Басымен бір минутта 243 жаңғақты шағып шыққан жігіт жұлдыз болды (ВИДЕО)

0

Пәкістандық Мохаммед Рашид Насим жаңа рекорд орнатып, тарихқа енді. Ол басымен бір минутта 243 грек жаңғағын шағып шыққан деп хабарлайды life.ru сайты.

Осылайша ер адам үндістандық Навин Кумар есімді рекордшыны басып озған. Ол бір минутта 217 грек жаңғағын басымен шағып үлгерген еді.

Бұнымен тоқтап қалмайтынын айтқан ер адам әлемдік рекордтап санын 50-ге жеткізсем деп мақсат етіп отыр.

«Мен талмай жаттығып жүремін. Жаңа реркорд орнатқаным өзіме шексіз бақыт сыйлайды», — дейді пәкістандық.

Айта кетейік, Мохаммед Рашид Насим бұндай сайыстарға бірінші рет қатысып отырған жоқ. Мәселен ол бұған дейін басымен 49 қарбызды бір минутта жарып, желіде жұлдыз болған еді.