Бұрқылдап шығып жатқан жақсылықтың, Жаңа жыл қайнар бұлақ көзі болсын.

0

«ЕСКІ ЖЫЛ» алып қал!— деп ауырлықты,
Тілейік «ЖАҢА ЖЫЛ»- дан жақсылықты!
Жаңа жыл алып келсін бәрімізге:
Алдымен бірінші боп денсаулықты!

Содан соң бірлік, тату, тәттілікті!
Қайғысыз жақсы іс пен сәттілікті!
Бұрқылдап шығып жатқан жақсылықтың,
Жаңа жыл қайнар бұлақ көзі болсын.

Көрсетпей ешбір бетін жамандықтың,
Ұялап әрбір үйге бақыт қонсын!
Ел тыныш, бала — шаға аман болып,
Дос — жаран, ағайынмен орта толсын!
Қуаныш әкелетін әрбір жанға,»НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ» ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!!!