Amazon «Аллаһ» сөзі бар төсеніштерді шығарғаны үшін дауға қалды

0

Электронды саудамен айналысатын орталығы Америкада орналасқан Amazon сайты «Аллаһ» сөзі және арабша аяттар жазылған моншаға арналған төсеніштерді шығарғаны үшін дауға қалды. Бұл жайында Анадолы ақпарат агенттігі хабарлады.

АҚШ мұсылмандары тарапынан келген наразылықтардың себебінен компания бұл төсеніштерді сатылымнан алып тастады. Бұл әрекетке АҚШ-тың көш бастап тұрған мұсылман қауымдастықтарының бірі болған Америка-Ислам қатынастары кеңесінің (CAIR) мәлімдемесінен кейін барған. Сондай-ақ, бұл төсеніштерге қарсы Change.org-та арнайы наразылық акциясы жүргізіліп,  73 мың қол жиналған.

Amazon-ның бұл әрекеті бірінші рет емес. Осыған дейін 2016 жылы да Англияда «Аллаһ» жазуы бар төсеніштерді сатылымға шығарып, халық тарапынан қатты сынған ұшыраған еді.








Дереккөз: http://kazislam.kz/