Данияр Елеусінов Монакода никарагуалық боксшымен жұдырықтасады

0
93

Данияр Елеусінов Монакода никарагуалық боксшымен жұдырықтасады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов 24 қараша күні Монакода никарагуалық боксшы Маркос Мохикомен (16-2-2, 12 КО) жұдырықтасады.

Данияр кәсіпқой бокстағы төрт жекпе-жегінде де жеңіске жетті. Ал 33 жастағы қарсыласы осыған дейін 20 жекпе-жек өткізген. Оның 16-да жеңіске жеткен. Тіпті бір қарсыласымен 5 рет кездесіп, барлығында жеңіске жеткен. 2 рет жеңіліп, 2 рет жеңілістің кермек дәмін татқан.

Маркос Мохико барлық жекпе-жегін өз елінде өткізген. Алғаш рет өзге елде жекпе-жекке шығады.

Монакодағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде ресейлік Денис Лебедев (31-2, 23 КО) пен америкалық Майк Уилсон (19-0, 8 КО) қолғап түйістіреді.