Шымкентте полицейлер балконнан секірмек болған әйелді құтқарып қалды

0
Шымкентте полицейлер балконнан секірмек болған әйелді құтқарып қалды


Шымкент қаласының полицейлері өзіне қол жұмсамақ болған әйелді аман алып қалды.

Желтоқсанның 20-нан 21-не қараған түні Тоқаев көшесіндегі көпқабатты үйдің үшінші қабатындағы балконынан 1978 жылғы әйел секірмекші болған. Оқиға орнына 750 автокөлік экипажы келді, бір минуттан кейін аға лейтенант Қанат Бұсахановтың (взвод командирінің) басшылығымен құтқару операциясы басталды.

Операцияға сержант Абдулдаев Сержан және Ақманбетов Мұратбек қатысты. Полицейлердің біреуі әйел адамды сөзге айналдырып, секірмеуге көндіріп жатқанында, қалған екі полицей есікті сындырып, пәтерге кіріп, өзіне қол жұмсауға ниеттенген әйелді ішке кіргізіп алған.