Азаматтық қоғам мәселесі көптеген ғасырлар бойы адамзатты толғандырып келе жатқан түбірлі ғылыми мәселе

0

Құқықтық мемлекет және Азаматтық қоғам

Құқықтық мемлекетті қалыптастырудың маңызды алғышартының ішінде
азаматтық қоғамның алар орны өз алдына бір төбе. Ал азаматтық қоғам алуан
түрлі қоғамдық қатынастардың мемлекеттен біршама дербес болуын мақсат
тұтса, бұл игі мақсат мемлекеттің биліктің құзыреті заңмен шектеліп, адам
құқығы алдыңғы орынға шыққанда ғана мүмкін болмақ. Мұндай жағдайда
мемлекеттің міндеті адамдардың кейбір топтарына қатысты басқарушылық саяси
шешімдер мен бағдарламалардың жүзеге асыру болып табылады. Құқықтық
мемлекет саяси билікті ұйымдастырудың формасы ретінде қоғамдық өмірдің
барлық салаларынада құқықтың үстемдігі принципімен аса күрделі ұштасуына,
биліктің бөлінуіне, бүкіл мемлекеттік механизмнің құқықпен
байланыстылығына, заңдардың үстемдігіне, заңдылықтың жүзеге асуына, халық
егемендігінің қамтамасыз етілуіне, азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарының, ар- абыройларының сақталу кепілдігіне, қоғамның және
мемлекеттің мүдделеріне, жалпыазаматтық құндылықтарды және әлемдік
практиканы есепке алуға негізделеді. Құқықтық мемлекеттілік азаматтық
қоғаммен табиғи байланысқан, ол онсыз қалыптасып , қызмет етіп өркендей
алмайды.Азаматтық қоғамның қалыптасу процесіне, оның басты факторлары мен
құндылықтарына ғылыми зерттеу жүргізіп, даму үрдістерін анықтау құқықты-
демократиялық мемлекет үшін маңызды мәселелердің бірі. “Азаматтық қоғам”
ұғымы арқылы қоғамдық байланыстар мен қатынастардың жағдайы бейнеленіп,
белгілі бір мемлекеттегі тұрғындардың азаматтық қайраткерлігінің қарқыны,
мемлекет пен қоғамның әлеуметтік саладағы қызметтерінің бөліну деңгейі
анықталады.
Азаматтық қоғамның біздің түсінігіміздегі нақты анықтамасы мынадай : ол
– құрамындағы мүшелерінің арасындағы экономикалық , мәдени, құқықтық және
саяси қатынастары дамыған, мемлекеттен тәуелсіз, бірақ онымен өзара
әрекеттесуші қоғам, мемлекетпен бірлесе отырып, дамыған құқықтық қатынастар
құрушы, жоғарғы дәрежелі әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени және
моральдық мәртебелі азаматтар қоғамы. Азаматтық қоғамның шынайлығы идеал
мен идеалдық жобаның және осындай жобаны жүзеге асырушы қоғамның шын
мәнісінде қол жеткізген жетістіктерімен анықталады. Азаматтық қоғам –
құқықтық мемлекеттің маңызды компоннеттері пайда болып, бекіп, өзінің
тіршілікке қабілеттілігі мен өміршеңдігін көрсетіп, жетілдіретін және олар
үшін өзіндік бір “тіршілік ету ортасы ” болып табылатын, оларға қажетті
жағдайлар мен алғышарттар жасайтын айқын әлеуметтік қондырма. Құқықтық
мемлекет құрудағы табыстар, бұл процестің өрісімен қарқыны оның оң және
теріс нәтижелерінің ара қатынасы азаматтыққа дейін қоғамның азаматтық
айналу дәрежесіне тура пропорционал тәуелді болып табылады. Құқықтық
мемлекеттің құрылуы мен дамуы өз кезегінде азаматтық қоғамның нығаюымен
жетілуін жеңілдетеді, және құқықтық емес мемлекеттің құқықтық мемлекетке
ауысуы процесі біріншісінен екіншісіне айналу неғұрлым кең өріс алса ,
азаматтық қоғамға тірек болатын және оған қызмет көрсететін тіректер мен
құрылғылар соғұрлым сенімдірек, мықтырақ болады. Басқаша айтқанда, қоғамдық
өмірдің аталған екі құбылысының келісушілік пен өзара іс- қимыл нысанында
екі- жақты тәуелділік бар. Іс жүзінде олардың біреуі, екіншісіз тіршілік
ете алмайды ; бұдан былай олар бір- біріне серік болады, оның қызмет
етуінің нәтижесі бір- бірімен тығыз байланысты және олардың әрқайсысына
тікелей әсер етеді.
Азаматтық қоғам әдетте, жеке меншіктің және нарықтық
қатынастардың, рота таптағы меншік иелерінің рөлінің арта түсуімен
бәсекелестік, шұғылдық, парасатты есептей білу негізіндегі шаруашылық және
коммерциялық табыстарға қол жеткізілуімен сипатталады. Әлеуметтік толысудың
белгілі бір деңгейіне жеткен соң азаматтық қоғам мемлекеттің диктатын өзіне
дарытпайтын жағдайда болады, онымен тең және белгілі бір тепе- теңдік
орнатып, үйлесімді қатынастармен өзара әрекеттестікті қалпына келтіреді.
Азаматтық қоғамның одан әрі жетілдірілуіне қарай онда мемлекетпен ,
социумдармен жеке тұлғалармен байланыстыра жаңа деңгейге көтеріледі,
олардың біреуінің екіншісінен шектен тыс басымдығы болмайды. Қоғамда пайда
болған жанжалдар, қарама- қайшылықтар және шиеленістер жария құралдармен ,
зорлықсыз , басып жаншусыз, революциясыз шешіледі. Азаматтық қоғам мәселесі
көптеген ғасырлар бойы адамзатты толғандырып келе жатқан түбірлі ғылыми
мәселе. Ол мемлекеттің пайда болған кезінен, қоғамдағы адамдардың өмірлік
іс- әрекетін, қызметінің мемлекеттік және мемлекеттік емес болып бөлінген
кезеңінен бастау алады. Сол кезеңнен бастап мемлекет пен қоғамның өзара
қатынасы туралы мәселе орталық назарға ие болып, ол көп ретте көптеген
әлеуметтік алауыздықтарға , саяси төңкерістер мен дағдарыстарға себепкер
болды. Қазіргі күнде де бұл мәселе ауқымды қоғамдық өзгерістердің негізінде
түр және ол бүгінгі күнде әлемдік қоғамдастықтың даму барысын анықтап отыр.
Енді азаматтық қоғамның жалпы әлеуметтік саяси ой тарихындағы пайда болу,
қалыптасу және даму барысына көз жіберіп көріп көрейік.
“Азаматтық қоғам ” ұғымы өзінің негізгі жағынан антикалық полистің
құбылысы болып табылады. Гректер үшін полис- адамдардың бірге өмір сүруінің
ең жетілген түрі ғана емес, сонымен қатар лайықты қоғамдық өмірдің, еркін
адамдардың құқығы мен даңқын жүзеге асыратын бірден – бір орта.
Полис- біріншіден соған жиналған азаматтардың қауымдастығы және
осы негіздегі сол қауымның жасаған материалдық және рухани құндылықтарының
тұтастығы. “Полис” термині түсініктемелік аудармаларда қала- мемлекет
ұғымымен түсіндіріледі, бірақ ол сонымен қатар азаматтық- қауымдастық
мағынасын білдіретін түбірі де қамтиды. Сондықтан да полис ұғымы азаматтық
қоғам ( Аристотельдің Коіхіа роl itiко , Цицеронның sосіеtаs сіvіlіs (
роlis сіvіtаs ) ұғымдарын білдіретін антикалық терминдерді біріктіреді.
Аристотель түсінігіде “азаматтық қауымдастық ” біздің бүгінгі
күндегі “әлеуметтік мемлекет ” және “құқықтық мемлекет ” терминдерімен
астарлас келеді. Әділдік ұғымы мемлекет туралы түсінікпен тығыз байланысты,
өйткені әділдіктің өлшемі ретіндегі құқық саяси қатынастың реттеуші
онрмасы.
Полистік тұрғыдағы азаматтық қауымдастық өзін- өзі басқару
институты ретіндегі биліктің сайланбалы органдарының болуын, оның
қажеттілігін көрсетеді. Мәселен, афиндық ареонасы римдік сенат. Көріп
отырғанымыздай антикасыз полисте адамзат тарихындағы ең ұлы азамат
идеасының классикалық түсінігі пайда болды. Өзін азаматтық қауымдастықтың
мүшесі және осыдан келіп шығатын құқық пен борыштық субъектісі ретінде
түсіну ; Азаматтық борышқа жауапкершілікке, әлеуметтік тұтастыққа тиесілі
екенін сезіну :Тұлға үшін маңызды оны басқа азаматтар тарапынан оның
азаматтық қасиетінің мойындалуын абсолюттік қажеттілігі, азаматтық
игілікті, жоғарғы өмірлік мәнге ие құндылықпен тұлғаның мақсаты ретінде
бекіту. Осы ретте айтар болсақ азаматтық – антикалық әлеуметтік ойдың
негізгі моральдық саяси категориясы ғана емес, ол сонымен бірге универсалды
өмірлік құндылық . Дегенмен де бұл ұғым өзінің мәнін Европадағы басталған
Жаңа заманның рухани , идеялық дүмпеулермен соң ала бастады. Ол осы кезеңде
ХVІІ- ші ғасырда Г. Гроций, Т. Гоббс, Дж. Локк еңбектерінде көрініс тауып,
өзінің дамуын Ж.Ж. Руссо, Ш. Монтескбе, В. Фон Гумбольд, И. Кант, Г.
Гегель, К. Маркс пен Ф. Энгельс еңбектерінде жалғасын тапты.Олар сол кездің
өзінде азаматтық қоғамды өмір сүріп сәйкестендірмей одан бөлек қарады. Осы
ретте олар мемлекеттің “келісімдік теориясын ” негізге алды және бұл теория
бойынша азаматтардың өз еріктеріне көнген және тағайындалған өкімет ғана
әділ заңды болып табылады.
Мемлекеттің пайда болуының келісімдік теориясын жақтаушылар
азаматтық қоғаммен мемлекетті егер ол қоғамдық келісімге негізделген
мемлекет азаматтардың мүддесін білдірсе ғана сәйкестендіреді. Дегенмен олар
мемлекет бәрібір азаматтық қоғамды өзіне бағындыруға барлық кезде мүдделі
болатынын жақсы түсінеді. Абсолютті монархияны кейбіреулер әлемдегі ең
бірден- бір, жалғыз басқару түрі деп түсінеді, бірақ ол шынтуайтқа келгенде
азаматтық қоғам мен бір бола алмайды, сондықтан да ол азаматтық басқару
формасы бола алмайды.
Мемлекеттің келісімдік теориясы және ол кепілдік беретін қоғамдық
өмірдегі іс- әрекеттің саяси- құқықтық нормасы биліктің құдайдан
берілгендігіне тойтарыс бере тоыра халықтың жеке құқығының саяси
дербестікке ие екендігін дәлелдеді. Осы ретте қоғамдық келісім теориясы кез
келген емес, тек қана азаматтық қоғамды саяси қалыптастыру шарты ретінде
көрінеді.
Т. Пейн осы ретте былай дейді : адамдар өздерінің жеке, тәуелсіз
құқықтарына сай үкімет орнату үшін өзара бір- бірімен келісімге түседі,
және бұл үкіметті жасақтаудағы бірден – бір құқық тәсілі және олар өмір
сүре алатын бірден- бір негіз. Осы ретте ескерер бір жайт қоғамдық келісім
басқарушылармен бағыныштылардың арасында емес, азаматтардың өз арасында
жасалады яғни мемлекет келісімділігі тең серіктес ретіндегі заңды құқыққа
ие емес. Келісімдік қатынастардың негізі ретінде назарға тұлғаның табиғи
құқығы ғана алынады. Ол мемлекеттің құзырына талап ету, көндіру құралы
ретіндегі міндеттерді ғана қояды.
Табиғи құқық концепциясын ой елегінен өткізіп, сараптаудың
радикалды түрі Локк еңбектерінен көре аламыз. Оның табиғи – құқық ой-
пікірінің бастамасы өмірге еркіндік және мүлікке қатынастағы табиғи құқыққа
ие индивид болып табылады. Әр адам табиғаттан еркін және өзінің
келісімінсіз оны жердегі билікке ешкім бағынышты жағдайға қоя алмайды.
Адамдардың табиғи жағдайы табиғат заңы аясындағы өзінің тұлғалылығы мен
мүлкіне қатынастығы оның толық еркіндік жағдайы. Еркіндік принципін
түсінуде және ендіруде Локк жеке меншіктің субстанциясы ретіндегі еңбек
концепциясын орталық назарға қояды. Табиғат жасаған мүліктерді адам өз
еңбегімен ұштастыра отырып оны өзінің меншігі етеді. Яғни жеке меншіктің
қатынастың негізін адамның өзін еркін тұлға ретінде жасайтын іс- әрекеті
мен қызметінен іздеуге болады. Табиғат заттары бәріне ортақ бірдей берілсе
де адам өз еңбегінің иесі ретінде өзінде жеке меншіктің ұлы негізі қалады.
Осы тұрғыда Локктың ойынан бірқатар маңызды шешім шығады :
1. Табиғи құқық меншіктің субстанциясы мен шегі ретінде жеке еңбекті ортақ
негізге қояды. Тек осындай жеке меншік құқық тұлғаның табиғи бөлінбес
құқығы болып табылады. Және ол мүліктің қатынастық құқықтық
механизмдерінің негізін қалауы керек.
2. Табиғи құқық тұлғалардың бірімен – бірі қатынасқа тең және экономикалық
еркін субъектілер ретінде түсетін қоғамды орнатудың алға қояды. Локктың
табиғи құқық түсініктемесі бойынша тұлғамен еңбек өзінің ұғымы тұрғысынан
басқаның меншігі бола алмайды . Егер қоғамдық ұйым осындай келеңсіз
жағдайларға орын берсе мұндай қоғам ақылды табиғи тәртіпке сәйкес емес
онда , әлеуметтік қатынастардың құқықтық негізі өмір сүре алмайды. Яғни
ол моральдық тұрғыда әлсіз ғана емес, ол заңға қарама – қайшы.
Сондықтан да жеке меншікті еңбекпен, ал еңбекті адамның
өзінің субъектілігімен алшақтау экономикалық мәжбүр етудің универсальды
тетігі- табиғи құқық нормасының өрескел бұзылғандығы болып табылады.
3. Қоғамның саяси – заңдылық нормалары мен азаматтық құқықтық заңдарының
жағдайын жеке өзіндік таңдау еркіндігінің кепілдігі ретінде көрініп осы
ретте мемлекеттің саяси юриденциясының шекарасы болуы керек, яғни ол
еркіндікті мемлекеттің барлық түрдегі қосылымынан қорғау керек. Басқарушы
азаматтық тыныштықты қамтамасыз етуді және бодандарының жеке меншігін
қорғау үшін әрекет етуі және осыған қауіп төндіретін кез- келген
оқиғаға, жағдайға килігуі керек. Локктың табиғи құқық концепциясының
барлық негізі заңның құқықты мемлекеттің, билік өкіметтілігінің
келіссөздік негізіне заң шығарудың мақсаты ретіндегі тұлғаның құқығы мен
еркінділігінің саяси – заңдық кепілдігіне балама жоқтығына келіп
тіреледі. Локктың саяси құқықтық ілімінің көптеген ойлары, ережелері
өркениетті демократиялық құқықтық сананың ажырамас бөлігіне айналды.
Әрбір адам басқалармен бірлесе отыра өз еркіндігін сақтап
қала алатындай логикалық мүмкіндіктегі азаматтардың осындай формадағы
бірлестігінің мүмкін екендігін философиялық тұрғыда негіздеуді Ж. Ж. Руссо
алдына қойды. Бұл ретте мемлекеттің пайда болуы мен мәнінің келісімдік
теориясына түзетулер негізу қажет болды. Бұл келісімнің негізгі
азаматтардың өмірі мен мүлкін қорғау кепілдігі олардың мемлекеттің қандай
да болмасын құқығынан алшақтауға айырбастамауы керек. Осы алдына қойған
мақсатты жүзеге асыруды Руссо әділ қоғамдық құрылыстың басты өмірімен
ерекшелігімен байланыстырды. “Бірлестіктің әрбір мүшесін оның барлық
құқығымен тұтас қауымның пайдасына қарай ысыру қажет ” ал егер кімде – кім
ортақ ерлікке бағынудан бас тартса оны күші арқылы еркін болуға мәжбүр
етеді. Тұлғаның абсолюттік еркіндігін айта отыра Руссо оны бағындыруды
тұтас жүйесіне келеді. Руссо бойынша әлеуметтік – саяси тұрғыдан еркін
саяси құқықты өзіне — өзі беретін немесе заң шығарушылықтың ортақ ерлігін
беретін халықтық дербестігін білдіреді. Белгілі бір басқарушыға көнуге
келісім білдіргенде халық суверен ретінде жоғалады, яғни ол халық болудан
қалады. Сондықтан да өз заманындағы мемлекет пен азаматтық қоғамдағы
адамның жағдайы адамның бастапқы табиғи жағдайдағы еркіндігінен табиғат пен
өз — өзімен жасаған келісімінің оның ауыстырған формасы ретінде бағаланады.
Жеке меншік қатынасқа негізделген, яғни өзінің меншігіне айналдыруға
ұмтылған азаматтық қоғамда еркін адам адам жоқ. Еркін болып туылған адам
барлық жерде құрсаулы, өйткені ол өзімен — өзі араз. Осы қалыптасып отырған
жағдайдан шығу жолын ол теңдік пен еркіндіктің жаңа саяси түрін ендіру деп
біледі. Оның негізгі халықпен өз- өзімен келісімі іспетті. Қоғамдық келісім
және осының нәтижесінде суверен саяси оргонизм, “ұжымдық жан ” пайда
болады. Руссо осы сөзбен билік өкілеттілігі беретін халықты айтады.
Қоғамдық келісім теориясының Руссолық ережесі диолектикалық логикалық және
семантикалық негіздігі халық- … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz