Жұмыс орындарының жарықталынуы | Скачать Материал

0
331

Жұмыс орындарының жарықталынуы

Өндірістік жарықтандыру, талаптары және есептеудің тәсілдері. Жалпы айтқанда адам ақпаратты көзі арқылы 80-90% алады. Алған ақпараттың сапасы әсіресе жарықталуынан байланысты – жеткіліксіз жарықталу болған кезде тек көзі ғана шаршамай, ағзасы толығымен шаршайды. Қалыпсыз жарықталуда нашар жарықтандырылған қауіпті аумақтар, жарық көздерінен және олардың сәулелерінен зақымданулар пайда болады, олардың айқын көлеңкелері жұмысшылардың көруін нашарлатады да бағдарын толығымен жояды, еңбек өнімділігі төмендейді де өнімнің брактары көбейеді. Өндірістік кәсіпорындарды жарықтандыру табиғи, жасанды және аралас болуы мүмкін.
Табиғи жарықтандыру терезе (бүйірлік жарықталу), жарық шамдары (жоғарғы) арқылы немесе құрамды (терезе және шам арқылы бір уақытта) іске асырылады. Табиғи жарықтандыруды нормалау табиғи жарықтандыру коэффициенті (ТЖК) арқылы іске асырылады, ол мына формула бойынша анықталады
КЕО = (2.1)
мұнда Ев – бөлменің ішіндегі нүктелердің жарықталуы, лк;
Ен – аспанның шашыраған жарығымен көлденең бетінің біруақыттық сыртқы жарықталуы (тура күн сәулелерін ескермегенде), лк.
Барлық ТМД өңірі табиғи жарықтандыру коэффициенті (ТЖК) шамасынан байланысты бес сәулелік поясы болады. Үшінші поястың ТЖК базалық болып қабылданады, ал ТЖК қалған поястары мына формула бойынша есептелінеді

КЕО = КЕО mc (2.2)
мұнда m және c – жарықты және күн климатына сәйкес коэффициенттері.
Табиғи жарықталуы ретінде бірқалыптылығымен бағаланады, сонымен бірқалыпсыздығы бүйірлік және табиғи жарықталуы бар бөлмелерде 3:1 (максималды ТЖК-ның минималды ТЖК-ға қатынасы) кем болмау керек. Жасанды жарықтандыру тәуліктің түнгі уақытында жеткіліксіз жарықталуы болған кезде пайдаланылады және олар қызметтік тағайыны бойынша жұмыстық, кезекші, апаттық, эвакуациялық және күзетшілікке бөлінеді. Жұмыстық жарықтандыру адамның қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайларды жасайды. Апаттық жарықтандыру жұмыстық жарық сөнген кезде іске қосылады. Апаттық жарықталудың шамдары жеке көзден қосылады және жұмыстық жарықтан 5% кем жарықты қамтамасыз етеді, бірақ бөлменің жұмыстық бетінде 2 лк кем емес және кәсіпорынның территориясында 1лк жарықты қамтамасыз етеді. Эвакуациялық жарықтандыру қауіп пайда болған кезде бөлмелерден халықты шығару үшін іске қосылады. Ол 50 адамнан астам жұмыс істейтін бөлмелерде, сондай-ақ қоғамдық ғимараттарда және, егер бір уақытта 100-ден астам адам жұмыс істейтін өндірістік кәсіпорындарда орнатылады. Бөлмелердің жарықталуы 0,5 лк, сыртында – 0,2 лк болу керек. Күзетшілік жарықтандыру күзетілетін өңірлер шекараларының бойында қарастырылады және 0,5 лк жарықты қамтамасыз ету керек.
Жарық көздерінің орналасқаны бойынша жасанды жарықтанулар: жалпы, жергілікті және құрамаға бөлінеді. Жалпы жарықтануда шамдарды жұмыс орындарына біқалыпты жарық беру үшін жоғарыда орналастырады. Жергілікті жарықтануда жарық ағыны жұмыс орындарына тікелей шоғырланады. Осы жағдайда жұмыс орны мен қоршаған кеңістік жарықтануының күрт айырмашылығы болады, жұмыстың жағымсыз жағдайлары құрылады, зақымдану қауіпі өседі. Бір жергілікті жарықтандыруды пайдалану тек кезеңдік жұмыста пайдаланылады. Құрама жарықталуда жалпы жарықтандыруға жергілікті жарықтандыру қосылады.
Жасанды жарықтануда жарық көзі ретінде шоқтану шамы мен газоразрядтық шамдарды пайдаланады. Жарық көзінің негізгі сипаттамалары: қайтарымы және қызмет мерзімі болып табылады.
Шоқтану шамын әзірлеген кезде қарапайым болады, пайдалануда сенімді, бірақ жарық қайтарымы аз (20 лмВт аспай) және көк пен күлгінкөк түстері жеткіліксіз болған кезде түс айырымын қиындатады да сары және қызыл түстерінің жайсыз спектралдық құрамы болады.
Газоразрядтық шамдардың ұзақ қызметтік мерзімі (10 000 сағат), үлкен жарық қайтарымы (750 лмВт), жарықталатын бетінің аз жарықтылығы, жарықтың жақсы спектралдық құрамы болады. Олардың кемшіліктері: шамның екпінділігі жоқ болғандықтан жарық ағынының лүпілі, төмен температурада және төмен кернеуде тұрақсыз жұмысы, іске қосудың күрделі сұлбасы. Жарық ағынының лүпілі жабдықтың айналып тұрған бөлігін қозғалыссыз немесе қозғалыссыз тұрғандарды айналғандай көрсететін стробоскопиялық құбылысын шақырады.
Жарық көзі (шамның) жарықтандыратын арматурамен бірге шамдалыны құрайды. Шамдалы шамның бекітілуін, соған электрлік энергияның берілуін, ластанудан және механикалық бұзылулардан сақталуын қамтамасыз етеді. Жұмыстық орындарын жарықтандыру параметрлерін таңдау жасалатын … жалғасы