Ф.Фребель материалдарымен өткізілетін ойын сабақтарының тиімділігі

0
1 бет

“Ф.Фребель материалдарымен өткізілетін ойын сабақтарының тиімділігі”

2 бет

Ф.Фребель материалдары дегеніміз не?
Фребель материалдары- бұл мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту жүйесіндегі маңызды құралдардың бірі болып табылады. Балалармен ойналатын ойындарға пайдалану барысында математиканың ғана емес, сонымен бірге логикалық операциялар сияқты негізгі ұғымдарын модельдеуге, оз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік береді.

3 бет

Ф.Фребель дегеніміз кім?
Неміс педагогы, теоретик және мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиенің негізін салушы Фридрих Фребель Орталық Германияның орман Тюрингиясында 1782 жылы дүниеге келген. Балалар бақшасын құру идеясы осы Фребельге тиесілі.

4 бет

Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі инновациялық техналогиялардың маңызы оте зор
Кез-келген технологияның маңызы:МАҚСАТЫ ҚҰРАЛДАРҚОЛДАНУ ЕРЕЖЕСІНӘТИЖЕИнновациялық технологиялар – тәрбиелеу мен оқытуға қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған заманауи әдістер мен ұтымды тәсілдердің, тәрбиелеу мен оқытудың дәстүрлі емес әдістерінің, жаңа оқыту құралдарының жүйесі.

5 бет

ФРИДРИХ ФРЕБЕЛЬДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
Ф.Фребельдің ойын материалдарын балалардың ішкі қажеттілігінің дамуына мүмкіндік беретін білім берудегі негізгі құрал деп есептеген. Фребель – тарихта балалар ойынының бағасын таныған білім беру саласындағы ең алғашқы адам болып табылады. Алғашқыда Фребель жасаған білім беру материалдарының бар-жоғы алты түрі болған. Кейінірек оның саны Фребельдің шәкірттерінің арқасында 20-ға дейін артты. Бүгінгі нарықта әдетте Фребельдің білім беру материалдарының сол білім беру функцияларына ұқсаған он төрт түрі кездседі.

6 бет

Фрэбель материалдарымен ойнау барысында дамытушылыққа бағыттай отырып негізгі 7 функцияны басшылыққа алады:
1. Балалардың шығармашылық дамуы;
2. Сандар тұжырымдамасын дамыту;
3. Баламалық тұжырымдаманы дамыту;
4. Логикалық қабілеттілікті дамыту;
5. Реттік тұжырымдамасын дамыту;
6. Пішін тұжырымдамасын дамыту;
7. Балалардың әлеуметтік және қатынас икемділіктерін дамыту.

7 бет

Фребельдің білім беру материалдарының білім беру функциялары
Балалар негізгі форманы түсінгеннен кейін, оларға симметрия қағидасы бойынша пішіндерді ерікті түрде қиыстыру идеясы ұсынылады

Балалар шығармашылығын дамыту

8 бет

Логикалық қабілетін дамыту
Кейбір балалардың пайымдау қабілеттілігі болмайды. Оның себебі педагогтар балалардың ой қорытуына мүмкіндік туғызбайды. Логикалық қабілеттілік пен қорытынды жасай білу дағдысын дамудың бастапқы сатысында жүзеге асыру керек. Фребель материалдары балалардың мұндай қабілеттілігін тәжірибе жүзінде дамытуға көмектеседі, мысалы, үшбұрышты 4 призмадан қанша текше құрастыруға болады.

9 бет

2-7 дейінгі жас аралығында балалардың іс-әрекет арқылы түсіну, яғни заттарға және материалдарға сүйеніп әрекет жасауды талап ететін даму сатысында болып табылады. Мысалы, балалардың бір текшенің екі үшбұрыштан жасалынуы мүмкін болса, үшбұрыштың қанша бағанасын екі текше шығуы мүмкін деп сұрай алады.

Сандар тұжырымдамасын дамыту

10 бет

Баламалық тұжырымдамасын дамыту
Затты сезінудегі ең маңызды нәрсе – бұл оның сипатын сыртқы көзге көрінетін өзгерістерсіз түсіну болып табылады. Фребельдің материалдары бұл тұжырымдаманы нақты іс-әрекет арқылы дамыта алады. Мысалы, төрт үшбұрышты екі үшбұрыштан тұратын тікбұрышқа айналдырып, олардың өлшемдерін салыстыр деген тапсырма берілсе, дұрыс жауап беретін болады.

11 бет

Материалдарды жәшіктерден шығарып, оларды қайта жинау арқылы балалар лайықты реттілікке үйренеді. Сондай-ақ, барлық пішіндерді демонстрациялау симметрия ережелеріне тоғысуын талап етеді.

Ережелер мен реттілік тұжырымдамасын дамыту

12 бет

Білім беру материалдарының екінші жинағы
Үшөлшемді пішіндер(2-6 жастағы балаларға арналған)Материалдар: шар, текше, цилиндр. Әрбір пішінде тесік бар. Оларда ұстағыш, ілмек, заттарды айналдыруға мүмкіндік беретін ағаштан жасалған діңгек барОйын түрлері: “Бұл не?”, “Айналу және өзгеру”, “Түрі өзгерген заттар”

13 бет

Білім беру материалдарының үшінші жинағы
Текше(3-6 жасқа арналған)Материалдары: Қырлары ұзындығы 3см. 8 текшеге бөлінген, қырларының ұзындығы 6см. текше, призмаларОйын түрлері: “Симметриялық қосылыстар”, “Ғимарат”, “Мұнара”, “Үлгі бойынша жаса”,

14 бет

Білім беру материалдарының төртінші жинағы

Жазықтық пішіндер(3-6 жастағы балаларға арналған)Материалдары: Жазықтықтар кез келген затты құрастырудағы негізгі элементтер. Шаршылар, үшбұрыштар, доғалар, дөңгелектер.Ойын түрлері: “Тізбектер”, “Гүл”, “Пазл” т.б.

15 бет

Білім беру материалдарының бесінші жинағы
Таяқшалар(3-6 жастағы балаларға арналған)Материалдар: Ұзындықтары 3см., 6см., 9см., 12см. Және 15см. түрлі-түсті ағаш таяқшалар.Ойын түрлері: “Сиқырлы таяқшалар”, “Түрлі-түсті таяқшаларды орналастыру”, “Жалаулар” т.б.

16 бет

Ф.Фребель материалдарын ойын барысында пайдалану
Ойындардың мақсатыБерілген ойындардың барлығы тілді, психикалық процестерді және көзбен көру есін дамытуға арналған.Логикалық есептерді шығаруға, ойлау дағдыларын және әртүрлі ептіліктерді қалыптастырады

17 бет

Доғалар(3-6 жастағы балаларға арналған)Материалдар: Диаметрі 6см. және 3см. дөңгелектер, димаметрі 4,5см. және 3см. жартыдөңгелектерОйын түрлері: “Дөңгелек”, “Сақиналар”, “Мен алмастыра аламын” т.б.
Білім беру материалдарының алтыншы жинағы

18 бет

Білім беру материалдарының жетінші жинағы
Нүктелер(3-6 жастағы балаларға арналған)Материалдар: нүктелер (дөңгелек фишкалар). Кез келген пішінді құрастыруға арналған материалдар (диаметрі 1см.)Ойын түрлері: “Кішкентай нүктелер”, “Санды поезд”, “Әріптер”, “Біз жаратамыз” т.б.

19 бет

Білім беру материалдарының сегізінші жинағы
Текшелер және цилиндрлер(4-6 жастағы балаларға арналған)Қырлары 3см. 12 текше, үшқырлы 12призма, биіктіктері 6см. 2цилиндр және 8 жартыцилиндр.

20 бет

Білім беру материалдарының бірінші жинағы
Түрлі- түсті доптар(15-36 АЙҒА ДЕЙІН)Жүн жіптен тоқылған диаметрі 6см. доптар. Түстері әртүрлі: қызыл, сары, жасыл, көк, көгілдір, ақ, күлгін, қараОйын түрлері: “Мына доп және мына доптар”, “Доптар үйіне кетіп барады”, “Біреу және көп”, “Саны бірдей ме?”, “Сәйкес түстер”, “Секіргіш доптар”

21 бет

Білім беру материалдарының тоғызыншы жинағы

Сфера, цилиндр, призма(3-6 жастағы балаларға арналған)Материалдар: түрлі-түсті шариктер, жартыцилиндрлер, үшқырлы призмалар.Ойын түрлері: “Түрлі-түсті жәндіктер”, “Пішіндерді іріктеу”, “Алқа”, “Саябақ”

22 бет

Білім беру материалдарының оныншы жинағы
Тақта(4-6 жастағы балаларға арналған)Тесіктері (100) бар тақта, ағаштан жасалған бүркеншекті шегелер (бұрандамалар) және баулар.Ойын түрлері: “Баулар және шегелер”, “Жіп арқанмен сурет саламыз”, “Түрлі-түсті шегелер”

23 бет

Балалар текше және ромб пішіндерімен танысқаннан кейін, олар үшін бір-біріне айнала беретін пішіндерді ұғыну жеңіл болады. Мысалы, 2 шаршыдан тік бұрыш құрастыруға болады, сондай-ақ, ауданның және жалпы өлшемі қандай екендігін түсіну оңай болады.

Пішін тұжырымдамасын түсіну

24 бет

Педагогтың басшылығымен зерттеу
Ф.Фребельдің материалдары балаларды нақты геометриялық пішіндермен айлалы әрекеттер жасай отырып абстракты математикалық тұжырымдамаларды қабылдауына көмектеседі.Мақсаты: Ф.Фребельдің материалдарымен таныстыру. Топта материалдармен бірігіп жұмыс жасау қағидаларын мазмұндау. Бір-бірін тыңдай білуге және бір-бірін үйренуге үйрету.Өткізу әдістемесі:1. Педагог материалдары бар жәшіктегі не бар екенін сұрайды2. Заттар туралы сұрақтар қоюға балаларды шақыру3. Заттарды атап болған соң оймен болжау ойынын жалғастыру.4. Әрбір баланың пікірін, ойын тыңдау немесе бағалау парақтарына жазып отыру.5. Ойын барысында жаңа сөздер мен ұғымдарды еңгізу6. Бұл материалдарды пайдалану мүмкіндіктері туралы сұрақтар қою

25 бет

Балаларға бөлік пен бүтінді, жеке және өзара әрекетті түсінуіне көмектеседі және балаларға өздері өмір сүріп отырған қоғамды олардың есею шамасына қарай түсіну мүмкіндігін береді.

Балалардың әлеуметтік және қатынас икемділіктерін дамыту

26 бет

Балалар жұмыс жасаудағы педагогтың қызметі

Педагог әртүрлі материалдар ұсынып, оларға қоршаған ортамен өзара әрекетінің шектеусіз мүмкіндіктерін беретін жағдай туғызады.Педагог балалардың материалдармен жұмыс жасауын мұқият бақылайды.Педагог балалардың әрбір жас кезеңіндегі әдеттегі дамуын және әрбір баланың жеке ерекшеліктерін білуі керек.Педагог балаларға өздерінің жасап жатқан нәрселері туралы ойлап алуына уақыт береді. Педагог балалармен бірге барлық жасалған қорытындыларды және нәтижелерді талқылайды.Педагог балаларға қате немесе анық емес ақпарат бермейді, білмегенін мойындай білуге үйренуі керектігін жеткізеді.Педагог балалармен қарым-қатынас жасайды әрі ойнайды.