Ер азаматтарға берілетін сыйлықтар түрі

0

«Бір-бірлеріңізге сыйлық сыйлаңыздар, сыйлық араларыңызды жақындастырады.»
Мұхаммед (с.ғ.с)

Ер –азаматтар бізге сыйлық сыйлағаны секілді, қыз-келіншектер де оларға сыйлық тарту етеді. Бір қарағанда ер-азаматтарға сыйлық алу оңай секілді болып көрінгенмен, таңдап кеп қалғанда кейде тығырыққа тірелетін кездер де болып қалады.
Сыйлық сыйлауды ойланғанда алдымен неден қашу керек?
Мұнда да бірінші үй жануарларынан, әсіресе мысық сыйлаудан. Ер адамдар үй жұмысын жақтыра бермейтіндіктен үй жануарларының жауапкершілігін мойнына алуға мүлде қарсы болуы мүмкін.
2-інші, жұмсақ ойыншықтардан. Ерекше сыйлық ретінде ұсынамын деп, өзін қыз секілді сезінген ер-азаматтың көңіл-күін бұзып, артық қыламын деп тыртық қылуыңыз да әбден мүмкін.
3-орын ақшаға беріледі. Ақша сыйға тартудың салдарынан ер –азаматтың беделін басып, ақшасы жоқ адам ретіндегі ниетіңізді білдірген жан ретінде қабылданасыз.
Сыйлық аларда қыз-келіншектерге таңдаған секілді жігіттің мінезі мен жұмысы, өмір суру салты ең бірінші назарда болады.
Галстук. Ең көп силанатын сыйлық болып саналады. Жұмыста жетістікке жетуін, көп жиындарда ерекше көзге түсіп мәртебелі болып жүргенін қаласаңыз галстук сыйға тартыңыз.
Әтір. Күнделікті өмірге етене сіңісіп кеткен әтірдің қазіргі кезде көптеген түрлері бар. Жас жігіттерге, егде жандарға, іскер жандарға, спортпен айналысатындарға әр қалай таңдауға әбден мүмкіндік бар. Әтір сыйлар болсаңыз адамның мінез ерекшелігі мен өмір салтына баса назар аударыңыз.
Кітап. Барлық ер-азаматтарға сыйлана бермейтін сыйлық түрі. Оқу-білімді жанына серік еткен жан бұл сыйлығыңызды өзіне жасаған жақсылық ретінде қабылдап, сол кітапты көргенде сізді есіне алып отырады. Кітап таңдағанда сол ер-азаматтың қандай саланы қызығып оқитынын біліп алыңыз.
Жейде. Көп жағдайда ерлі-зайыпты болған кезде сыйлауға болатын сыйлық жейде көп жағдайда аса қызықты сыйлық бола қоймайды. Киімге аса мән беріп, үнемі киім ауыстырып жүретін жан ғана жейдені сыйлық ретінде бағалай алады.
Сағат. Жұмыста табысты болғанынды тілеймін деген мағынаны білдіреді. Сағат көбіне жігерлі, белгілі бір қызметпен жүрген жандарға сыйланады.
Бет орамал. Ізгі ниетіңіз бен таза жүрегіңізді білдіреді.
Сақина. Азаматтың мінез-құлқына қара таңдап берілетін сыйлық. Алтын сақинаға қарағанда күміс сақина ер адамдарға лайықты деп есептелінеді.
Алқа. Жастарға көп сыйланатын сыйлық түрі. Қазіргі заманның сән үлгісіне айналған. Сәнмен киініп жүретін азаматтарға болмаса қарапайым өмірді сүйетін, мінезі қарапайым жандарға бұл сыйлықтың ұнай қоймасы анық, яғни, бұл сыйлықтың өз адамдары болады деген сөз.
Киім түрлері. Өзінің қызығып жүрген, қолы жетпей жүрген киім түрін білмесеңіз, бұл сыйлық түріне көп жақындамағаныңыз жөн.
Қаламсап сыйлау қызмет дәрежесі жоғары жандарға таптырмас сыйлық. Қазіргі кезде қаламның әр түрлі бағадағы көп таңдауы бар. Сапасы мен дизайны керемет қалам таңдаңыз да өз қызметін жақсы көріп бағалай білетін жанға сыйға тарта беріңіз.
Қызығатын спорт түріне қатысты заттар. Футболдың жанкүйері болса, футболка, доп немесе ұнататын командасы түскен сурет, футбол тарихы туралы кітаптар, не футбол тақырыбында шығарылатын журнал түбіртегін сыйлауға болады. Дəл осы секілді етіп, басқа спортқа қатысты сыйлық түрлері сыйлығыңызды ерекше етері анық. Бокс жанкүйеріне бокс қолғап, баскетбол болса, доп немесе атақты баскетбол ойыншыларының суреті, осы секілді сыйлықтар бірқатар сыйлықтар қатарында ерекшеленіп көрінері анық.
Әмиян. Қазіргі кезде ұлттық нақышта тігілген әдемі әмиян түрлері нарыққа шығарыла бастады. Таза былғарыдан тігілген, түр-түсі нағыз азаматқа лайықты етіп тігілген. Дизайн жағының өзі көптеген брендтермен бәсекелесе алады, әрі көптеген қалталары бар, ұстауға ыңғайлы көлемде. Бағасы да қол жетімді. Ұлтын сүйер азаматтарға таптырмас сыйлық түрі.
Белдік. Бренд белдік сыйлық иесіне әбден ұнауы мүмкін. Қазір ұлттық нақышта тігілген белдіктер де бар. Таза былғары, артық сәнделмеген, қарапайым түрін сапасы ашқан белдікті әрбір азамат бағалары анық.
Қару-жарақ немесе аң бейнеленген сувенирлік бұйымдар. Ер адам табиғатының бір өзгешелігі осында, олар қару-жараққа, аңға шығу, құс ату саятшылық өнеріне бейім тұрады. Осы сәтте қалауын тауып жатсаңыз, төріне іліп қоярдай сувенир түрін тауып, сыйға тартсаңыз болады.
Ең соңында өзім бұрын соңды кездестірмеген сыйлық түрін айтып кеткім келеді. Мұны жандандырып бизнес етем деушілерге де тың сала болары анық. Маңғыстау өңірінде көп таралған бұл сыйлық түрін 1 жыл бұрын достарымыздан алдық. Кәдімгі ру аты жазылған, сол рудың ұраны мен таңбасы қолдан жазылған картина. майлы бояумен кенепке салынған бұл сыйлық түрі ерекше болды.

Қалауын тапсаң қар жанады дейді халық мақалы. Сыйлық сыйламаң болған жанның өмірлік ұстанымы мен қажеттілігін айқындап алсаңыз, сыйлық сыйлап қуанышқа кенелту де оңай болар деп ойлаймын.