Бетті жұмсартуға арналған қоспа

0
Кез келген ару бетінің жібектей жұмсақ болғанын қалайды. Алайда ауа райына, терінің типі мен тамақтануға байланысты бетіміз майланып не құрғап кетеді. Бұл мәселені шешу үшін қанттан жасалатын скрабты қолданған жөн.

✔ Скрабты дайындау жолы:

✔ 1 стақан құрақ қанты мен жарты стақан кокос не миндаль майымен араластырыңыз. Бұл қоспаға қалауыңызша эфир майын қосуға болады.

✔ Дайын болған скрабты ылғалды теріге жағып, сумен жуып тастау керек. Гель не сабынмен жуудың қажеті жоқ.

✔ Қанттан жасалатын скраб басқа әдістерге қарағанда жұмсағырақ болып келеді. Ол бетті тек тазартып қана қоймай, оны ылғалдандырады. Егер бетіңіз құрғақ немесе нәзік болса, осы скрабты пайдалануыңызға болады.

✔ Әдетте қанттан жасалатын маскаларға эфир майларын, жеміс қышқылын, кофе не какао қосып, дайындауға болады. Ал қоспаға жаңғақ майын қоссаңыз, бетіңізді жұмсарады.

✔ Аптасына бір-екі рет қайталап жасасаңыз беттің құрғақтығы мен қабыршақтануының алдын алады. Алайда қант скрабын жиі қолданбау керек, себебі бет жаңаруға «үлгермеуі» мүмкін.