Білім саласында — бірегей серпін |
Оқылды:
15
Сейсенбіде депутат Серғазы ӘДЕКЕНОВТІҢ төрағалығымен облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Облыстың басқармалар басшылары мен орынбасарлары, комиссия мүшелері, депутаттар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан комиссия отырысының күн тәртібінде 2019-2021 жылдарға арналған бюджет жобалары, облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 30 наурыздағы VIII сессиясындағы №161 «Қарағанды облысындағы орта және мектепке дейінгі білім беруді дамыту жағдайы мен мүмкіндіктері» шешімінің жүзеге асу барысы, облыстағы техникалық және кәсіптік білім берудің бүгінгі жағдайы және әрі қарай дамыту бойынша атқарылып жатқан шаралар, әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның 2019 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту мәселелері тілге тиек етілді.
Сөйтіп, жиын барысында алғашқы баяндаманы облыстың қаржы басқармасы басшысының орынбасары Людмила Башарина жасады. Оның айтуынша, облыстың білім басқармасының алдағы жылғы шығындарына 20 млрд. 950 млн. теңге көлемінде бюджет жобасы ұсынылған. Соның ішінде, ағымдағы шығындарға 19,6 млрд. теңге қарастырылса, капитал бағытындағы шығындарға 1,3 млрд. теңге бөлу жоспарлануда. Ал, аппарат қызметін қамту – 258,7 млн. теңгені құрап отыр. Облыстық бюджет есебінен облыстың білім басқармасының 102 білім беру мекемесі қаржыландырылады. Соның ішінде жекеменшік колледждер де бар. Сондай-ақ, Теміртау қаласындағы балалардың әлеуметті бөлімі шығыны да қамтылуда. Ол – 18 млрд. 140 млн. теңге. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін жүзеге асыру аясында 23,5 млн. теңге қарастырылған. Бұл қаражат жоғары білімі бар мамандарды даярлауға бағытталады. Аталған басқарманың бюджет жобасында ағымдағы мақсатты трансферттер де ескерілген. Оның 541,5 млн. теңгеге жетіп отыр. Мұндағы 403,6 млн. теңге цифрлы білім беру инфрақұрылымын құруға жұмсалса, қалған 137,9 млн. теңге Қарағанды қаласындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік білім беру тапсырысын өтеуге бағытталып отыр. Алдағы жылы да «Білім жылы» жобасын кезең-кезеңімен жүзеге асыру жұмысы жалғасады. Өңіріміздегі білім беру нысандарын кезең-кезеңімен жөндеуден өткізу және олардың материалдық-техникалық базасын жаңғырту жұмыстары да облыстық бюджет жоспарында бар. Сөйтіп, білім беру нысандарын кезең-кезеңмен жөндеуден өткізу және олардың материалдықтехникалық базасын жаңғырту жұмыстарына 2019 жылы облыстық бюджеттен 1 млрд. 986,1 млн. теңге бөлу көзделуде.
Баяндамашы облыстың білім басқарма сынан бөлек, өңіріміздегі өзге де 9 басқарманың бюджет жоспарымен таныстырды. Олардың қатарында облыстың жастар саясаты мәселелері жөнідегі басқармасы, облыстың денсаулық сақтау басқармасы, облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, облыстың мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстың тілдерді дамыту басқармасы, облыстың ішкі саясат басқармасы, облыстың дін істері басқармасы және облыстың еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы бар.
Өз кезегінде, комиссия мүшелері мен депутаттар басқарма басшылары мен орынбасарларына қаражатты игеру, оны дұрыс бағытта жұмсау, түрлі жобаларды жүзеге асыру кезіндегі оның маңыздылығын ескеру тұрғысынан түрлі сұрақтар қойып, бюджетті жоспарлауға қатысты ескертулер мен тілек-лебіздерін білдірді. Депутаттар көбіне-көп, облыстық басқармалар тарапынан атқарылатын түрлі шараларға назар аударды. Сөзден гөрі нақты іске көшуге, тиімсіз жобалардың жо лын кесуге шақырды. Қоғамды, тұрғындарды, соның ішінде, жастарды мазалайтын бүгінгі күннің аса маңызды мәселелеріне барынша зер салу қажеттігін алға тартты. Әр сала, әр басқарманың жұмыс бағытына қатысты отандастарымызды ойландырып, толғандырып жүрген түйткілді мәселелердің түйінін тарқатуға ден қою қажеттілігі айтылды. Берері шамалы жиындар мен басқосуларды азайтып, оның орнына жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесіне баса назар аудару маңызды лығына айрықша мән берілді.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе – облыстың білім беру саласына қатысты. Бұл ретте, облыстың білім басқармасының басшысы Есенғазы Иманғалиев баяндама жасап, өңіріміздің білім саласындағы бүгінгі жай-күйі, алдағы даму бағыты турасында сөз өрбітті. Оның айтуынша, өңірімізде мамандарды даярлау 70 колледжде жұргізіледі. Яғни, 46 мемлекеттік және 24 жекеменшік колледждер заман талабына сай маман даярлауда. Ауылдық елді мекендерде тағы 9 мемлекеттік колледж бар. Бұл білім ошақтарында бас-аяғы 40100 шәкірт тәлім алуда.
Аталған колледждердің 56%-ы техника және технология, ауыл шаруашылығы саласы бойынша білім берсе, 15%-ы сервис, экономика, басқару бағытында. 11%-ы – білім беру, 10%-ы – гуманитарлық сала және қалған 8%-ы – медицина мамандарын даярлайды.
Жалпы, 2018 жылы облыс колледждерін қаржыландыру көлемі 10 млрд. 341 млн. 158 мың теңгені құраса, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша қаржыландыру көлемі 552 млн. 023 мың теңгеге жеткен.
Өткен 3 жыл көлемінде аймақтардағы нарық сұранысына сәйкес, жаңадан 13 мамандық ашылды (2016 жылы – 3 мамандық, 2017 жылы – 6 мамандық және 2018 жылы – 4 мамандық). Яғни, наубайханалық, макарон және кондитерлік өндіріс, сүт өнімдері өндірісі, ет және ет өнімдері өндірісі, жеделсаты шаруашылығы және эскалаторлар, энергоаудит, домна пешіне қызмет көрсету және жөндеу, коксохимиялық өндіріс, қозғалысты басқару және әуе көлігін пайдалану, аяқ-киім ісі, баспа ісі, газбен қамтамасыз ету жабықтары мен жүйесін монтаждау және пайдалану, ақпараттық қауіпсіздік, микроэлектроника және мобильді құрылғылар.
Мемлекеттік білім тапсырысы негізінде 23069 адам (57,5%), ал, ақылы негізде 17 031 адам (42,5%) тәлім алады. Барлық жұмыскерлер мамандықтары бойынша оқыту тегін жүргізіледі. 2 колледжде «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» (41 адам) атты әлеуметтік жоба жүзеге асырылады.
«Тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасы аясында 2018-2019 оқу жылында жергілікті бюджеттен 7875 орын бөлінді. Сонымен қатар, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша тағы 700 орын қарастырылды. Мемлекеттік тапсырыс негізінде бөлінген 7875 орынның 3891-і (49,4%) орта буын мамандар мен қолданбалы бакалавриат мамандарын, ал, 3709- і (47,1%) жұмысшы кадрларды, 275-і (3,5%) медицина мамандарын даярлауға бақытталған.
2018 жылы күндізгі бөлім түлектерінің саны 9800 адамды құраса, соның 5825-і мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алғандар еді. Сөйтіп, күндізгі бөлім түлектерінің 79%-ы (7742 адам) жұмыспен қамтылып, 8%-ы (784 адам) оқуын жалғастырды. Қарулы күштер қатарына 3%-ы (294 адам) алынып, ҚР аумағына тыс кеткендер 0,8%- ды (78 адам) құрады. Бұл ретте, 5%-ы (490 адам) жүктілік демалысына шыққанын да атап өту қажет. Ал, осы күні 412 адам (4,2%) жұмыспен қамтылу кезегін күтуде. Жалпы, жұмыс істейтін және жұмыспен қамтылған колледж түлектерінің үлесі 95,8%-ды құрап отыр.
Колледждер мәліметі бойынша, 2017-2018 оқу жылдарындағы жасалған келісім-шарттар аясында 11795 студентке еңбек тәжірибесінен өту үшін жұмыс орындары ұсынылған. Ал, 2018-2019 оқу жылында облыс колледждері әлеуметтік серіктес кәсіпорындар да еңбек тәжірибесінен өтуге мүмкіндік беретін 2244 келісім-шарт (2016-2017 оқу жылында – 2155, 2017- 2018 оқу жылында – 2200) жасасқан. Ішінара жұмысқа орналасу мүмкіндіктері де қарастырылды.
Қазіргі уақытта 38 мамандық бойынша 17 колледж аккредиттеуден өтсе, тағы 4 колледждің 6 мамандық бойынша аккредиттеуден өтуі бойынша жұмыс жасалуда. 2 колледж қолданбалы бакалавриат енгізіп, жоғары колледж атанды. Тағы да 3 колледж осы атақты иелену бойынша еңбек етуде.
Техникалық және кәсіптік білім жүйесіндегі педагогтер саны 3387 адамды құрайды. Оның 491-і өндірістік білім беру шеберлері (14,5%). Педагогтердің жалпы санының штаттық қызметкерлер үлесі – 74%. Жоғары және бірінші категориялы дәрежелері бар оқытушылар үлесі – 48%. Яғни, лицензия талаптарына сай келеді деген сөз.
Рауан ҚАБИДОЛДИН,
«Орталық Қазақстан»