Данэлия Төлешова «Junior Eurovision 2018» байқауында 6-орын алды

0

Данэлия Төлешова

Қазақстандық жас талантты әнші Данэлия Төлешова Минскіде өткен «Junior Eurovision 2018» халықаралық байқауында 6-орынға ие болды.

Жалпы нәтиже бойынша қазақстандық өнерпаз 171 бал жинады. Ал көрермендер дауыс беруі бойынша үздік үштікке енді.

2018 жылғы «Junior Eurovision 2018» Польша елінен келген жас әнші Роксана Вегель (215 бал) жеңімпаз атанды. Екінші орынды Франция елінен (203 бал),  үшінші орынды Аустралиядан келген өнерпаздар (201 бал) еншіледі.

12 жастағы Данэлия Төлешова сахнаға үшінші болып шықты, оның алдында Украина мен Португалия әншілері өнер көрсетті. Отандасымыз «Өзіңе сен» әнін қазақ және ағылшын тілдерінде орындады. Композицияны ресейлік белгілі режиссер Алексей Голубев дайындаған. Ол 2015 жылы «Евровидение» байқауында әнші Полина Гагаринамен жұмыс істеген маман. Оның қиялы бойынша экранда екі ғашықтың оқиғасы көрсетілді. Ал Данэлия сахнаға ақ көйлек киіп, жалаң аяқ шықты.

«Балалар Евровидениесі-2018» халықаралық байқауына 20 елдің өнерпазы қатысты. Бұл 2003 жылдан бергі байқау тарихындағы рекордтық көрсеткіш.

Қазақстан бұл байқауға тұңғыш рет қатысты. Данэлия Төлешова 2015 жылы «Новая Волна» байқауына қатысып, осыдан кейін «Голос. Дети» шоуында жеңіске жеткен.