Ғұмар Қараштың шығармашылық қырлары
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Бағыты: Қазақ әдебиеті Бөлімі: Мақала Сыныбы: Басқа
Ғұмар Қарашұлының шығармашылық қырларын танытуға негізделген. Мақала ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында жарық көрген әдебиеттер мен ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша жазылған.
Мақала оқу орындары мен қызығушылық танытқан барша оқырман қауымға арналған.
ӘОЖ 821.512.122 (091)
Текесбаева Карлыгаш Накысбековна
Сүлейман Демирел атындағы университет, ЖОО-нан кейінгі білім бөлімі, филология факультетінің магистранты, Шұбар жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
E-mail: karligash1986@mail.ru
Ғұмар Қараштың шығармашылық қырлары
Аңдатпа (Аннотация)
Мақалада көрнекті ақын, ағартушы, философ, қаламгер, ұлт жанашыры Ғұмар Қарашұлының шығармашылық қырларын танытуға негізделген. Мақала ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында жарық көрген әдебиеттер мен ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша жазылған.
Мақала оқу орындары мен қызығушылық танытқан барша оқырман қауымға арналған.
Кілт сөздер: ағартушы, жоғары діни білімді, қаламгер, мерзімді баспасөз.
Ғұмар Қарашұлы
Бәрін айт та, бірін айт
Өнер менен білім жоқ,
Білімсіз қазақ, күнің жоқ.
Күн көретін түрің жоқ.
Өзіңді, өзің зор көріп,
Басқаларды қор көріп,
Мен қазақ деп жүрсең де
Білімсіз, надан болған соң
Бір тиындық пұлың жоқ.
Білімсіз халық ел болмас
Болған елмен тең болмас,
Құлдықтан басы арылмас.
Тілек, қоңыс, бостықпен
Кеңшілік ерік алынбас,
Көктен рахмет жауылмас.
Жерден жәуһәр табылмас.
Дүниеде сәнді ел болып,
Болғандармен тең болып,
Тұруға керек адамдық,
Керек емес надандық – деп тебірене жырлаған көрнекті ойшыл ақын Ғұмар Қараш кім еді?
Ғұмар Қараш – ағартушы. Ол қазақ халқын өркениетті елдердің санатына көтеру үшін өзінің көзқарастары мен ой-пікірлерін халықты жаппай ағартушылыққа, білім, өнер мен ғылымды меңгеруге шақыруда аянып қалмады. Оның шығармаларының барлығы сол заманның көкейтесті, зәру мәселелерін ашып көрсетуге талпынған, олардан шығу жолдарын іздестірген. Ағартушы ақынның Неден қорқам?, Көреміз бе?, Келер ме екен?, Күн туды, Алаш азаматтарына атты туындылары шын жүрегімен ұлтын, елін, жерін сүйген, халқының тағдырын ойлаған азаматтың терең тебіреністерден туындаған өлеңдер екендігі айқын көрініп тұр.
Ғұмар Қараш – жоғары діни білімді ақын. Оның қоғамды өзгертуге бағытталған ойлары дін мен шариғат заңдарына негізделіп, дін халықты имандылыққа, өркениеттілікке жетелейді. Шариғат заңдары мен дін талаптарынан туындайтын имандылықтың негізінде қалыптасқан тақуалық, ар-ождан қасиеттері дағдарысқа ұшыраса, онда мемлекетте қылмыс пен теріс қылықтар көбейеді. Ғұмар дін және шариғат заңдары ғылым мен өнердің дамуына еш кедергі болмайтынын ғылыми негізде дәлелдейді.
Ақын Өрнек деген кітабында адамның әрбір істеген немесе істейін деп жүрген ғамалдарының баршасына түп негіз ығдиқат деген нәрсе болатындығын айтады. Иманның негізінде ізгі ғамал (іс) болып табылады, ізгі іс дегеніміз жақсы істі жақсы болғаны үшіністеу. Атақ үшін, мақтан үшін, істелген іс немесе Алла тағалаға деп оқыған екі рәкат намаз үшін мәңгілік сауап күту – мойындамау ғибадаттың рухын жоятын бір әдепсіздік деп танытады. Алланың көрсеткен жолымен жүрмесе халық ұлт ретінде жойылатындығын баяндайды [1, 42 б.].
Сол қоғам тұрғысынан қазақ даласында патша үкіметі сайлаған молдалар тарапынан сопылар саудагерлер қаптап келе бастады. Бірі халыққа ислам дінінің қағидаларын түсіндірсе, екіншілері халықтың діннен хабарының аз екенін пайдаланып, жалған діни- ғұрыптарды орындау арқылы, өздерінің тұрмыс жағдайынтүзеп алуға тырысқан алаяқтар көптеп кездесті. Осындай келеңсіздіктердің бой көрсетіп тұрғанын ақын қинала да қынжыла айтады.
Ғұмар Алланы ғылым арқылы тануға ұмтылған ойшыл, яғни исламдағы ғылыми ғақли бағытын ұстанған. Алланы тану ислам діні бойынша пайғамбар арқылы тану болмақ екені белгілі. Ол Алла мен адам арасын жалғастырушы күш махаббат деп білген. Оны «Махаббат» өлеңінен байқауға болады:
Махаббаттың ұрығы,
Болса көңілің ішінде,
Адамшылық жемісі
Өсер көктеп ісіңде.
Махаббатсыз есіліп,
Жүрегіңе қонбайды.
Жолдас етіп шешіліп,
Не жарисың мұндайды.
Ақын бұл өлең жолдарында Алланың ақ жолына түскен адам адамшылықтан шықпайтындығына меңзейді. Ғұмар Қараш махаббатты адам басындағы нашар қылықтардан арылатын күш екеніне сенген. Алла шындық деп ұққан, ал осы шындықты халыққа жеткізуші пайғамбардың тұлғалық болмысындағы даралықты, даналықты жоққа шығармайды.
Ғұмар Қараш – мерзімді баспасөз беттерінде халқының көкейкесті мәселелері жайлы үзбей жазған қаламгер. Мақалаларында көтерген мәселелері де сан түрлі болып келеді.
Қаламгер Бұ қай заман? атты мақаласында ғылым мен өнерді тереңірек түсіндіруді мақсат етеді. Ақын бірнеше дүниелік пәндерді атай келіп: Бұл пәндерді оқудағы мақсат – оларда баян етілген қағидалардың мағынасын біліп, қолданып, адам баласына түрлі жақтардан пайда келтіру болады – дейді, — Бұларды арабша оқып біл, фарсыша оқып біл, түрікше оқып біл, ия болмаса французша оқып біл – бәрібір тек мағынасын жақсы біл де, халыққа пайда келтір — дейді. Демек, Ғұмар Қараш білім, ғылымды қай тілде болмасын меңгеріп, сол білімді халықтың пайдасы үшін қолданудың қаншалықты маңызды екенін түсіндіргісі келген.
Ойшылдың ерекше көңіл бөліп, толғаған мәселесі – ұлт және ана тілі. Ол патша өкіметінің қол астындағы ұлттардың мәдениетін, тілін, дінін, әдет-ғұрпын жойуға бағытталған саяси әрекеттерін ашына айтады.
Ғ. Қараш: Тіл болмаса ұлт болмайды. Яғни, ол ұлт жоғалған ұлт болады. Ең әуелі ана тілі керек. Егер ана тілін білмесең, онда сен сол ұлттың баласы емессің. Ана тілін білмей тұрып, ұлт білімін ала алмайсың. Ұлт білімі болмаса, онда әдебиеттің болмайтындығы өзінен өзі белгілі. Әдебиеті жоқ ұлттың өнері де өркен жаймайды. Білім-өнері болмаған ұлттың ұлт емес екендігіне дәлел. Осы сөздерден кейін Ғ. Қараштың өз ұлтын, тілін, дінін қаншалықты құрметтегені айтпаса да түсінікті [2, 21б.].
Ақынның шығармашылығына тереңірек үңіліп қарайтын болсақ, оның сол кездегі әртүрлі тақырыптағы маңызды мәселелерді көтергенін көреміз.
Сонымен, Ғұмар Қараш – көрнекті ақын, халқын өнер мен білімге, берекелі ел болуға шақырған ағартушы, дін-шариғат, имандылық жолын берік ұстанған ғұлама ақын, өз заманындағы көкейкесті мәселелерді баспасөз беттеріне үзбей жариялаған қаламгер. Бұл сөзімізге Ғұмар Қараштың өмір жолы мен артында қалдырған еңбектері дәлел бола алады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Таирова Б. Л. Ғұмар Қараштың философиялық көзқарасы // Алматы, 2007.
2.Қараш Ғ. Замана. Алматы: Ғылым, 1994.
3.М. Тәжімұраттегі. Біз білмейтін Ғұмар Қараш // Ана тілі. 1991. 18 сәуір
4. Созақбаев С. Ағартушы ақын – Ғұмар Қарашев //Жұлдыз,1993. №4.
5. Ысмайылов Е. Омар қарашев // Алматы ақшамы,1990ж,30 қаңтар.
Түйін
Автор халқына өнер, білім мен ғылымды қай тілде болмасын үйреніп, елінің пайдасына қызмет етуді үндейді. Ғ. Қараштың мынадай керемет сөзі бар: Тіл болмаса ұлт болмайды. Яғни, ол ұлт жоғалған ұлт болады. Ең әуелі ана тілі керек. Егер ана тілін білмесең, онда сен сол ұлттың баласы емессің. Ана тілін білмей тұрып, ұлт білімін ала алмайсың. Ұлт білімі болмаса, онда әдебиеттің болмайтындығы өзінен өзі белгілі. Әдебиеті жоқ ұлттың өнері де өркен жаймайды. Білім-өнері болмаған ұлттың ұлт емес екендігіне дәлел — дейді. Өз ұлтының ана тілін, мәдениетін, әдет-ғұрпын ұмытпай сақтай отырып, мақтан еткенін қалайды. Өзге елдермен терезесі тең болып, өз билігі өзіндегі ел болғанын аңсайды.
Summary
The author encourages the nation to get an education in any language and serve for the benefit of the country. G. Karash has meaningful saying such as : “If there is no language, there is no a nation. Thus this nation is a lost nation. The most essential thing is to have a mother tongue. If you do not know your mother tongue, you cannot be the member of that nation. If you do not know your mother tongue, you cannot get the national education. If there is no national education, it is obvious that literature will not exist as well. The nation without education and arts is not a nation”. He suggests that people should value their customs and traditions and be proud of them. His only desire is to see the prosperity and independence of his country.
zet
Yazar milletini istediği dilde eğitim alarak lke yararına hizmet etmeye teşvik eder. Ğ. Karaş’ın şyle anlamlı sz vardır: ‘Dil yoksa millet yoktur. Byle bir millet kayıp millettir. Evvela anadiline sahip olmak gerekir. Eğer anadilinizi bilmiyorsanız, o milletin ferdi sayılmazsınız. Eğer anadilinizi bilmiyorsanız, milli zbilime (kltre) sahip olamazsınız. Milli zbilim yoksa milli edebiyatın olmayacağı aıktır. Edebiyat yoksa sanat da yoktur. Kendine zg kkl kltr ve sanatı olmayan toplum millet değildir’. Yazar milletinin anadiline, kltrne, rf ve adetlerine sahip ıkmasını ve gurur duyması gerektiğini ifade eder. Onun tek arzusu lkesinin refah ve bağımsızlığıdır.
Сүлейман Демирел атындағы университетінің филология факультетінің магистранты Текесбаева Қарлығаш Нақысбекқызының Ғұмар Қараштың шығармашылық қырлары атты мақаласына
Пікір
Аталған мақалада ізденуші Ғұмар Қараш ақынның шығармашылық қырлары мен шығармашылығына тоқтала келе, оның мұрасының зерттелу жайын сөз етеді.
Мақала жазу барысында Қ. Текесбаева бірнеше ғылыми-зерттеу еңбектері, ғылыми зерттеулермен қатар баспасөз беттеріндегі материалдарды саралап, мақаласына сай қолдана білген. Мақаланы бастыруға болады деген ойдамын.
Пікір беруші: ғылыми жетекшісі,
ф.ғ.к. Керімбекова Б.Д.
Сүлейман Демирел атындағы университетінің филология факультетінің магистранты Текесбаева Қарлығаш Нақысбекқызының Ғұмар Қараштың шығармашылық қырлары атты мақаласына
П І К І Р
Мақалада ізденуші тақырыпқа сай Ғұмар Қарашұлының шығармашылық қырларына, поэтикалық әлеміне тоқталады. Ақынның әдеби мұрасымен таныстырып өтеді.
Мақала жазу барысында бірнеше әдебиеттерді тақырыпқа сай пайдалана білген. Сонымен қатар, ғылыми ізденіс пен қисындық тұжырымдарды ұштастыра білген, ғылыми әдіснаманың қағидалары сақталған. Сол себепті, мақаланы жариялауға болады деп санаймын.
ПІКІР БЕРУШІ:
Еркінбаев Ұлан,
филология ғ.к., доцент
МӘЛІМЕТ
АТЫ-ЖӨНІ: Текесбаева Карлыгаш Накысбековна
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ: жоқ
ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ: жоқ
ЖҰМЫС ОРЫНЫ: үй шаруасында
МЕКЕН-ЖАЙЫ: ОҚО, Ордабасы ауданы, Шұбар ауылы, Ерубаев көш. № 8 үй
ҮЙ ТЕЛЕФОНЫ: 8(725) 3043271
ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫС: 87019049025, 87776187167
Е-MAIL: karligash1986@mail.ru
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.