Азаматтық құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі
С.БӘЙІШЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК КОЛЛЕДЖІ ЖШС-і
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ: АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ
ПӘНІ: АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ
МАМАНДЫҒЫ: 0201000 ҚҰҚЫҚТАНУ
Орындаған: Д.Н.Нұрбеков
Ғылыми жетекшісі: Л.Ө.Дүйсалиева
Қорғауға жіберілді (жіберілмейді)
Экономикалық, әлеуметтік және құқықтық
пәндік бірлестігінің жетекшісі
_________________________ Г.С.Исатаева
қолы
________________________2018ж.
Ақтөбе 2018 жыл
С.Бәйішев атындығы Ақтөбе университетінің медициналық-әлеуметтік колледжі ЖШС-і
Мамандығы: 0201000 Құқықтану
Топ білім алушысы ___________________________________ ______________
(білім алушының аты-жөні)
Азаматтық құқық пәні бойынша
___________________________________ _______________________________
(курстық жұмыстың тақырыбы)
___________________________________ _______________________________
тақырыбына жазған курстық жұмысына
Пікір
___________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _______________________________________
Бағасы___________________________________ _________________________
Курстық жұмыстың тапсырылған күні_______________________________ __
Пікір жазушы: Дүйсалиева Л.Ө.
(аты-жөні)
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3-4
І ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ ҚҰҚЫҒЫ
1.1 Жеке тұлға түсінігі 5-9
1.2 Азаматтардың құқық және әрекет қабілеттілігі 9-14
ІІ ТАРАУ. ЗАҢДЫ ТҰЛҒА
2.1 Коммерциялық заңды тұлға 15-20
2.2 Коммерциялық емес заңды тұлға 20-25
ҚОРЫТЫНДЫ 26-27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 28
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Адамдар мен олардың өздері құратын ұйымдар арасында азаматтық- құқықтық қатынастар орнығады. Адамдар мен ұйымдар өзара мәмілелер жасасып құқық субъектісінің тұлғасы деп аталатын қоғамдық қасиеті ретінде ғана құқықтық қатынастарға қатыса алады.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасының заңдары бойынша, ерекше заңдық қасиетті — азаматтық құқық субъектілікті иеленетін, яғни азаматтық құқықтар мен міндеттерді иеленуге және оларды жүзеге асыруға қабілетті адамдар (иңдивидтер) және олардың кейбір ұйымдары (заңды тұлғалары, мемлекет, әкімшілік-аумақтық бөліністер) азаматтық құқық субъектілері немесе тұлғалар деп танылады. Мұндай қасиеттерді иелену индивидті немесе ұйымды азаматтық құқық субъектісіне айналдырады. Мұнда әрбір адамның, мейлі ол Қазақстан Республикасының азаматы болсын, мейлі басқа мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болсын, азаматтық құқық субъектілігі болады, демек ол азаматтық құқық субъектісі деп танылады. Ал ұйым — бұл басқаша жағдай. Ол азаматтық құқықтың субъектісі болуы да, болмауы да мүмкін немесе азаматтық құқық субъектілігі болмауы да мүмкін.
Курстық жұмыстың мақсаты: азаматтық құқық субъектілерінің ұғымын, сонымен қатар субъектілерді ерекшелейтін белгілерін және олардың түрлерін ашып көрсету.
Курстық жұмыстың міндеттері:
— азаматтық құқықтағы субъектілердің ұғымын ашып көрсету;
— азаматтық құқықтағы субъектілердің түрлерін зерттеу;
коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғалардың айырмашылықтарын қарастыру.
Занды тұлғалар деп танылған ұйымдардың, сондай-ақ мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністердің азаматтық құқық субъектілігі бар. Сонымен бірге, азаматтық құқық субъектісі мен оның құқық субъектілігін шатастыруға болмайды. «Азаматтық құқық субъектісі» ұғымы оның құқық субъектілігі ұғымынан кең болады және есімді (атауды), тұрғылықты жерді (тұрған орнын) және басқа белгілерді қамтиды.
Азаматтық құқық субъектілік — салалық құқық субъектіліктің бір түрі. Бұл ұғымды талдау кезінде, жалпы алғанда, зандық шындық ретінде құқық субъектілік не үшін пайда болады және не үшін қолданылады деген сұрақ бірден туады. Бұған берілетін ең қысқа жауап мынадай: азаматтық құқықтың ерекше институты — құқық субъектіліктің болуы қоғамдық ағзалар — адамдарды құқықтық қатынастарға тарту мүмкіндіктері мен шараларын (шектерін) жіктеу қажеттігіне байланысты. Сондықтан құқық субъектілік дегеніміз адамдардың қоғамдық, заңдық қасиеттері больп табылады. Бұлайша жіктеу құқықтың түрлі салаларында түрлі санаттар бойынша жүргізіледі. Қазақстан Республикасының Конституциясы адамдардың құқық қабілеттілігін ең алдымен адам мен азаматтың құқықтарын бөлу және айыру негізінде жіктейді. Адам құқықтарына қарағанда, азаматтың құқықтары көлемді болады. Олар адамның бүкіл құқықтарын, бұған қоса, Қазақстан Республикасының азаматтарына ғана тән құқықтар мен міндеттерді қамтиды (мысалы, саяси құқықтар, әскери қызметті өтеу міндеттері).
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, 2 негізгі тараудан, пайдаланылған әдебиеттерден, қорытындыдан және қосымшалардан тұрады.
І ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ ҚҰҚЫҒЫ
1.1 Жеке тұлға түсінігі
Құқықтар мен міндеттер қашан да сол құқықтар мен міндеттердің қайсыбір субъектілеріне байланысты болады. Біз қайсыбір субъективтік құқық туралы айтқанымызда, бұл құқыққа әлдебіреудің ие екендігін үнемі есте ұстаймыз. Сондай-ақ, міндеттің де әлдебіреудің мойнындағы міндет екендігін жадымыздан шығара алмаймыз.
Заң тілінде құқықтардың және міндеттердің иелерін «құқық субъектілері» деп немесе «тұлға» деп атайды. Тұлғаның заңдық тұрғыдан алғандағы ұғымы құқық қабілеттілік ұғымымен сәйкес келеді. Құқық өкілеттігін алған құқық қабілетті атаулының бәрін тұлға деп атауға болады. Бірақ, әртүрлі топтар мен түрлерге орай субъектілердің мазмұны біркелкі бола бермейді. Ал азаматтық құқық қабілеттілігі дегеніміз субъектілердің Азаматтық құқыққа ие болып, міндетін орындау қабілеті деп түсіну керек.
Тұлғаның екі категориясы бар. Құқық субъектілері ең алдымен адамдар (жеке тұлға). Әрбір адам құқық субъектісі. Бірақ, құқықта субъектілердің басқа да категориясының барлығы мәлім. Бұл ұжымдар, толып жатқан ұйымдар, кәсіпорындар, қоғамдар және т.б. да құқық пен міндеттердің иелері болып табылады.
Жоғарыда айтылған екі категориялы құқық субъектілерін (яғни, адамдар мен ұйымдарды) бір-бірінен ажырату үшін заңгерлер бұларды жеке тұлғалар және заңды тұлғалар деп бөледі. Жеке тұлға дегеніміз Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар, заңды тұлға деп мекемелерді, ұйымдарды, кәсіпорындарды және т.с.с. атайды.
Психикалық ауруының немесе ақыл — есі кемдігінің салдарынан адам өз әрекетінің мәнін түсінбесе немесе әрекетіне ие бола алмаса, сот ондай кәмелетке толған азаматты толықтай әрекет қабілеттілігі жоқ немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таниды. Азаматтық Кодекстің 12-бабына сәйкес жеке тұлға деп Қазақстан Республиксының азаматтарын, басқа мемелекеттердің азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды айтамыз. Азаматтық алған адам сол мемелекеттің құқық субъектісі болады. Сондықтанда азаматтық заңда жеке тұлғалардың құқық қабілеттілігі туралы емес, азаматтардың құқық қабілеттілігі туралы ғана айтылған. Құқық қабілеттілігі ең алдымен толық түрде Қазақстан Республикасның азаматтарына беріледі. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995-жылғы 19-маусымда қабылданған «Шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайлары туралы» заң күші бар Жарлығының 2-бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасының азаматтар болып саналмайтын және басқа мемелекеттің азаматы туралы дәлелі бар азаматтар шетел азаматтары болып саналады.»Қазақстан Республикасындағы олардың азаматтық құқық қабілеттілігі өзінің мемлекетінің заңымен айқындалады. Олар Қазақстан Республикасының заңында қаралмаған азаматтық құқыққа таласа алмайды және де егер заңда өзгеше көзделмесе, құқық қабілеттілігі шектелуге жатпайды. Аталған Жарғылықтың 2-бабы 11-бөлігіне сәйкес, «Қазақстан Республикасының азаматтары болып саналмайтын және басқа мемлекеттің азаматтығы туралы дәлелі жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп есептеледі.» Егер заң құжаттарында көзделмесе, азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасы азаматтарымен тең дәрежеде азаматтық құқықты пайдаланады. Азаматтық құқық қабілеттілігі дегеніміз — азаматтардың азаматтық құқықтаға ие болу және азаматтық міндеттерді атқару қабілеті. Ол барлық азаматтарға бірдей деп танылады. Азаматтардың тең құқықтығы экономикалық, саяси, әлуметтік және мәдени өмірдің барлық салаларында қамттамасыз етіледі. Республикадағы шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың заңмен көзделген құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беріледі.
Азаматтардың құқықтық қабілеттілерінің мазмұны құқықтық мейлінше кең шеңберін қамтиды. Азаматтық Қазақстан Республикасының шегінде де, одан тыс жерлерде де мүлікті, соның ішінде шетел валютасын меншіктеуге; мүлікті мұраға алып, мұраға қалдыруға; республика аумағында еркін жүріп тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерде еркін шығу қабілеттілігі шектелуі немесе азамат жекеленген азамат құқықтарынан айырылу мүмкін. Мысалы, бас бостандығынан айырылып, сотталған жағдайда азамат жазасын өтеп болғанша, кей соттылығы жоғалғанша не алынғанша тиісті заңдардан көзделген белгілі бір құқықтарынан алайда жекелеген субъективтік құқықтарынан ғана айырылуы немесе оның құқық қабілеті жартылай ғана шектелуі мүмкін. Ал, тұтастай алғанда ол құқық қабілетінен ажырамайды. Азаматтық құқық қабілеттілігі қылмыстық заңда көзделген белгілі бір мерзімге дейін ғана қатаң шектелуі мүмкін. Сондай-ақ Азаматтық Кодекстің 18-бабы бойынша құқық қабілеттілігін немесе әрекет қабілеттілігін шектеуге бағытталған мәмілелер де жарамсыз деп табылады. Азаматтық әрекет қабілеттілігі дегеніміз — азаматтардың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болып, оларды жүзеге асыру және өздеріне азаматтық міндеттер жүктеп оларды орындау қабілеті азаматтық әрекет қабілеттілігінің манызды шарты — тұлғаның өз әрекетімен немесе әрекетсіздігінің заңды салдарын түсінігі болып табылады. Бұл жағдай белгілі бір жасқа толуға және денсаулығының қажетті жағдайда болуына байланысты орын алады. Тек осындай жағдайда ғана тұлға өз әрекетінің мәнін түсінуге, өзінің құқық қабілеттілігін өз күшімен және құралдарымен жүзеге асыруға қабілетті болады. Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі туралы мәселе саралап жіктеу жолымен шешіледі. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі аралығындағы кәмелетке толмағандардың ішінара әрекет қабілеттілігі жоқ деп есептеледі. Олар мәмілелерді ата-аналарының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды. Сонымен бірге заң олардың нақтылы әрекеттерге қатысты істерінің құқықтық қабілетін біршама кеңейткен. Атап айтқанда, олар өздерінің табысына, стипендиясына, өзге де кірістеріне және билік етуге, сондай- ақ тұрмыстық ұсақ мәмілелер жасауға мысалы, дүкеннен азық-түлік сатып алу, заттарды жалға алу және т.б. әрекеттер жасауға құқылы. Жұмыс істеп жургендер немесе он сегіз жасқа дейінгі студенттер өз табыстарының немесе степендияларының көлемінде тауарлар сатып ала алады. Алайда, жеткілікті негіздер болған жағдайда қорғаншылық оргындары кәмелетке толмаған адамның өз табысына, стипендиясына, өзге де кірістеріне және өзі жасаған санаткерлік меншік құқығы объектілеріне өз бетінше билік ету құқығын шектеуі немесе ол құқықтан айырылу мүмкін (Азаматтық Кодекстің 22-бабы). [I: 2; 34-35бб.]
14 жасқа дейінгі балалардың әрекет қабілеттілігі толық емес деп танылады. 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәмілені олардың ата — аналары, асырап алушылары немесе қорғаншылары жасайды. Мұндай балалар өз жасына лайықты жасай салып орындалатын ұсақ тұрмыстық мәмілелерді өз бетінше құқылы (Азаматтық Кодекстің 23-бабы). Мысалы, ондай мәмілелер кеңсе құралдары, оқулықтар және т.б. арзан сомадағы тауарлар бойынша ғана жасалуы мүмкін. Мұндай кәмелетке толмағандар банкілерге салымдар салып, оларды қалауынша жұмсауға құқылы. 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар банкілерге келтірген зиян үшін олардың ата — аналары, асырап алушылары немесе қорғаншылары зиян олардың кінәсінен болмағанын дәлелдей алмаса, жауап береді (446-бап). Болмаса, 14 жасқа дейінгі кәмілетке толмаған зиян келтірген кезеңде оның оқу орнының, тәрбие немесе емдеу мекемесінің қадағалауында тұруы жөніндегі мәселе шешіледі. Ал егір зиян олардың кінәсінен болмағанын дәлелдей алмаса, мүліктік жауапкершілік оқу орнына, тәрбие немесе емдеу мекемесіне жүктеледі. Сондықтан да мемлекет жай қатардағы заңды тұлға емес, оған заңды тұлғалар туралы ереже жүрмейді. Мемлекеттің азаматтық құқықтық қабілеті азаматтар мен заңды тұлғалардың құқық қабілетінен ерекшелінеді. Азаматтық құқық ерекше субъектісі ретінде мемлекеттік несие операцияларының жұмыстары бойынша мемлекеттік ішкі заемді шығару мен ішкі айналымдағы жұмыстар мен айналыса отырып, мемлекет заем ұстаушылармен тиісті қатынастарға түседі, облигация ұстаушылаға белгіленген тәртіппен мемлекеттік соманың бөлінген заемдарын төлеуді өз міндетіне алады. Мемлекет өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік өкілге авторлық куәлік берілетін дағдайда азаматтық құқық қатынастарының қатысушысы болады. Ашылған жаңалықты тек өзі пайдалану құқығына ие бола отырып, мемлекет ашылған жаңалықты мақсатқа сай өндіріске өніру есебінен қамқорлықты міндетіне алады. Авторлық куәлік тапсырылған өнертабыс авторының тапқаны өндіріске деген жағдайда оның экономикалық немесе басқа да пайдалы әсіресе байланысты ол өз құқығын ынталандыруға байланысты мемлекетпен тиісті азаматтық құқықтық қатынасқа түседі.
1.2 Азаматтық құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі
Құқық субъектілерін сипаттайтын негізгі құқық қасиеттері құқық қабілеттілігі болып табылады. Азаматтық қабіеттілігі Азаматтық Кодекстің 13-бабында азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті (азаматтың құқық қабілеттілігі) барлық азаматтарға бірдей деп тұжырымдалады. Конституцияның 14-бабына сәйкес заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең, тегіне, әлуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, нанымына, трғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдайлар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды. Конституциялық аталған тұжырымына орай азаматтардың құқық қабілеттілігі заңда бәріне бірдей және бірыңғай құрылған. Азаматтық Кодекстің 13-бабында азаматтардың құқық қабілеттілігі барлық азаматтар үшін тең дәрежеде екендігі танылған. Дегенмен, құқық қабілеттілігінің теңдік принципі нақты субъективтік құқық шеңберінде жекеленген азаматтарға берілетін міндеттілік теңдікті көрсете қояды деуге болмайды. Азаматтардың бәрінде бірдей кез келген құқықты ала беру (мысалы, тұрған үйді, машинаны) мүмкіндігі бола бермейді. Құқық қабілеттілігінің теңдігі дегенде заңда бұл орайда ешкімге артықшылық бермейтіндігі, ешкімге субъективтік құқық алуға тыйым салмайтындығы тұрғысынан түсіну керек. Азаматтық құқық қабілеттілігінің теңдік принципінен жалпы ережеге сәйкес оны шектеуге жол берілмейді. Азаматтық Кодекстің 18-бабы 1-тармағында былай деп жазылған: «Заң құжаттарында көзделген реттер мен тәртіп бойынша болмаса, ешкімнің де құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеуге болмайды.» Қолданылып жүрген заңға сәйкес, құқық қабілеттілігін шектеу азаматтың қылмыс жасау негізінде сот үкімі арқылы алынған шара бойынша шектелуі мүмкін. Бұл орайда азамат құқық қабілеттілігінен толықтай (тұтастай) айрылмайды. Тек заңда көрсетілген құқықтарға ғана шектеу қойылады. [III: 1; www.resurs.kzcatalogzakon Азаматтық құқық субъектілері]
Қазіргі қылмыстық заңда азаматың құқығын айыру мына жағдайларға:
1) Белгілі бір лауазымды иеленуге немесе белгілі бір қызметті жасауға (жүргізуші, дәрігер және т.б.);
2) елдің аумағында емін-еркін жүріп-тұруға (жер аударумен шектелу).
Ескерте кеткен жөн, біздің заң бойынша құқықты жою қашан да уақытша сипатта болады. Сонымен қатар құқық қабілеттілігін шектеуді азаматтық басқалай субъективтік құқықтарынан айыру жағдайымен шатастыруға болмайды. Құқық қабілеттілігін шектеу дегеніміз қандай да бір құқықты алу мүмкіндігінен айыру болып табылады. Егер белгілі бір қызметті жасауға байланысты құқықтан, мысылы, дәрігерліктен айырса, істеп жүрген жерінен жұмыстан шығарылған адам басқа мекемеге барып тап сондай мамандықта жұмыс істеуге рұқсат етілмейді. Дегенмен, басқа жұмыспен айналысуына жол беріледі. Азаматтың құқық қабілеттілігі оның туған сәтінен басталады, яғни ана құрсағынан тірі туып, жеке өзі өмірге келгеннен кейін жеке тұлға болып есептеледі. Мысалы, түсік тірі туа тұрса да, тұлға деп саналмайды, өйткені, ол адам бейнесіне әлі келмеген. Бірақ, айтарлықтай дамыған шала туған бала тұлға санатына қосыла алады. Сонымен, егер сәби тірі туып аз күн болса да өмір сүрсе, онда ол азаматтардың хал актілерін тіркеу органдарына кей кезде шетінегеніне қарамастан туғаны жөнінде тіркеледі. Азаматтық Кодекстің 1044-бабы бойынша мұра қалдырушының тірі кезінде іште қалған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар мұрагер бола алады, ондайда сәби небәрі бірнеше минут өмір сүрсе де аталған құқықты иеленеді. Құқық қабілеттілігі адамның — құқық субъектісі өлуімен бірге қысқарады. Өлген адамның ие болып келген құқықтары мен міндеттері ішінара (жеке бастың, жеке отбасылық жағынан) қысқарады, ішінара (мүліктік құқықтар) мұрагерлеріне көшеді. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі дегеніміз — азаматтың өз әрекетімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға. өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі болып табылады. Азаматтың әрекет қабілеттілігі азаматтың құқық қабілеттілігінен ерекшеленеді. Азаматтың құқық қабілеттілігі оның дүниеге келген сәтінен бұл дүниеден озғанынша бірге болады. Азаматтың әрекет қабілеттілігі үшін оның өз еркімен мүлікті иеленіп оған билік ету немесе өзіне міндеттеме алуға тілек білдіруі қажет. Сондықтан да азаматтың құқық қабілеттілігі оның жасы мен психикалық жағдайына қатысты келеді. Ол өзіне азаматтық құқық пен міндеттілікті алу үшін қалыпты әрі толысқан психикада болуы тиіс. Нәтижесінде құқық қабілеттілігі барлардың бәрі бірдей әрекет қабілеттілігіне ие емес, бір сөзбен айтқанда, азаматта құқық қабілеттілік болғанымен, әрекет қабілеттілігі белгілі бір уақыт арасында балмауы мүмкін. Азаматтық Кодекстің 17-бабына сәйкес әрекет қабілеттілігі кәмелетке толғанда, яғни 18 жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады. Бұл арада ескеретін мынадай бір жағдай бар: Азаматтық Кодекстің 17-бабы 2-тармағына сәйкес заң құжаттарында 18 жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады. Қазақстанда»Неке және отбасы туралы» Кодексі бойынша некеге тұруға 18 жастан бастап рұқсат етіледі. Егер дәлелді себепттер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу органдар неке жастан екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін («Неке және отбасы туралы» Кодекстің 10-бабы). Әдебиеттерде азаматтардын әрекет қабілеттілігі толық, ішінара (толық емес) және шектеулі деп бөлінеді. Оның өзі азаматтың әрекет қабілеттілігіне байланысты жүзеге асады. Жана туған бала толығынан құқық қабілеттілігі бола тұрса да, өзі әрекет қайсы бір құқыққа ие болуға немесе өзіне міндеттер алуға қабілетсіз екендігі түсінікті нәрсе. Саналы әрекет жасау қабілетті кісінің өскендігіне байланысты. Сондықтан әрекет жасау жасы толған адамдарға ғана болады. 18 жасқа толғандар ғана ер жеткен деп саналады (Азаматтық Кодекстің 17-бабы 1 тармағы). Осы жасқа толған соң адам азаматтық құқық айналымының толық құқылы қатысушысы болып қана қоймай, ол саяси құқықтар мен міндеттерге де ие болады. Толық емес немесе ішінара әрекет қабілеттілігі бойынша, азамат өзінің әрекеті арқылы кез келген құқықтық әрекетті жасай алмайды, былайша айтқанда, заңда тікелей көрсетілген бір қатары ғана ие. Ішінара (толық емес) әрет қабілеттілігі әдетте, жасы кәмалетке толмағандарға тән, ал бнерілетін әрекет ауқымы олардың жасына байланысты. [III: 2; 49-50бб.]
Заң мұндай тұлғаларды екі топқа бөледі:
а) жасы кәмелетке толмаған 14 пен 18 жас аралығындағылар;
ә) жасы кәмелетке толмаған 14 жасқа дейінгі жас балалар.
14 пен 18 жас аралығындағылардың әрекет қабілеттілігі мейлінше ауқымды, олар заңда көрсетілген шекте әр түрлі мәмілелер жасай береді. Ондай мәмілелерді екі түрге бөлуге болады:
— Өздерінің заңды өкілдерінің, яғни ата-аналары мен асырап алушылардың, қорғаншылары келісімінсіз-ақ өз бетімен жасаған мәмілелер;
— Ата-анасының (асырап алушының, қамқоршысының) рұқсат берілген жазбаша хаты негізінде жасалатын мәміле.
14 пен 18 жас аралығындағы жасы кәмелетке толмағандар заңды өкілдерінің келісімінсіз мыналарды істеуге:
1) өзінің жалақысына, стипендиясы мен басқа кірістеріне билік етуге;
2) интеллектуалдық меншік құқық бар объектілеріне билік етуге;
3) ұсақ тұрмыстық мәмілелер жасауға;
4) банкке салым салуға және өзінің салымын, оның ішінде өзінің атына салынған салымдарға иелік етуге құқылы. [II: 1; 40-41бб.]
14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар басқалай мәмілелерді, яғни мәмілелерді ата-анасының, асырап алушының немесе қорғанышының келісімімен жасайды. Мұндай келісімінің нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген нысанға сай келуге тиіс (Азаматтық Кодекстің 22-бабы 1-тармағы) мәміленің аталған екі түрі бойынша жауап кершілікті, заңды өкілдердің келісімі талап етілсін не етілмесін, жасы кәмелетке толмағандардың өздері көтереді. 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәмілелерді, егер заңда өзгеше көзделмесе ата-анасы, асырап алушыларымен қорғаншылары жасай береді. (Азаматтық Кодекстің 23-бабы). Сонымен қатар, Азаматтық Кодекс белгілі бір мәмілелердің жас өспірімдердің өзі-ақ жасай беретіндігін де жоққа шығармайды. Азаматтық Кодекстің 23-бабы 2-тармағына сәйкес, олар өзднрінің жасына лайықты, жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Мысалы, оған ойыншықтарды, балаларға арналған кітаптарды сатып алуды жатқызуға болады. Жас балалар аталған мәмілелерді жасағанымен, әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылады. Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтық әрекет қабілеттілігін сот Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодексіне белгіленген тәртіп бойынша шектеуі мүмкін. Оған қамқоршылық белгіленеді. Ол тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Басқа мәмілелерді жасауды, сондай-ақ табысын, ақысын және өзге де кірістерін алуды және оларға билік етуді ол тек қамқоршының келісімімен ғана жүзеге асыра алады (Азаматтық Кодекстің 27-бабы). Ал, азамат, айталық, жүйке ауыруынан жазылып, арақты қойып, нашақорлықтан құтылса, заң осыны ескере отырып, сот арқылы оның әрекет қабілеттілігіне қойылған шектеудің күшін жояды. Сот шешімінің негізінде азаматқа белгіленген қамқоршылықтың күші жойылады. Нәтижесінде сот оны әрекет қабілеттілігі бар деп таниды. Азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі (азаматтық әрекет қабілеттілігі) кәмелетке толғанда, яғни он сегіз жасқа толғаннан кейін толық көлемде пайда болады. Заң құжаттарында он сегіз жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, он сегіз жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады. [II: 2; 49-50бб.]
ІІ ТАРАУ. ЗАҢДЫ ТҰЛҒА
2.1 Коммерциялық заңды тұлға
Заңды тұлға дегеніміз адамның кез — келген жиынтығы емес, ұйымдық бірлігімен бөлшектенетін, яғни мақсаттарымен міндетпе, құқықтары айқын көрсетілген өз жарғысы және ережесі бар ұйымдық бірлік. Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқықтың дербес субъектісі ретінде қатысу, … жалғасы