Бүгін – Дулат Исабековтің туған күні

0

Бүгін – Дулат Исабековтің туған күні

Бүгін – көрнекті жазушы, драматург, киносценарист, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабековтің туған күні. 

Дулат Исабеков 1942 жылы 20 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында туған. Мектеп бітірген соң Ташкенттегі институтқа екі жыл тапсырып түсе алмайды. Содан соң Арыс ауданында екі жыл монтер болып жұмыс істейді. 1961 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі де, оны 1966 жылы тамамдайды. 

Дулат Исабеков: «ХХІ ғасырдағы әдебиеттің міндеті — адамзатты тәрбиелеу емес, ойландыру»

Өмір жолынан деректер 

•1967-68 жылдары. Қазақстан Республикасы Телевизия және радио хабарын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетте аға редактор; 
1968 -70 жылдары. Қазақ Совет энциклопедиясы бас редакциясында аға ғылыми редактор; 
1971-76 жылдары. «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі; 
1976-80 жылдары. «Жалын» баспасында редакция меңгерушісі; 
1980-88 жылдары. Қазақстан Республикасы Мәдениет министр репертуарлық-редакциялық коллегияның бас редакторы; 
1988-97 жылдары. Қазақ теледидарының бас редакторы, «Жазушы» баспасының директоры, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы; 
1997 жылдан Қазақстан Республикасы Мәдениеттану ғылым зерттеу институтының директоры, «Мәдениет» журналының бас редакторы.

Шығармалары 

Алғашқы әңгімесі «Жолда», «Замандастар» атты жинақта 1963 жылы жарияланды. Кейін «Бекет» (1966), «Ащы бал» (1969), «Мазасыз күндер», (1970), «Қара шаңырақ» (1973), «Тіршілік» (1975) повестер мен әңгімелер жинақтары, «Қарғын» (1980) романы басылды. Таңдамалы повестері «Екі жиырма» (1983) деген атпен жарық көрді. Бірқатар шығармалары орыс тілінде аударылып, «Полынь» (1978), «Отчий дом» (1979), «Смятение» (1986), «Новоселье в старом доме» (1986) деген атпен басылды. Жекелеген туындылары венгр, неміс, поляк, чех тілдерінде жарияланды. 

Дулат Исабеков: «Романтика өлгеннен кейін, әдебиет те шала-жансар бола бастайды»

«Ректордың қабылдау күндері» (1975), «Әпке» (1977), «Ертеңді күту» (1979), «Мұрагерлер» (1982), «Алыстан келген ананас» (1984), «Кішкентай ауыл» (1986), «Анасын аңсаған қыз», «Ескерткіш операциясы», «Ескі үйдегі екі кездесу», «Бонапарттың үйленуі», «Мұңлық-Зарлық», «Амал мен айла» т.б. пьесалары республикалық, облыстық театр сахналарында қойылды. Таңдаулы пьесалар жинағы «Жеті желкен» деген атпен 1987 жылы жарық көрді. Жекелеген туындылары бойынша «Гауһар тас» (реж. Ш.Бейсембаев, 1975), «Дермене» (реж. А.Әшімов, 1986), «Тауқымет» (реж.Ұ.Қолдауова) көркем фильмдері түсірілді. Қазақстан Жазушылар одағының М.Әуезов атындағы сыйлығының (1985, «Мұрагерлер» пьесасы үшін), ҚР Мемлекеттік сыйлығының (1992), Халықаралық ПЕН клуб, Платиналы «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты (2006).


Дереккөз: https://massaget.kz/