2 жасар бала терезеден құлап мерт болды

0
126

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

2017 жылы дүниеге келген бала бес қабатты үйдің терезесінен құлаған

НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. Петропавл қаласында екі жасар сәби 5-қабаттан құлап, шетінеп кетті, деп хабарлайды төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға 11 маусым күні сағат 12:35-те Шоқан Уәлиханов көшесінің бойында орналасқан үйлердің бірінде болған.

«Бес қабатты тұрғын үйдің 5-қабатынан 2017 жылы дүниеге келген ер бала құлап кетті. Ол үйде ата-анасының қарауынсыз қалған», – дейді комитет таратқан хабарламада.

Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі жетті. Алайда бүлдіршіннің көз жұмғаны анықталды.

Тағы оқыңыз: Семейлік әйел қолындағы баласымен бірге 12-қабаттан құлап кетті

Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарға баланы үйде жалғыз қалдырмауға және оларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіруге кеңес береді.



sputniknews.kz