Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық бюросының басшысы Ханс Клюге

0

Коронавирустық індеттің екінші толқыны туралы ДДСҰ ескертті

Алдағы күзде еуропалық елдер коронавирустық індеттің жаңа толқынына тап болуы мүмкін, оған дайын болу керек. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық бюросының басшысы Ханс Клюге мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазір Еуропаның бірқатар елдерінде, соның ішінде Франция, Ұлыбритания және Италияда індет азая бастады, бірақ шектеулерді алып тастау асығыс шешім болуы мүмкін. Қазіргі уақытта елдерде «мерекеге емес, дайындалуға уақыт бар».
Коронавирустық індеттің екінші толқыны уақыт өте келе тұмау немесе қызылша сияқты басқа аурулардың өршуіне сәйкес келуімен қиындауы мүмкін, деді Клюге.
«Пандемия аяқталған жоқ, — деді ол, енді елдер денсаулық сақтау жүйесін нығайтып, ауруханалар мен алғашқы және қарқынды терапия бөлімшелеріндегі әлеуетті арттыру керек» — деп түсіндірді.

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ — Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты