«Тапқыр достар» Интеллектуалды ойын -жарыс

0









«Тапқыр достар» Интеллектуалды ойын -жарыс

Автор: Гимранова Райгуль Гафуровна

Бағыты: Басқа Бөлімі: Ойындар, Сценарийлер Сыныбы: Басқа

Жарияланған уақыты: 2019-02-04


Материал туралы қысқаша түсінік

Интеллектуалды ойын -жарыс «Тапқыр достар»




Тақырыбы: «Тапқыр достар» (Интеллектуалды ойын – жарыс)Мақсаты: Оқушылардың білімдерін жан-жақты болуға, өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға бейімдеу. Жарыста жеңімпаз болуыға умтылуын дамыту. Дарынды, озық болуға тәрбиелеу.Түрі: ашық тәрбие сағаты.Көрнекілігі: Тәуелсіздікке байланысты суреттер, слайдІ. Кіріспе сөз. Армысыздар, оқушылар, ұстаздар!Қазір сіздер осы уақытқа дейін алған білімдерімізді көрсететін ән – жырмен келген «Тапқыр достар» атты интеллектуалды ойын – жарысымызды тамашалайсыздар.Уа,халайық ,халайықБәріне жар салайық,бүгінгі кеш төрінде Жұмбақ шешіп андысып,Шабыт тасып шалқысыпКөнілді кеш жасайық! – деп алған білім, өлен –жыр, жұмбақ, мақал мәтелмен өрнектеп, барымызды ортаға салайық. Санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.Оқушылар екі топқа бөлінеді:«Өнерлер» тобы«Тапқырлар» тобыҰранымен таныстырады

  • «Өнерлер» тобының ұраны: «Өнермен өрге жүземіз»
  • «Тапқырлар» тобының ұраны: «Тапқыр достар біз боламыз»

І сайыс : «Бір сөзбен айту ойыны»«Өнерлер тобына

  • Қалам, сызғыш,өшіргіш, дәптер (оқу құралы)
  • Алма,алмұрт,өрек, анар (Жеміс)
  • Дәрігер,мұғалім, құрылысшы, жүргізуші. (мамандық)
  • Қол, аяқ, мұрын, көз. (дене мүшелері)
  • Жейде,көйлек, етік,құлақшын. (киімдер)

«Тапқырлар» тобына

  • Көктем, жаз,күз,қыс. (жыл мезгілдері)
  • Сәрсенбі, жұма,сенбі, бейсенбі (апта күндері)
  • Кесе,қасық,ожау,пышақ. (ыдыс –аяқ)
  • Сәбіз, қызылша, орамжапырақ, қияр. (көкініс)
  • Үстел, орындық,шкаф,керует. (жиһаз)

ІІ сайыс: «Ойлан ,тап достар»Мақалды жалғастыру ойыны

  • Ата – асқар….(Ата – асқар тау, ана- бауырындағы бұлақ,бала – жағасындағы құрақ)
  • Үлкенге құрмет…(Үлкенге құрмет, кішіге ізет)
  • Аға әдепті болса,…(Аға әдепті болса, іні әдепті, апа әдепті болса, сіңлі әдепті)
  • Денсаулықтың қадірін …білерсін (ауырғанда)
  • …ауырса қолынды тый,…ауырса аузынды тый.(Көзің ауырса,қолың тый, ішің ауырса,ауызынды тый
  • Дені саудың -…..(Дені саудыңи- жаны сау)
  • Інісі бардың ….(тынысы бар,ағасы бардыңи жағасы бар)
  • Атаның көнілі балады,…(Баланың көнілі далада)
  • Әкесіне қарап ұлын ,Шешесіне қарап қызын таны.
  • Туған жердің қадірін шетте жүрсен білерсің

ІІІ сайыс: Кім жүйрік?«Өнерлер» тобы

  • Қазақстанның тәелсіздік алғанына неші жыл болды ? (27 жыл)
  • Н.Ә.Назарбаев кім ? (Қ.Р Президенті)
  • Мемлекеттік Елтаңбамыздың басты белгісі не? (Шаңырақ)
  • Біздің мемлекетіміз қалай аталады? (Қазақстан)
  • Елтанбада не бейнеленген? (Пырақ,шаңырақ, жұлдыз,Қазақстан деген жазу)

«Тапқырлар» тобы1. Қ.Р –ның мемлекеттік тілі – қай тіл? (қазақ тілі)2.Мемлекеттік туымыздың түсі қандай? (көгілдір)3.Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады? (Ту,Елтанба,Әнұран)4.Н.Ә.Назарбаев мамандығы не? (металлург)5.Тәуелсіз Қазақстанның тұнғыш астанасы қай қала? (АлматыІV сайыс: «Кім тапқыр?»Бөлімінде екі команда танымдық пен білгірлікпен жауап береді.Әр топ бір – біріне жұмбақ жасырады«Өнерлер» тобыОтқа жанбас, суға батпас.(Су)Екі ағайынды,екеуі де бірін бірі көрмейді.(Көз)Қабат –қабат киінген ,Төбеден шашы туйілген.(Пияз)Таусылмайтын ақ мақта,Қысы- жазы тау жақта(Қар)Қанаты бар ұшпайды,Су астына қыстайды.(Балық)Өшірді,сүртті,Өзін де құртты.(өшіргіш)

«Тапқырлар» тобы

  • Кезікті бір жануар,устінде екі тауы бар(Түйе)
  • Сырты жасыл қатты

Іші қызыл тәтті (Қарбыз)

  • Жіп – жіңішке денесі, ортасында шегесі.(қарандаш)
  • Қиналып көтеріп,өзінен ауырды.Жорғалап кетеді, жүкшідей кәдімгі. (құмырсқа)
  • Бейтпішілік құсы деп,Атайды оны барша жұрт (көгершін)
  • Қолы бар ,саусағы жоқ, мойны бар,басы жоқ (көйлек)

V сайыс: «Тәуелсіздікке 27 жыл» тақырыбында постер жасап ,қорғау.Өзіміздің жеріміз, еліміз, туымыз,елтанбамыз,әнұранымыз, теңгеміз бар.Біз көпұлтты егемен елміз.Тілімізге,дінімізге бөлінбей татту-тәтті бір аспанның астында, бір мемлекетте өмір сүріп жатырмыз.

  • Құрметті қонақтар, оқушылар, осымен біздің «Тапқыр достар» атты топтық ойынымыз өз мәресіне жетті. Осы сайыста сіздер өздеріңнің білімдерінді, өнерлерінді, тапқырлықтарынды көрсете білдіңдер. Ойынның тартысты өтуіне ат салысқандарыңызға алғыс атамыз. Келешекте білімдеріңді әрі шындап, биіктерден көретіндеріңе тілектеспен! Келесі кездескенше аиан – сау болыңыздар!

Күні: 6.12.2018 жБекітемін:Тақырыбы: «Тапқыр достар» (Интеллектуалды ойын – жарыс)Мақсаты: Білімділігі: Оқушыларды екі топқа бөліп, әртүрлі тақырыпта сұрақтар қойып, сайыс ұйымдастыру арқылы олардың білімділігін арттыру. Дамытушылығы: Ой ұшқырлығын, қиялын, жауапкершілігін дамыту. Тәрбиелігі : Оқушылардың патриоттық сезімін ояту және бауырымдылыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу.Өту барысы:

  • Топтарды ортаға шақыру
  • Топ басшыларын анықтау

Сайысты бастау







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.