Чемпиондар лигасы жеребесі. Роналду Мадридке оралады

0

Чемпиондар лигасы жеребесі. Роналду Мадридке оралады

Футболдан Еуропаның басты бәсекесі саналатын Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды. Швейцарияның Ньон қаласында өткен салтанатты шарада 1/8 финалда кездесетін командалар белгілі болды.

Жеребе қорытындысы бойынша «Манчестер Юнайтед» – ПСЖ, «Ливерпуль» – «Бавария», «Атлетико Мадрид» пен «Ювентус» клубтары арасындағы ойындар тартысты болары сөзсіз.

1/8 финалда кездесетін командалар:

«Шальке» (Германия) – «Манчестер Сити»  (Англия)
«Атлетико» (Испания) – «Ювентус» (Италия)
«Манчестер Юнайтед» (Англия) – ПСЖ (Франция)
«Тоттенхэм» (Англия) – «Боруссия д» (Германия)
«Лион» (Франция) – «Барселона» (Испания)
«Рома» (Италия) – «Порту» (Португалия)
«Аякс» (Нидерланд) – «Реал Мадрид» (Испания)
«Ливерпуль» (Англия) – «Бавария» (Германия)

Плей-офф кезеңіндегі алғашқы ойындары 12/13 және 19/20 ақпанда, қарымта ойындар 5/6 және 12/13 наурызда өтеді.


Дереккөз: https://massaget.kz/