«Ақиқатты жолға алып, ақиқатпен өмір бастаймыз»
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
«Ақиқатты жолға алып, ақиқатпен өмір бастаймыз»
Автор: Латыпова Балжан Берікқызы
Бағыты: Өзін-өзі тану Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 1 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-01-03
Материал туралы қысқаша түсінік
«Ақиқатты жолға алып, ақиқатпен өмір бастаймыз»
Сабақ мақсаты: «Тәртіп» пен «парыз» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.Міндеттері: — Оқушыларға тәртіп пен парыз туралы түсінік беру;— Өзін тәртіпті ұстауға қызығушылықтарын, сенімділіктерін арттыру;— Ізгілікке, бірін – бірі сыйлауға тәртіпті жүруге тәрбилеу; | Ресурстар:үнтаспа, ватман, маркер. |
Сабақ барысы:І. Ұйымдастырукезеңi. Тыныштық сәтi.Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз…Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет. | Сабақ барысын талдау: |
ІІ. Дәйексөз.«Жақсы тәртіп көрсе бала күнінде,үлгісімен қуантады түбінде»Жүсіп Баласағұн(оқушылар талдап болғасын 2 рет қыздарға айтқызу 2рет ұлдарға айтқызу. Барлығы бірге 4рет айтып шығады) | |
ІІІ. Әңгiмелеу
|
|
ІҮ. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.1 – тапсырмаСуреттерге қараңдар. Оған қандай тәртіптілік ережесін ұсынар едің? Айтып беріңдер.2 – тапсырмаСуреттерге қарап, әңгіме құрастырыңдар.«Мен тәртіпті баламын»3 – тапсырмаҮлкендердің көмегімен Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының (1910 — 1982) тәртіп, парыз туралы айтқан дана сөздерімен танысыңдар.Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Мыңбұлақ ауылында туған.Имаш бабасы 1911 жылы 92 жасында дүниеден өткен. Әкесі Момыш өз бетімен ескіше сауат ашқан, кирил алфавитімен оқуды меңгерген сол кезеңдегі көзі қарақты адамдардың бірі болған. Ел арасында ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал болатын. Имаш атасы қартайған кезінде барлық шаруашылықты Момыш ұлына табыстаған. Әжесінің есімі — Қызтумас, қартайған шағында ағайын-туыс «сары кемпір» деп атаған. Анасы Рәзия дүниеден ерте өтіп, Бауыржан 3 жасынан бастап Қызтумас әжесінің қолында өседі.Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 — 10 маусым 1982) — Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.[1]Батыс майданындағы 16 армияның 316 (1941 жылдың қарашасынан бастап 8-гвардиялық Қызылту атқыштар дивизиясы 1073 атқыштар полкінің (1941 жылдың қарашасынан 19 Гвардия полкі) және батальон командирі. Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Мәскеу үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты. 1941 жылдың 16-18 қараша күндері вермахтың Мәскеу бағытында екінші мәрте жасаған жорығы кезінде аға лейтенант Момышұлы басқарған батальон дивизиядан қашықта, Матронино деревнясының жанында Волоколамск тасжолында асқан ерлікпен ұрыс жүргізді. Білікті комбаттың басшылығы арқасында 3 күн бойы фашистер шабуылын тойтарып, батальон үлкен шығынсыз, ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан шығады ШығармаларыҰшқан ұя (1974 жыл)Мәскеу үшін шайқас,Жауынгердің тұлғасы,Майдан,Майдандағы кездесулер,Генерал Панфилов,Төлеген Тоқтаров,Куба әсерлеріАдам қайраты (1981 жыл)Елбасына күн тусаПсихология войныБатырдан қалған өсиетҚазақтың Бауыржан Момышұлындай ұлы перзентін таныстырып жату артық. Ел оның ерлігін, жазған кітаптарын біледі. Оның мірдің оғындай қанатты сөздері де халықтың аузында жүр. Сөйтсе де сол сөздерді жүйелеп беріп, жинақтаса, ол жаңа бір сипатқа еніп, халқымыздың батыр ұлының абыздық қырын аша түседі екен.Бауыржан Момышұлының қанатты сөздерін оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік.Ерлік – тәрбие жемісі.Жауынгерлік тәрбие әскери киімде емес, жөргекте жатыр.Солдаттың анасы – Отанның анасы.Ақылды кісінің сөзі де, өзі де сүйкімді.Жақсы солдат командирге ұстаз, ал, жаман, ақымақ генерал командир түгілі солдатқа ұстаз бола алмайды.Соғыстың заңы – өте қатал заң.Біреудің қатесін орынсыз кешіруге болмайды.Ақкөңіл деген нәрсенің екі түрі бар: аңғал ақкөңіл, ақылды ақкөңіл.Жалтақтардың көбі ақымақ, әкімқұмар келеді.Орынды іске, пайдалы қаталдыққа ешкім өкпелемейді.Символдық сыйлықтарды қара бастың құлқынына құрбан ету – қасиетсіздік.Мақтау қауіпті нәрсе. Мақтаудың екі түрі бар: біріншісі – қара ниетті мақтау, екіншісі – ақ ниетті мақтау.Адамның көзқарасы мен түрі – жан дүниесінің рентгені.Орынды зіркілдеу – сабақ, орынсыз зіркілдеу – азап. Орынды зіркілдеу жастарды дұрыс жолға, орынсыз зіркілдеу бұрыс жолға салады.Терлеп еңбек етпегеннің тілегіне жеткенін көргенім жоқ.Ежелден ер тілегі – ел тілегі. Адал ұл ер боп туса – ел тірегі.Опасызда Отан жоқ.Отанда опасызға орын жоқ.Отаның үшін отқа түс – күймейсің.Айғаймен ала алмайсың, ақылмен, айламен басқар.Тәрбиелі – тәртіптің құлы.Тәртіпті – елдің ұлы.Ар-жақсылық пен зұлымдықты, шындық пен жалғандықты, әділдік пен әділетсіздікті және басқаларды анытайтын адамгершілік ұғым. Бұл-адамның іс-әрекетін ақиқат, шындық пен әділдік жөніндегі ұғымдар түсінігіне байланысты реттейтін, парыздың қаншалықты орындалған немесе орындалмағанын анықтайтын, нені істеп, неден бас тартуға тура келетінін көрсететін сзім. Қысқасын айтанда, ар- парыздың бақылаушысы, адам өмірін реттеуші. | |
Ү. Топпен ән айту.Көк аспанда Күн күлсін!Бірге күлсін бүлдіршін.Көк аспанда Күн күлсін,Жерге ұдайы нұр құйсын! | |
ҮІ. Соңғы тыныштық сәтi.Баяу музыка қосылады.— Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады. |
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.