ашық сабақ Сапарғали Бегалин Қырдарн келген жас қазақ
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
ашық сабақ Сапарғали Бегалин Қырдарн келген жас қазақ
Автор: Ескалиева Бакытгүл Жаңбырбайқызы
Бағыты: Жаңартылған бағдарлама Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 4 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-01-02
Материал туралы қысқаша түсінік
жаңартылған оқымаған мұғалімдерге ойдай көмек болады деп ойлаймын.
Пән: Әдебиеттік оқу | Мектеп: №9 орта мектеп | |
Күні: 15.11.2018 | Мұғалімнің аты-жөні: Ескалиева Бақытгүл | |
Сынып: 4 | Қатысқандар саны:15 | Қатыспағандар саны:2 |
Бөлім | Жарық жұлдыздар | |
|
Сапарғали Бегалин. Қырдан келген жас қазақ | |
Сабақтың оқыту мақсаттары | Мәтін мазмұнымен танысады , тақырыбы мен идеясын ашады. Оқушыларға С.Бегалин туралы шығармашылығы туралы мәлімет беру, Шоқан бейнесімен таныстыру, өмірі, шығармашылығы туралы қосымша түсінік алуға мүмкіндік беру;Өзбетінше ізденуін,шығармашылық қабілетін дамытуға, сөздік қорын молайтуға ықпал ету;туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлы тұлға өмірінен үлгі-өнеге алуға тәрбиелеу | |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар
Оқушылардың басым бөлігі Кейбір оқушылар |
|
Күтілетін нәтиже | Оқушылардың бәрі: мәтінді оқиды, түсінеді, бағалауға қатысады, жазба жұмысын орындайды. | |
Оқушылардың көпшілігі: тақырыпты болжайды, қажетті және мағыналас сөздерді табады. | ||
Кейбір оқушылар: жазушыға еліктеп көркем сөйлей алады, нақты дәлелдер келтіріп жазады. | ||
Тілдік мақсат | Оқушылар: Қырдың жас түлегі әңгімесімен танысады.Негізгі сөздер мен тіркестер: Қырдың жас түлегі, Жатақ, кадет корпусы, қамау көшеСыныптағы диалог (жазылым) үшін пайдалы тілдік бірліктер:Талқылауға арналған тармақтар: Тапсырманы орындау барысында қандай тәсілдер қолданасың? Неліктен?Сіз неліктен …… екенін айта аласыз ба?Жазылым бойынша ұсыныстар: | |
Құндылық | Өз ұлтын, халқын құрметтеу және мақтаныш сезімін қалыптастыру; | |
Пәнаралық байланыс | Өмір құндылықтары | |
АКТ қолдану дағдылары | Дерекқордан және ғаламтордан ақпаратты іздеу, табу. | |
Алдыңғы білім | Қазақ әдебиетімен ғылымына өшпес із қалдырған әйгілі тұлғалардың шығармаларын таниды.Олардың жарқын бейнесі, өшпес өнегесі туралы жазылған әңгіме —естеліктерін бұрыннан біледі. |
Жоспар
Уақыт | Жоспарланған жұмыс түрлері | Ресурстар |
30 секунд
1 минут 1 минут 2 минут |
Қызығушылықты ояту:Жұпар иісі аңқыған,Туған жерді сағындым.Ән мен жыры шалқыған,Думанды елді сағындым.Топқа бөліну: 1,2,3 саусақпен санау арқылыӨзара топ: топ басшысы, таймкипер, хатшы, бақылаушы, баяндамашы, суретші, тәлімгер етіп, әр топтың құрамын тағайындау.Үй тапсырмасын «Футбол» ойыны арқылы сұраққа жауап арқылы қортындылайық.1.Қазақ жеріне кімдер шабуыл жасады? (Жоңғар, башқұрттар) 2. 1730 ж. шабуыл жасаған Жоңғар қонтайшысы кім? (Қалден серен)3.Халық неден қатты қиналды? (аштық)4. Қалдан Серен қай жылы дүниеден озды?(1745ж)5.Абылай хан 1774 жылы кімді елге басшы етіп сайлады?(баласы Әділді)6.Абылайқай жылы дүниеден озды және денесі қай жерде жерленді?(1781жылы, Қожа Ахмет Йасауи) | |
Сабақтың басы5 минут
Сабақтың ортасы 20 минут |
— «Балалар, бүгінгі тақырып бойынша не үйренгілеріңіз келеді?»19 – ғасырда өмір сүріп, қазақ халқының мәдениетін дамытуға үлес қосқан халқымыздың 3 көрнекті шамшырағыЫбырай, Абай, Шоқан.Халық Ыбырайды – оқу – ағару ісін дамытушы.Абайды – әдебиетті дамытушы,Шоқанды – ғылымды дамытушы деп бағалаған.Осы Шоқан туралы жазған Сапарғали Бегалиннің Қырдың жас түлегі» атты әңгімесімен танысамыз.«Танып ал» әдісі«Суреттер сөйлейді» ойыны.Шарты: сурет бойынша өз ойларын ортаға салады Сапарғали Бегалин(1895-1983ж)Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында туған. Қазақтың белгілі жазушысы. Ол балаларға арнап 20-дан астам кітап жазып, балалар әдебиетін дамытуға елеулі еңбек сіңірді. Сапарғали Бегалин «Сәтжан»,«Көксегеннің көргендері», «Шоқан асулары», «Алтай аңызы» т.б. көптеген шығармаларды жазған. Бұған дейін ол кісінің қандай тақырыпта, кімдер туралы әңгімелер өттік? Шоқан туралы 2 – сыныпта «Мүсінші Мысық», ал 3 – сыныпта «Мейірім» деген мәтіндерді оқыдық.«Жаңалық легі» әдісіШоқанУәлиханов Шоқан Шыңғысұлы (1835-1865) — қазақтың ұлы ғалымы, ориенталист, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы, демократ. Шын аты — Мұхаммедханафия, әжесінің бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен. Туған жері — қазіргі Қостанай облысындағы Құсмұрын көлінің жағасы. Арғы атасы — қазақтың ұлы ханы — Абылай, Шоқан оның шөбересі. Өз атасы Уәли де хан болған. Ал әкесі Шыңғыс Қазақстанда хандық жүйе жойылып, аға сұлтандықтың енгізілуіне байланысты, аға сұлтан лауазымын иеленген. Шоқан білімі жағынан өзімен бірге оқыған жолдастарынан әлдеқайда озық болды.«Мен ең әуелі қағазымды жақсы көремін. Одан кейін Сібірді, одан кейін Россияны, одан кейін бүкіл адамзатты жақсы көремін…»ІІІ Мағынаны тануСөздік жұмыс. Екі тілде айту.Қамау көше – тұйық көше, Кадет корпусы – патша үкіметі заманындағы әскери оқу орны, Жас Ұлан, Жас сарбаз, Жатақ – жатақхана, общижития.Сергіту сәті. Мен қазақпын қазақпын.Топтық жұмыс№1 «Үш қадамды» сұхбат тәсілі. «Қырдың жас түлегі» мәтінін оқимыз.Мәтінмен жұмыстың мақсатын таныстыру.Мақсаты: мәтінді танысып, түсініп оқып әр бөлімге ат қоямыз. Мәтін бөліктерін топ болып оқып,талдап бір оқушы мазмұнын айту.Кері байланыс
1 Бөлім: Шоқанның сағынышы2 Бөлім: Қатал офицер3 Бөлім: Су жүрек Анатолий.ОүБ құралы: Қол соғып, мадақтау! Сұрақ қою арқылы мәтінге шолу жасау.(топ бір – біріне сұрақ қояды)1. Ертіс бойына балалар қай кезде келеді ?2. Шоқан қай жердің табиғатына тамсана қарады?3.Шоқанның бойын қандай сезім биледі?4.Оның жанына кім келді?5.. Шоқан мен дәрігер не жайлы әңгімелесті6.Мәтіннен Шоқанның еліне деген сағанышы суреттелген жерді тауып оқы.7. “Сен қырдың жас түлегісің. Қыран қырды аңсамай тұра ала ма?!” деген сөздің мағынасын түсіндір.8.“Қорқарың бар қораға кірме” мақалының мағынасын түсіндір.ОүБ құралы. «Жұлдызың жансын, жарайсың!»№2 Жұптық жұмысТапсырма мақсатын таныстыру. Берілген сөйлемдерге оқулықтан қарай отырып көп нүктенің орнына керекті сөзді тауып толықтырып жазу Қалай орындаймыз?Сібір өлкесіне көңілді ….……. ……….келді.Өзеннің қыста …. ……….болып қатқан мұздар еріп, сең жүре бастаған.Көз алдында жас туған төлдерге қуансынып, …….…… балалар,…… ……….елестеді.Шоқан корпустың дәрігерін ….. ………..тани кетті.-Ғафу етіңіз, Василий Матвеевич,мен сізді қалай келіп ………………. қалдым, — деп әдеппен сәлем берді.т.бОүБ құралы. «Өренің өссін,шырағым!» |
ОүБ құралы |
Сабақтың соңы3 минут | ІV. Қорытындылау«Иә, жоқ» ойыны1. Шоқан Уәлиханов зерттеуші, саяхатшы,ғалым. (ия)2. Кадеттегі балалар Сырдария бойына келді.(жоқ)3. Шоқан Омбы қаласында білім алды.(жоқ)4.Корпус дәрігері Евгений Матвеевич.(ия)5.Шоқан қырдың баласы.(ия)ОүБ құралы. «Алақан»әдісі | |
Рефлексия: Сабақ нәтижелерін талкылау қортындылау
|
«Екі жұлдыз бір ұсыныс» тәсілі көмегімен кері байланыс беру. Мақсаты: Екі жұлдыз екі ұнаған нәрсе жұмыс туралы, тілек жақсартуды қажет ететін нәрсе.
ОүБ құралы: Бас бармақты көрсету! |
|
Үйге тапсырма 1минут | 3-нші сыныпта оқыған әңгіме мен үлгілік сызбаға сүйеніп Шоқан Уәлиханов туралы жаз. |
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.