Х дыбысы мен әрпі, ашық сабақ бастауыш

0

Әліппе 1сынып
Сабақтың тақырыбы: Х дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларды х дыбысы мен әрпімен таныстыру, дыбысты ести білуге, оны сөз ішінде басқа дыбыстан ажырату, әріптің баспа және жазба түрлерін танытып, оны дұрыс дыбыстату.
Сабақтың дамытушылығы: Х дыбысына қатысты жаңа сөздерді білдіру арқылы ой – өрісін, тіл байлықтарын, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін, сөздік қорларын дамыту.
Сабақтың тәрбиелігі: Оқушылардың оқуға, білімге деген қызығушылығын қалыптастырып, ұқыптылыққа тәрбиелеу, сауатты, қатесіз таза каллиграфиясын сақтап жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Аралас
Қолданылған әдістер: түсіндіру, топтастыру, сұрақ – жауап, ойын т. б.
Көрнекі – құралдар: әріптер, суреттер, кеспе әріптер т. б.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
ІІ. Ой шақыру стратегиясы
– Кеше қандай әріппен таныстық?
– Я, Ю дыбысы мен әрпі
– Қане сол ю дыбысына сөздер ойлап жіберіңдерші?
– аяқ, таяқ, қоян, шаян, қияр, пияз, аяз, тақия;
– аю, ою, қою, сүю, қию, сүю, күю, есею, үлкею;
– Я, Ю дыбысы дауысты ма, әлде дауыссыз ба?
– Дауысты
– Я, Ю дыбыстары туралы не білеміз?
– Қосарлы дауысты дыбыстар
– Я дыбысы
– Ю дыбысы
– Я, Ю дыбысы қандай екі дыбыстан тұрады?
– Жеке тұрғанда буын құрайды
– Дыбыс дегеніміз не?
– Дыбысты естиміз, айтамыз.
– Әріп дегеніміз не?
– Әріпті көреміз, оқимыз, жазамыз.
– Дыбыстар айтылуына қарай нешеге бөлінеді?
– Дауысты және дауыссыз болып екіге бөлінеді.
– Қазақ тілінде қанша дыбыс, қанша әріп бар?
– 42 әріп, 40 дыбыс
ІІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау.
Үй тапсырмасын тексеру.
а). «Жарыс» мәтінін оқыту.
ә). Сұрақ арқылы оқушылардың түсінігін тексеру.
– Мәтін не туралы?
– Жарыс туралы
– Жарысқа нелер қатысты?
– Аңдар
– Қасқыр аңдарға не айтты?
– Қатар тұрыңдар.
– Аю қалай жүгірді?
– Аю қорбандап жүгірді.
– Арадан қашқан аю мәреге нешінші болып келді?
– Бірінші болып мәреге келді.
ІV. Жаңа сабақ Жаңа сабаққа байланысты салынған суретпен жұмыс
Оқушылар суретті көре отырып, мәтін құрайды. Оқушылардың құраған мәтінін тыңдау.
Марат қалада тұрады. Ал оның атасы ауылда тұрады. Марат ауылда тұратын атасына хат жазды. Атасы хатын алып қуанды.

V. Өтілетін жаңа дыбысқа байланысты жұмбақ шешу.
Сөздің сыры – көп жұмбақ,
Шешуін кім табады?
Кімдер шешсе тез ойлап
Сол жеңімпаз болады.
1). Аяғы жоқ жүреді,
Аузы жоқ сөйлейді.(хат)
2). Сәлем алып, алыстан,
Туысыңнан, таныстан,
Келетұғын, хат – хабар
Қай әріптен басталар? ( х әріпі)
– Хат деген сөзде бірінші қай әріп естіледі? (х)
– Хор деген сөзде бірінші қай әріп естіледі? (х)
– Олай болса, балалар бүгін біз Х дыбысы мен әрпін өтеміз.
Х х – баспа түрі, Хх – жазба түрі.
Х – тіл арты, ызың, қатаң дауыссыз дыбысты белгілейтін әріп. Қазақ тілінде байырғы сөздердің құрамында кездеспейді. Араб, парсы, орыс тілдерінен енген сөздер мен
халықаралық терминдерге тән.
Х – дыбысын хормен айту.
Хат – 3 әріп, 3 дыбыс
Х – дауыссыз, қатаң
а – дауысты, жуан
т – дауыссыз, қатаң
Х – дан басталатын сөздер айту.
(хабар, хор халат)
VІ. Оқулықпен жұмыс.- Бағандағы сөздерді оқу, мағынасын түсіну.
Хат
ха – бар
шах – мат
Халел
хор
ха – лат
са – я – хат
Хамит
Хан
ха – дис
хат – та – ма
Тахауи
Әр сөзге тереңірек мағлұмат беру
Хат – біреуге немесе бір мекемеге хабар жіберу үшін жазылып қойылған не жөнелтілген текст.
Хор – вокалдық музыканы қосылып орындайтын әншілер тобы.
Хабар – болған іс, оқиға, сондай – ақ біреулердің хал – жайы жөнінде білдірілген ауызекі немесе жазбаша түріндегі қысқаша мәлімет.
Халат – жеңілдеу матадан тігілген, ұзынша сырт киім.
Дәріхана – дәрі – дәрмек даярлап және оны сататын орын.
Асхана – ас даярлап және оны ішетін орын
Шахмат – ақ және қара фигуралармен тақта бетіндегі алпыс төрт тор көзде өзіне тән ережелері бойынша ойналатын ойын.
Саяхат – зерттеу не танысу мақсатымен алыс бір жерге ел аралауға шыққан сапар.
VІІ. Пікір алысу стратегиясы.
– Балалар біздің мектепте кітапхана бар ма?
– Кітапханада нелер бар?
– Кітапханада газет – журнал, қызықты кітаптар бар.
– Сенің үйіңде кітап бар ма?
– Саған қандай кітап ұнайды?
– Кітапханада кітапты кім береді?
– Ендеше, біз қазір «Кітапхана» мәтінін оқиық.
1). Мәтінді мәнерлеп оқу.
2). – Мәтінде неше сөйлем бар?
– Бірінші сөйлемде неше сөз бар?
– Екінші сөйлемде неше сөз бар?
– Соңғы сөйлемде неше сөз бар?
VІІ. Тірек – сызбадағы жазылған сөздерді оқытып, мағыналарын сұрау.
Мына дәрі, ем, ас, дәм, шебер, кітап, ұста деген сөздерге хана деген қосымшаны жалғап, сөздерді оқу
VІІІ. Сабақты бекіту
1). «Сиқырлы сандар» ойыны
2 3 1 4 5 6 7 8 9 10
А т х н м я с и р қ
Берілген кестедегі сандардың астындағы сөздерден сөздер құрау
х а т а с х а н а қ и я р т а қ и я м а с а
2). Сөзжұмбақ шешу.
— Ә ж е
— Л а қ
— І н
— П і л
а П т а
к Е с е
1. Әкеңнің анасы.
2. Ешкінің төлі.
3. Тышқанның үйін ата.
4. Ірі жануарды ата
5. «Жеті күн» тағы қалай аталады?
6. Ыдыс түрі
ХІ. Сергіту сәті
Дәптерімізді ашайық
Қолға қалам, алайық
Бүгінгі өтілген әріпті
Әдемі етіп жазайық.
Қане бәріміз Х х әрпін әдемілеп дәптерімізге жазайық
Хх әріпінің жазылу ережесімен, емлесімен таныстыру
1). Ауада жазу
2). Үзік сызықтарды басу
3). Х х әріптерін жазу.
(Оқушыларға жеке көмек көрсету)
Х. Шығармашылық тапсырма
1. Суретті диктант
Оқушыларға 5 – 6 сурет көрсетіледі, олар солардың аттарын жазады. Сол сөздерге дыбыстық талдау жаса
2. Деңгейлік тапсырма
Х дыбысы бар сөздерден сөйлем құрап жазу
ХІ. «Сөз құра» ойыны
Адасқан әріптерді орнына қою арқылы сөздер құрау
1. а, н, я, ш (шаян)
2. а, з, я (аяз)
3. ю. т, о (тою)
4. т, а, п к, і (кітап)
5. р, а, б, а, х (Хабар)
6. м, а, т, х, а, ш (шахмат)
ХІІ. 1.«Орнына қойып жаз» ойыны
Мақсаты: Оқушылар сөздердің айтылуы мен жазылуы туралы білімдерін тереңдете түседі.
Ойын тәртібі: Плакатқа 2 қатар сөздер дайындалады.
Әр қатардан шыққан оқушы тақтаға сөздерді дұрыс жазып шығады. Әрі тез, әрі дұрыс орындаған топ жеңімпаз атанады.
2. Шығармашылық жұмыс. Хат жазу үлгісі(ауызша жұмыс)
– Хат алып көрдіңдер ме?
– Хат қалай басталады?
– Өз өмірің жайлы хатқа не жазар едің?
– Хатты қалай аяқтайсың?
ХІІІ. Қорытынды. «Аққала құрастыру» ойыны
– Бүгін қандай әріп өттік?
– Х қандай дыбысы?
– Х әрпінен басталатын сөздерді айт?
– Хат, хор, халат деген сөздер қандай әріптен басталып тұр?
– Кітапхана сөзінде неше буын бар?
– Шахмат сөзіне дыбыстық талдау жаса?
– Хат сөзіне дыбыстық талдау жаса?
ХІV. Үйге тапсырма
99 – беттегі сөздерді оқу. «Кітапхана» мәтінін оқып келу.
Мадақтау
Мұғалімнің айтқаның,
Мықтап миға тоқимыз.
Бар ынтамен тыңдасақ,
Кілең беске оқимыз,- сабаққа жақсы, белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

Атырау қаласы, №11 Ы Алтынсарин атындағы
орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Жұмағалиева Күлән Ғабдыжанқызы

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз