іс, өкініш, соққы, өмір, өлім, өкініш туралы, ғашықтық, қыдыру
Абай Құнанбайұлы
Өлер алдында тек екі нәрсеге өкінеміз: аз ғашық болғанымызға және аз қыдырғанымызға.
Марк Твен
Өнерлінің — өкініші көп,
Өнерсіздің — өкініші жоқ.
Иүгінеки Ахмед
Өткен іске өкінбеу керек. Өмірден алған соққылардың бәрі маңызды емес. Маңыздысы – біздің еш нәрсеге мойымай, алға қарай ұмтылып, өмір сүріп келе жатқандығымыз.
Стивен Кинг
Өткен іске өкінген өмір зая.
Шал Құлекеұлы
Орынсыз ерлік – адамды өкіндірмей қоймайды.
Бауыржан Момышұлы
Білімді адам біліп іс қылады, біліп істеген іс өкінішсіз болады.
Иүгінеки Ахмед
Жастықтың қалай өтіп жатқанын ешкім де аңғармайды, ал өтіп кеткенін сезгенде әркім «Аһ» ұрады.
Сенека
Арлы адам – ең күшті адам. Өйткені, ол өткінші бақыттың, өткінші қайғының ырқына мойын ұсынбайды. Сондықтанда оның тағдыры қиын болуы, ауыр болуы мүмкін, өкінішті болуы мүмкін емес.
Әбул — Хасан Рудаки
Мен бір көргеннен ғашық болуға сенбеймін. Менің ойымша, бұл – үлкен қателік. Сіз тек физикалық сипаттамаларға көңіл бөлсеңіз, сол үшін қатты өкінесіз.
Ли Куан Ю
Cөйлегендеріме өкіндім, бірақ үнсіз қалғаным үшін өкінбедім.
Лұқман Хакім
Қайғы да — өтеді, қуаныш та — өтеді, дәурен де — өтеді: тек өкініш қана қалады.
Құтып
Дереккөз: http://bilimsite.kz/