бастауыш сынып, 1 мамыр ынтымақ күні
Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт — дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт — саналарынан хабардар ету, балалардың өз өнерлерін көпшілік ортаға салу арқылы шығармашылық білімдерін көрсету, балалардың жаңа қырларын ашу.
Бірлігіміз жарасқан
Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт — дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт — саналарынан хабардар ету, балалардың өз өнерлерін көпшілік ортаға салу арқылы шығармашылық білімдерін көрсету, балалардың жаңа қырларын ашу.
Ұйымдастыру: шеңбер құру
Ал канекей оқушылар бүгінгі іс — шарамызды бастамас бұрын ортаға шығып, шеңбер құрайық. Бір — біріміздің қолымыздан ұстап, жоғары көтерейік. Бұл ненің белгісі? Әрине күннің, күннің шуағының белгісі, көк тудағы күн шашағының белгісі, Қазақстан мемлекетіндегі көп ұлтты халықтарының бірлігінің белгісі. Кәнекей бәріміз ұранымызды айтайық.
Әрқашан дос, біргеміз,
Ажырамас іргеміз
Ту ғып ұстап бірлікті,
Тату — тәтті жүреміз.
Көрнекілігі:, тақырыбы, суреттер, балалардың әр ұлт өкілдерінің киім үлгілері.
Барысы:
Сәлеметсіздер ме, оқушылар, ұстаздар.
Бүгінгі біздің «Бірлігіміз жарасқан» — деп аталатын, Қазақстан Республикасының ассамблеясының 20 жылдығына арналған мәдени — мектеп ішілік шарамызға қош келдіңіздер!
Жаса елім, жаса достық бірлікпен,
Көштен қалма, қалма және тірліктен.
Елім менің – Қазақстан Отаным,
Алға өрле үшінші мың жылдықпен
Тек достықпен, өзгеде ел — халықпен — деп бүгінгі іс шарамызды бастаймыз.
I Жүргізуші: Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндар, дүнгендер және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Олар өздерінің осындай кең байтақ қазақ жерінде өмір сүріп жатқандарына қанша жыл өтсе де, қазақ халқының осынша кең пейіл, қонақжай екендігіне көз жеткізді. Олар өз елдерінде болмасада, қазақтардың елін елім деп, жерін жерім деп құрметтеп, үлкен үлгілі отбасының кейпін көрсетуде.
II Жүргізуші: Әлем халықтарының мұндай көп ұлттан құрылған мемлекетте осыншалық тату — тәтті, бейбітшілікте өмір сүріп отырғандығы біздің елдің арқасы және олар мұны жақсы біледі, рахметтері шексіз екендіктерін білдіреді.
Бүгінгі біздің 1 — ші және 4 — ші класс оқушыларымен бірге ұйымдастырып отырған іс — шарамызда оқушыларымыз үш топқа бөлініп, үш түрлі ұлттың өнерімен, салтымен, ұлттық тағамымен таныстырамыз. олай болса ұлт өкілдерін ортаға шақырайық.
Мінезі бар салмақты,
Алғашқы топ «Қазақты»
Қарсы аламыз бәріміз,
«Қазақ» деген халықты.
Ортада «Қазақтар» тобы өздерінің таныстыруларымен
Мен қазақпын биікпін байтақ елмін Деп жырлаған Жұбандай ақын ермін Мен қазақпын Бауыржан, Төлегендей Батырларын қашанда мақтан еткен.
Мен қазақпын, даладай пейілім кең Көк байрағым көгімде желбіреген 130 — дай ұлтты жатырқамай Құшағыма басамын мейірленем
I Жүргізуші: Көршімізді сыйлаймыз,
Қонақ келсе қимаймыз,
Қасымызға алып — ап,
100 күндетіп тойлаймыз,- дей келе ортағы «Орыстар» тобының таныстыруын тыңдайық.
Ал орыс әрқашанда дос — жар халық достығы орыс — қазақ бір — бір тарих Абай ата достығын орыспенен Үлгі еткен ұрпақтары мақтан қылып.
Кім білмейді дариядай Толстойды
Сөздерін оқысаңыз жанға жайлы
осындай ұлт баласы біз боламыз
Ұйытқан асыл сөзбен барша жұртты
II Жүргізуші:
Көшіп — қонып жүретін,
Ала дорба асынып,
Киноларға түсіріп,
Шаршамайтын өмірден
Ортада «Өзбектер» тобы өздерінің таныстыру өлең шумақтарымен.
Өзбекті өз ағамыз дейді қазақ
Көп ұлтты республикама болған қонақ
Оңтүстік өңірінде мекен еткен
Оны үлгі етеді әрбір қазақ.
Біз сондай еңбекқорлық үлгісіміз
Шөл далада Самарқантта гүл еткенбіз
Қазақты «өз інім деп» мен де сыйлаймын
Түркінің екі ұлымыз біз өйткені
I Жүргізуші: Топтарымызға рахметімізді айта отырып,
Сонымен кезекті «Өнерлі біздің халқымыз» деп ортаға әр ұлттың өнерлерін тамашалайық
Ортада «Қазақтар» тобынан ән. Жаса Қазақстан
Келесі: орыс халқының билеріне кезек берсек.
Ал, енді ортада өзбектердің өздерінің ерекше өнерімен.
Ал халқымыздың өнерлеріне тәнті болдық қол соғып қошеметтеп қояйық.
II Жүргізуші: Бүкіл дүние жүзі бойынша қазақтардың саны – 12 млн. Бүгінде шет елдерде тұратын қандас бауырларымыздың саны 3, 5 млн адам.
Қазақстанда 130 — ға жуық ұлт өкілдері тұрады. Олардың ішінде ең көп санды орыстар украиндар, өзбектер т. б ұлттар құрайды.
Қанша ұлт болсын,
Қанша салт болсын,
Ынтымағы жарасқан
Мәдениетті ел болсын,- дей келе әр ұлт бізге өздерінің ұлттық тағамдарымен таныстырса.
І Жүргізуші: әрбір халықтың бай мәдениеті бар. Ертегі, аңыз, салт — дәстүрлер ұрпақтан — ұрпаққа беріліп отырады. әр халықтың өзінің ұлттық ертегісі, бесік жыры бар. Бірақ олардың бәріде бір атаның баласындай бақыт, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін өмір сүреді. Бұл мақсат бәрінің басын біріктіреді..
Көрерменмен ойын
Достық ынтымақ туралы даналық сөздер, мақалдар құрастыру
1 — оқушы: Ынтымақ — достықтың бірлігі.
2 — оқушы: Ырыс алды — ынтымақ.
3 — оқушы: Достық күші — бірлікте.
4 — оқушы: Достық түбі – береке.
5 — оқушы: Ел бірлігі — ел теңдігі.
ІІ Жүргізуші: Біздің еліміз нәсілшілдік, ұлтаралық араздықты қоздыруға жол бермейді. Қазақстан Республикасындағы сан жағынан аз халықтарға қамқорлық жасау үшін «Қазақстан халықтарының ассамблеясы» құрылған. Түрлі нәсілдерге жататын барлық ұлт өкілдерінің тең құқықтығы Конституциямен қорғалады.
Біздің еліміз ынтымағы жарасқан, бірлігі нығайған үлгілі елдердің біріне айналды. Халық әрқашан бір жеңнен қол шығарып, бір жағадан бас шығарған қиындықты бірге бөлісіп, қандай жағдайда да өздерінің бірліктерін көсетіп келеді.
Енді барлығымыз ортаға шығып флешмоб биін бірге билейік.
Біз қазақтың ұланымыз, еріміз — дей келе барлықтарыңызға рахметімді айтамын.
Оқушылар өз өнерлерін көрсеткені үшін, ұстаздарға алғысым шексіз.
Келесі кездескенше, сау болыңыздар!!!
Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы,
Қаратоғай орта мектебінің
Ұзартылған күн тобының тәрбиешісі
Кулетова Ақжарқын Ерашқызы