансыңба қыздарым.Қандай жарқын жүздерің, Қандай әсем жырларың,Асулармен алысқан,Асау желмен жарысқан.Аталарың сендергеШаршап келді алыстан.Керемет бір ән тыңдап,Келіп тұр-ау демалғым.Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!Аяз ата: Балалар мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!Қуант, бізді таңырқатШамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)Балалар: қайталап, қолдарын шапалақтайды.Шырша жарқырайды.

Ақшақар: Сәлеметсіздер ме, балалар. Жаңа жыл құтты болсын, баршаңызға жаңа бақыт әкелсін.Балалар мен сендерді сынап көрмекшімін, сендер өте ақылды, тапқыр балалар дидіғой кәнекей көрейін. Мен сендерге жұмбақ жасырамын, сол жұмбақтың жауабын тауып көріңдер.

  • Бір ақсақал жылына

Бір-ақ рет келеді.Көп қызы мен ұлынаСыйлық әкеп береді. (Аяз ата)

  • Қыста жерді жауып кетті,

Ал көктемде ағып кетті. (Қар)

  • Терезеге қонады,

Әсем ою ояды. (Қырау)

  • Тікен, тікен тік пісте.

Қысы жазы бір түсте. (Шырша)Ақшақар: Жарайсыңдар балалар өте ақылды, тапқыр балалар екендеріңді дәлелдедіңдер.

Жүргізуші: Рахмет сізге Ақшақар.Ал, қанекей балалар!Ән мен жырға басайық.Той думанды жалғайық,Шыршамызды айналып.Би билейік, ән салып,Бақшамызда жыр салып.

Ән: «Тик-так»

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Аяз ата, Ақшақар біздің балалардың өнерлері көп, ағылшын, орыс тілінде де сөйлейді. Сіздерге арналған ағылшын, орыс тілінде тақпақтары бар. Жібек: Дедушке Морозу Стих я расскажу, Свой наряд красивый Гордо пакажу.

Асан Кәусар: Э хаппи ню е фо ми Э хаппи ню е фо ю Э хаппи ню е фо евери уан Затс уат Ай уиш Ай ду.

Әмірхан: Дед Мороз, пришел Ура! Ждем подарков мы с утра Ведь не зря среди зимы Елку нарядили мы.

Нұрай: Ню е дей Ню е дей Лет ас син Энд лет ас плей

Гауһар: Новый год, Новый год. Дружно встанем в хоровод Дед Мороза позавем, Песни мы ему споем.

Ойын: Ата-аналармен ойын «Суретшімін»

Би: «Аяз ата» биі.

Жүргізуші: Жаңа жылға арналады жаңа жыр, Жаңа жылда шақырады бар өмір, Бақыт болып, жаңа жылым келді ғой, Құтты болсын, құтты болсын жаңа жыл! – деп балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік.

Артық.Кәусар: Әдемілеп біз ілген Ойыншықтар тізілген Қандай әсем шыршамыз, Ән шырқайық баршамыз.

Нұрсерік: Оралдың өлкеме Жаңа жыл армысың. Оранды ақ көрпеге, Асқар тау, қарлы шың.

Айару: Жылдың әнін бастайын, Аяз-Ата кеп қалды. Майысады жас қайың, Көтере алмай көп қарды.

Нұртас: Қандай әсем шартарап! Шаттық күйге бөлеп тұр. Кәмпиттерін арқалап, Аяз Ата келіп тұр.

Малика: Жүзімізде күлкі ойнап, Қанаттанды жанымыз Жаңа жылды біз тойлап Шаттанамыз бәріміз.

Жүргізуші: Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт, Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт. Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт, Келіп міне жатырмыз қауқылдасып… Бірге соғып бар әлемнің сағаттары, Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-дей отырып әнге кезек берейік.Ән: «Ағылшынша»

Тәрбиеші:Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын, Ай жүзіндей айшықтанып, арайың. Жанға шуақ, бойға қуат әкелген. Жаңа жылың құтты болсын ағайын.Би: «Жұп би»

Жүргізуші: Бірге соғып бар әлемнің сағаттары, Он екіні күтер қалмай тағаттары. Ғасырдың 2019 жылы келді, Құстай ұшып құрау шалған қанаттары.Ендігі кезекті тақпақтарға кезек берейік.

Баз.Нұрислам: Жаңа жылым мол болсын Басқан қадам оң болсын. Төрле Төрле Жаңа жыл Бізге Құтты жыл болсын.

Аякөз: Сүйсіндіріп маңайды Ақшақармен орайды Жалт-жұлт еткен жүзіннен Күміс сәуле тарайды. Қуантып елді, жаңа жыл келді.

Бек.Нұрислам: Тамаша, тамаша! Шыршамыз тұр жараса. Басында әсем жұлдызы Көз тоймайды қараса.

Сат. Айзере: Безендіріп шыршаны Жыл қуантты баршаны. Той-маскарад басталды, Аяз оны басқарды. Алихан: Тілеймін мен бар әлемге Дос көп болсын жаңа-жыл Ата-әже, әке-шеше Құтты болсын Жаңа жыл.

Мәриям: Жаңа жылды қарсы алып, Барлық бала ән салып. Ақшақар жүр би билеп, Қол соғады барша жұрт.

Жеке ән: Шырша жыры Асан Каусар

Аяз ата: Жарайсыңдар балаларым! Қандай ақылды, өнерлі едіңдер. Алыстан шаршап келгенде, бір демалып қалдым. Ал енді Ақшақар біз жолға шығайық, біздерді сендер сияқты басқа балаларда күтіп отыр. Менің сендерге арнап әкелген сыйлықтарым бар қабыл алыңдар.

Ақшақар: Жаңа жыл сендерге бақыт әкелсін. Келесі кездескенше аман сау болыңдар.

Жүргізуші: Бәріміз бірге Аяз ата мен Ақшақарды және Тауықты шығарып салайық.Балалар: Сау болыңдар!

Би: Флешмоб биі.

Жүргізуші: Ғасырдың он екінші жылы келді, Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары! Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым, Құтқа орансын кең байтақ дархан елім. Қазақтың пейіліне тарту етсін, Табиғат ашық аспан, таң шапағатын!

Құрметті жамағат, жүрекке жылулық ұялататын Жаңа жылдық құттықтау сөзді арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы Байджанова Г.Т. береміз. Жүргізуші: Құрметті ата — аналар, ұжымдастар, балалар бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді. Жаңа жыл баршаңыздың үйіңізге құт, береке, молшылық, жақсы жаңалықтарын алып келсін! Осымен «Келді міне Жаңа жыл!» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Көріскенше сау болыңыздар!

«Тексерілді»«№21 Назерке бөбекжай-бақша» жедел басқару құқығындағыМКҚК әдіскері_______А.С.Умирбаева

«Келді міне, Жаңа жыл!» Ертеңгілігі

№10 «Балдәурен» ересек тобының тәрбиешісі:Шамурадова М

2018-2019 оқу жылы


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.