Ерлі-зайыптылардың бірге моншаға түсулері күнә емес пе?

Әссәләмуғалейкум! Мынаны білгім келеді: ерлі-зайыптылардың моншаға бірге түсулеріне бола ма?
Уағалейкум ассалам! Ерлі-зайыптылардың бірге моншаға түсулері күнә емес. Өйткені, Пайғамбарымыздың жұбайы Мәймүнә (р.а.) Алла елшісімен бірге жуынғандығын айтқан[1].
Тек мынаны ұмытпау керек: монша көбіне жын-шайтандардың мекен ететін орны болғандықтан, моншаға кірер кезде «Бисмилләһ» деп айтқан жақсы. «Бисмилләны» айту арқылы моншадағы адам мен жын-шайтан арасында бейне бір перде пайда болады. Осылайша, ұятты жерлерін олардың (жындардың) сұғынан қорғаған болады.
Әзіреті Әлиден келтірілген бір риуаятта Алла елшісі (ﷺ) былай деген:
«Адам баласы оңашаланған уағында («الخلاء» — яғни, әжетханаға яки моншаға кірер кезде) «Бисмилләһ» деп айтса, әурет жерін жындардың сұғынан қорғаған болады»[2].