Бокс федерациясы жылдың үздік спортшыларын марапаттады

0

2018 жылғы 9 желтоқсан 15:23 43

Бокс федерациясы жылдың үздік спортшыларын марапаттады

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстан бокс федерациясы 2018 жылдың үздік боксшыларын  марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еліміздің бес дүркін чемпионы әрі Президент кубогының жеңімпазы Теміртас Жүсіпов 2018 жылдың үздік боксшысы атанды.

Үздік жас боксшы атағы ағайынды Айбек және Нұрбек Оралбайларға бұйырды. Айбек Жасөспірімдер Олимпиадасында жеңімпаз атанса, Нұрбек жастар арасындағы әлем чемпионы болды.

Бокс федерациясы жылдың үздік спортшыларын марапаттады 

Қыздар арасында еліміздің үздік спортшылары атағын жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері Надежда Рябец пен Азия және әлем чемпионы Дина Исламбек иеленді.

Бокс федерациясы жылдың үздік спортшыларын марапаттады 

Үздік бапкер атағы жастар құрамасының аға бапкері Ғалымбек Кенжебаев пен ағайынды Оралбайлардың жеке бапкері Асқар Еркебаевқа берілді.

Бокс федерациясы жылдың үздік спортшыларын марапаттады 

Жылдың үздік аймақтық федерациясы атағын Астана қалалық бокс федерациясы иеленді.

Сондай-ақ, Қазақстан боксының дамуына үлес қосқан ардагерлер мен төрешілер алғыс хаттармен марапатталды.