Алматылықтарды тауға шықпауға шақырды — Ел жаңалықтары

0

Алматылық құтқарушылар қала тұрғындары мен қонақтарын тауға шығудан бас тартуға шақырды, себебі айтарлықтай қар көшкіні болуы мүмкін екен, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ТЖД баспасөз қызметінің өкілдерініе сілтеме жасап. 

Хабарламада Алматы тауларында 5 қаңтарға дейін қар көшкіні жүру ықтималдылығы сақталатыны туралы айтылған. 

«Таулы аймаққа жауған қар мен әлі де қар жауатыны ескеріліп, қаңтардың 3-5 аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін! Қала тұрғындары мен қонақтарын тауға шықпауды сұраймыз», — деді Алматы ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері. 


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz