Ауыл шаруашылығы малдарының салыстырмалы көрсеткіштері

0

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ГИДРОТЕХНИКА, МЕЛИОРАЦИЯ ЖӘНЕ БИЗНЕС ФАКУЛЬТЕТІ

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ КАФЕДРАСЫ

экономикалық талдау және статистика
пәні бойынша студенттік өзіндік жұмысы №1

Орындаған ВМ 404 топ студенті
Есімханқызы Д.
Тексерген э.ғ.к., аға оқытушы
Бейсенбаева А.К.

Алматы, 2017

Жоспар:
I . Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3-4
II . Негізгі бөлім
2.1. Мал басы санының диаграммалық көрінісі . . . . . . . . . . . . . . 5-7
2.2. жылғы мәліметтер бойынша мал санының құрылымдық үлес
салмағы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .8-9
2.3. Ауыл шаруашылығы малдарының салыстырмалы
көрсеткіштері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . 10-11
III. Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .12
IV. Пайдаланған әдебиеттер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13

I . Кіріспе
Статистика термині латын тілінің статус(статус) деген сөзінен шығып, заттың жағдайы, күйі дегенді білдіреді. Бұл сөздің түбірі stato (стато) — мемлекет және statista (статиста) — мемлекет білгірі деген сөздерінен кейінірек статистика сөзі пайда болды.
Статистика — бұл сандық көрсеткіштердің жиынтығы. Ол уақыт өткен сайын өзара байланыста әрқашан дамып, жетіліп, толығып отырады. Олай болса, оқыған, білімді адамдар сол көрсетілген сандық көрсеткіштерді оқи және түсіне білулері керек. Себебі, ондағы көрсетілген сандық көрсеткіштер арқылы мемлекетіміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму немесе кему процестерін толығымен көруге болады. Сонымен бірге статистикалық сандық көрсеткіштерді қолданып, оған талдау жасау арқылы болашаққа, яғни белгілі бір кезеңге болжам жасауға толық мүмкіндік туады. Демек, статистикада жай әншейін берілген құрғақ сандық көрсеткіштер емес, онда тек қана айқын, дәлелді, нақты сандық мәліметтер көрсетіледі. Мысалы, республикамызда қанша халықтың тұратындығы; оның ішінде еңбекке жарамдылары; дүниеге қанша сәби келіп, қанша адамның қайтыс болғаны; өнеркәсіп орындарының өндірген өнімдері, олардың түрлері; халықтың күнделікті керекті тұтыну заттарымен қамтамасыз ету; азық-түлік мөлшерінің қанша және қандай жағдайда екндігі; олардың облыстар, аудандарға қалай бөлінетінің біз әрдайым біліп отырғымыз келеді. Ендеше, ондай сұрақтарға толық жауапты тек статистика арқылы ғана алуға болады.
Статистикалық бақылаудың нәтижесінде жиналған бастапқы мәліметтерді қорытындылаудың негізгі тәсілі топтау әдісі болып табылады.Статистикалық топтау әдісі деп, қоғамдық құбылыстар мен процестерді өздеріне тән белгілеріне, өзара ұқсастығына немесе аса маңызды өзгешеліктеріне, түрлеріне, үлгілеріне (типтеріне) сәйкес бір — бірінен ажыратуға болатын топтар мен ішкі топтарға бөлуді айтады. Мұнда зерттеліп отырған қоғамдық құбылыстар мен процестер жиынтығы жекелеген белгілері бойынша біртекті топтарға бөлінеді. Олардың әрқайсысы статистикалық сандық көрсеткіштермен сипатталады. Сондықтан, топтау әдісі статистикалық зерттеудің аса маңызды кезеңі болып саналады және ол сатылы жүргізіледі.
Топтау әдісінің алдына қойған өз мақсаты мен мәні бар. Оның басты мақсаты — жиналған мәліметтерге талдау жасау үшін ретке келтіріп, ықшамдау, өзгермелі белгілеріне қарай іріктеу, жиынтық бірліктерін қанша топқа бөлу керек екендігін анықтау және көрсеткіштер жүйесін белгілеу. Топтау әдісі статистикалық талдаудың алғашқы сатысы ретінде зерттеу жұмысын әр түрлі бағытта жүргізуге көмектеседі.
Ауыл шаруашылығы экономикасының ең күрделі мәселелерінің бірі — сатып алынатын және сатылатын тауарларға баға теңгермешілігін(паритетін) сақтау, яғни, ауыл шаруашылық өнімдері мен осы салаға арналған өнеркәсіп өнімдері құндарының арасындағы қатынас осы екі саланың да мүддесінен шығу мәселесі. Халқымыздың тұрмыс деңгейін арттыруда бұл мәселені дұрыс шешудің үлкен маңызы бар. Бірде-бір дамыған елде егін және мал шаруашылықтары тұтастай нарықтың ерікті ағысына жіберілмеген.
Республика халқын азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз ету үшін жыл сайын дайындаушы, өңдеуші, сатушы ұйымдардың және жеңіл өнеркәсіп орындарының тауар өндірушілер мен форвардты, фъючерстік контрактілер жасап, кепілдікті сатып алу операцияларын жүзеге асыруы қажет. Сонда тауар өндірушілералдын ала пайызсыз несие алу мүмкіндігіне ие болады. Өйткені, форвардтық операциялар — бұл болашақтағы өнімді қазіргі сату бағасымен контрактілі өткізу де, фъючерстік операциялар — белгілі бір көлемдегі, саладағы болашақтағы өнімнің контрактісін болашақтағы нарықтық баға негізінде сату. Алдағы жылдың өнімін сату — бұл пайызсыз несие алумен қатар, ауыл шаруашылық бағалы қағаздар нарығын құруға, тұрақты сұраныс пен өнімді кепілдікті өткізуге, сатып алушылардың қаржы қорларын тиімді жұмсауына және инфлияциялық процестердің төмендеуіне мүмкіндік береді.

II . Негізгі бөлім
1. Алматы обылысы бойынша мал шаруашылығындағы 2010-2016 ж.ж. аралығындағы мал басының саны

1 — кесте Мың , бас
Жылдар

Мал түрлері
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
Ірі қара мал
819,1
828,8
832,4
852,5
882,3
899,7
928,4
Қой , ешкі
3054,2
3101,5
3138,8
3152,9
3190,9
3264,0
3332,7
Жылқы
232,9
239,0
246,2
253,7
264,2
273,0
285,9

*ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитеті , жедел деректер , Ауыл, орман, аңшылық және балық шаруашылығы статистикасы
Алматы облысының мал шаруашылығында мал мен құстың барлық түрлері артып келеді. Соның ішінде, Сыбаға бағдарламасының арқасында асыл тұқымды ірі қараның үлесі 14 пайызға жеткізіліп, асыл тұқымды қой мен ешкі 21 пайыздан асты. Бағдарлама шеңберінде 20 мыңнан астам басқа арналған 363 фермерлік шаруашылық, 12 мың басқа арналған мал бордақылау алаңдары, 3,5 мыңнан астам репродуктор шаруашылықтары құрылды Оның мәліметінше, ауыл шаруашылығын қолдау аясында биылғы жылдың 10 айында ауылдықтар 13 млрд. теңге қаржылай қолдауға ие болды. Бүгінде облыс ауылшаруашылық өнімдерімен өзін-өзі толық қамтамасыз етіп, басқа өңірлерге шығаруға да қол жеткізді.
Ауыл шаруашылығында жалпы 149,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 103,0% құрады.
153,6 мың тонна (тірі салмақпен) мал және құс еті өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,2%-ке өсті, тиісінше сүт — 353,5 мың тонна (103,8%), жұмыртқа — 523,0 млн. дана (102,5%), қырқылған жүн — 8,3 мың тонна (101,9%).Мал басының саны мынадай көрсеткіштерге … жалғасы