Бари Алибасов өз-өзін танымай, есін жоғалтып оянды

0

Бари Алибасов өз-өзін танымай, есін жоғалтып оянды

Музыкалық продюсер Бари Алибасов бүгін медикаментоздық ұйқыдан оянғанымен, есін жоғалтып алған, ол тіпті өзінің кім екенін есіне түсіре алмады. Бұл туралы оның ұлына сілтеме жасай отырып PR-директор Вадим Горжанкин хабарлады.
 
— Әзірше ол сөйлей алмайды және шын мәнінде ештеңе есінде қалмаған. Сонымен қатар ол өзінің Бари Алибасов екенін де білмейді, — дейді продюсердің ұлы.

Бұған қоса, іштен қан кету қаупі де бар, бұл қайғылы қазаға әкеп соғуы да мүмкін. Қазіргі кезде отбасы мүшелері Алибасов өз-өзіне келіп, жақын арада есін жиятын болады деген сеніммен күту үстінде.

Естеріңізге сала кетейік, Бари Алибасов құбырларды тазалауға арналған сұйық құралды байқамай ішіп қойғаннан кейін ауруханаға түскен болатын. Ол бірнеше күн бойы медикаментозды ұйқыда жатты.

Дереккөзі: Life

 

reactor.inform.kz