Информатика, компьютерде есеп шығару кезеңдері

0

Сабақтың тақырыбы: [b]Компьютерде есеп шығару кезеңдері.[/b]
Мақсаты:
• оқушыларды есепті шешу кезеңдерімен таныстыру;
• Есептердің математикалық моделін, алгоритмімін құруды үйрету
Сабақтың типі: лекция
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй жұмысын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
Компьютерде есепті шешу процесі — бұл адам және ЭЕМ арасындағы біріктірілген сала. Бұл процесті бірнеше тізбектелген этаптар түрінде көрсетуге болады. Адамға тиісті этаптар, шығармашылық саламен байланыстысы — қойылуы, алгоритмизациясы, есепті программа және нәтижелерді талдау, ал компьютерге тиістісі — өңделген алгоритммен сәйкес келетін ақпаратты өңдеу этаптары.
Бұл этаптарды келесі мысалдарда қарастырамыз: екі бүтін санның сомасын есептеу және видеомонитордың экранына нәтижесін шығару.
Бірінші этап – есептердің қойылымы. Бұл этапта есепті қолданатын жұмыс саласын жақсы білетін адам қатысады, ол есептің мақсатын нақты анықтауы керек, есептің мазмұнына сөздік түсінік беруі және оның шешімімен жалпы жақындық ұсынуы керек. Мысалы, екі бүтін санның сомасын есептеу үшін сандар қалай қосылатын білетін адам, есепті келесі әдіспен түсіндіре алады: екі бүтін санды енгізу, оларды бір — біріне қосу және есептің нәтижесі ретінде сомасын шығару.
Екінші этап – математикалық немесе ақпараттық моделдеу. Бұл этаптың мақсаты – есеп компьютерде шешілуі үшін, есептің математикалық моделін құру. Көптеген есептердің математикалық моделінде тек қана формулалар мен логикалық шарттар келтіріледі. Бұл этап бірінші этаппен тығыз байланыста және оны бөлек қарастырмаса да болады, бірақ құрылған модель үшін бірнеше шешу әдістері танымал болуы мүмкін және олардың ішінен ең ыңғайлысын таңда керек болады. Жоғарыда түсіндірілген есеп үшін екінші этап келесідей болады: компьютерге енгізілген сандарды А және В атауымен жадыда сақтаймыз, содан соң бұл сандардың сомасының мағынасын А + В формуласы бойынша есептейміз және нәтижесін жадыда Summa атауымен сақтаймыз.
Үшінші этап – есептің алгоритмі. Математикалық түсіндіру негізінде шешу алгоритмін құрастыру керек. Алгоритм дегеніміз – қойылған есептің шешуге бағытталған әрекеттер тобын іске асыру үшін атқарушыға түсінікті әрі дәл нұсқаулар жиынтығы. Алгоритмдерді орындайтындар адамдар, роботтар, компьютерлер болуы мүмкін.
Төртінші этап – программалау. Программа – бұл орындаушы(компьютер) орындайтын әрекеттердің жоспары. Үшінші этапта құрылған алгоритм бойынша программа алгоритмдік тілде жазылады.
Бесінші этап – жазылған программаны компьютерге программалау жүйесінде енгізіледі.
Алтыншы этап – тестлеу және программаны жөндеу. Бұл қадамда ЭЕМ көмегімен алгоритм орындалады, қателер ізделінеді және олар жойылады. Программаны жөндеу – бұл күрделі және стандартты емес процесс. Күрделі программалар бөлек фрагменттермен тексеріледі.
Жетінші этап — жөнделген программаның орындалуы және нәтижені талдау. Бұл қадамда программа жұмысқа қосылып, алғашқы керекті мәндер беріліп. программа нәтижесі алынады. Шыққан нәтижелер талданып, нәтижелерге сай шешімдер, ұсыныстар, шығарулар дағдыланады. Талдау шешімі бойынша есептің құрылған жолдары қайтадан қарастырылып, есептің бірінші қадамына қайтып оралып, есеп жаңадан шешілуі мүмкін.
1. Есептің берілуін математикалық түрде өрнектеу (Математикалық модел) Бұл бөлімде негізі мына үш сұраққа жауап тапса жеткілікті:
а) не белгілі? — белгілі шамаларды әріптермен белгілеп типтерін анықтаймыз;
ә) не табу керек? – ақырғы нәтижені, оның типін анықтау;
с) Қалай есептейміз? – есептің шешіміне қажетті формулаларды анықтаймыз немесе құрастырамыз. Есепті шешудің идеясын (әдісін) анықтаймыз.
2. Есептің алгоритмін құрамыз.
3. Алгоритмді компьютерге түсінікті программалық тілде жазамыз.
4. Программаны компьютерде орындап қателерін түзетеміз.
5. Ақырғы нәтижені аламыз, талдаймыз (мысалы адамдар саны теріс сан болып шығуы мүмкін).
Бұл жерде ең маңыздысы 1 және 3 кезең.

Өздік жұмыс: физикалық формулалар бойынша алгоритм құру
ІҮ. Бекіту сұрақтары:
• Алгоритм деген не?
• Алгоритмнің қандай түрлері бар?
• 2 — ші қадамның мақсаты қандай?
• 2 санның арифметикалық ортасын табу формуласында қандай шамалар бар?
Ү. Оқушылардың білімдерін бағалау
ҮІ. Үй тапсырмасы. 3 санның арифметикалық ортасын табу үшін математикалық модель құру және алгоритмін құру

Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы,
Ю.А.Гагарин атындағы орта мектептің информатика пәні
мұғалімі [b]Тайкенов Дархан Есенбайұлы[/b