Бүгін – Асқар Сүлейменовтің туған күні

0
176

Бүгін – Асқар Сүлейменовтің туған күні

Бүгін – жазушы, әдебиет сыншысы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асқар Сүлейменовтің өмірге келген күні. 

Асқар Сүлейменов ұлттық рухани жаңғыруға, ойдың, өнердің түлеуіне үлкен үлес қосқан санаткер тұлға. Өз кезеңінің рухани көшбастарларының бірі болған ол қай жерде қызмет етсін мейлі, қашанда ұлттық мүддені ту етті. «Қазақфильм» киностудиясында оның сценарийімен «Адамдар мен арғымақтар», «Құлагер» фильмдері түсірілді, ол «Қыз Жібек» фильмінің редакторы ретінде көп жұмыс тындырды, М.Әуезов театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі болып қызмет еткен жылдары ұлттық классиканың жаңаша интерпретациялануына үлес қосты.

Асқар Сүлейменов 1938 жылы 29 желтоқсан күні Шолаққорған елді мекені, Созақ ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тарих-филология факультетін және сол институттың аспирантурасын бітірген. «Жұлдыз» журналында, «Қазақфильм» киностудиясында, Қазақстан Жазушылар одағының аппаратында, М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрында, «Парасат» журналында қызмет істеген. 

Асқар Сүлейменовтің қызы Әсмәға жазған хаттарынан

1961 жылы алғашқы сын мақаласы “Жол басы” “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”) газетінде жарияланған.

Шығармалары:
“Бесін” (1970)
“Адасқақ” (1988)
“Бесатар” (1996) прозалық шығармалары
“Арғымақ пен шабандоз”
“Кек” (1978, 2002) драмалық жинағы
“Парасат падишасы” (1998)
“Болмыспен бетпе-бет” (2001) сыни-эстетикалық еңбектері, әдебиет пен өнер турасында жүзден астам мақалалары жарық көрген.

Жазушының 80 жылдығы

Биыл жазушының 80 жылдығы ел көлемінде аталып өтті. Атап айтар болсақ:

• 20 желтоқсан күні Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында жазушы, әдебиет сыншысы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асқар Сүлейменовтің 80 жылдық мерейтойына орай «Парасат Падишасы» атты еске алу кеші өтті.


Іс-шараға Мұрат Әуезов, Өмірзақ Айтбаев, Смағұл Елубай, Темірхан Тебегенов, Нүкетай Мышбаева, Қанат Төребай, Мәмбет Қойгелді, Әлия Бөпежанова, Досхан Жолжақсынов, Қаракөз Сүлейменова, Сатыбалды Нарымбетов және т.б. ақын-жазушылар, қоғам және мәдениет қайраткерлері қатысып, жазушының шығармашылығына қатысты жылы лебіздер айтып, естеліктерімен бөлісті.

• Түркістанда жазушының 80 жылдығына орай Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың Мәдениет орталығында «Қаратаудың төл перзенттері» атты еске алу іс-шарасы өтті.

• Асқар Сүлейменовтің туғанына 80 жыл толуына орай 23 желтоқсан күні Мұхтар Әуезов театрында сағат 17.00-де кеңейтілген баспасөз және көрермендер  конференциясы, 17.40-та «А.Сүлейменов және театр» көрмесінің ашылу, 18.30-да жазушының «Адасқақ» циклі бойынша сахналанған «Біржанның соңғы әні»  спектаклі қойылды.

• 24 желтоқсанда Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында жазушы, сыншы-драматург Асқар Сүлейменовке арналған салтанатты еске алу кеші өтті.


Дереккөз: https://massaget.kz/