Әңгіме: Сүлеймен Баязитов Шанин атын ауылдың жөн сақтаған

0

(Ұстазым Қабдолла Кәлиұлы Смағұловқа)

Кешегі Абылайдың заманында

Батқан сәт су болды ма дала мұңға.

Сарыарқа жатты талай қанға бөгіп,

Қазақ қыры жаулардың табанында.

Білесіз езілгенін, жаншылғанын

Ұмытып дала иесі Алаш барын.

«Қынадай бірін қоймай қырыңдар!»- деп

Тепсініп тексіз жоңғар төкті зәрін.

Сәтінде Абылай Бұқарды шақырғанын

Кеңесін ұйып тыңдап данышпанның.

Сан рет тас-талқан қып жауын жеңіп,

Жаңғақтай кей тұстарда шағылғанын.

Қазақтың күш қуатын танытқанын,

Жоңғарды айласымен сан ұтқанын.

«Абылай» деп төбесіне көтерсе де ел,

Ардақ тұтқан Бұқардай данышпанын.

Ал Бұқар:

«Әй, Абылай»,- деуден де тайынбаған,

Ашық айтып, бедерлеп ойын әман.

Хан- ханымды шашар деп іркілмеген,

Жыр толғаған.

-Әй, Абылай! Айтам саған

Жырларына жұрт таныс

Сол жырлармен – ғасырдан біздерге алыс.

Жеткен сөзді еске алу артық болмас,

Бұқар сөзін кейбіреу қылған намыс.

-Алтын торы жырауын барад лағып,

Байқамайсың, хан ием, мұны нағып?

-Тексіз деп пе ең

Түсінбес емеурінді?-

Абылайдың шықты үні тегеурінді.

Алтынторы – Алаштың Бұқары ғой,

Әулиесі Алашқа сілтеген жол.

Осы сөзді айта жүр өзгелерге,

Кездеспеспіз мұнан соң хош аман бол!..

Күншілдер, рушылдар, жағымпаздар,

Өресі тар, көр соқыр ақылы аздар.

Абылайды

Бұқарға айдап салған,

Ақыры бармақ шайнап тартқан азар.

Сол Бұқар бабамыз ед бәріміздің,

Жасымыз бен жасамыс кәріміздің…

Ізбасары Жүсіпбек, Жұматтарды

Жүргеніміз танымай әлі біздің.

Көр кеуде болар, бәлкім, пасықтықтан,

Неге біз ұлымызды танымаймыз

Алты алашқа әйгілі аты шыққан?!

Танысақ жоқты көкіп таласар ма ек,

Шанин атын ауылдан аластар ма ек?

Біз түгіл айыр қалпақ қырғыздар да,

Шанинді пір тұтқаны жарасад, тек…

Ешкімді келмесе де кінәлағым,

Рушылдық пердесі бейне сағым.

Санасын үлкен- кіші тұмандаған,

Жарар-ау байламаса елдің бағын,

Сындырмаса күні ертең ұрпақ сағын.

«Пұлымды арқаланба, Арды арқалан,

Сол сәтте мөп-мөлдір боп тұнар санаң.

Санаңа сәулеленген ерік берсең,

Көк мұзда, қия шыңда таймас табан»,-

Дегенді қариялар көп айтатын…

Есіме осы сөзді салған Қабаң

Албырт ойы «елім» деген елегезумен

Ел іргесін жеткізген бұл күнге аман.

Оңтайлы ой, орайлы іске тірер табан,

Қайратты ұрпақ, ел үмітін артам саған.

Ел үмітін ақтамас тегі жаман,

Кемел ойлап дәл пішер кезің жетті,

Бүгері жоқ тайғақтап тайсақтаман.

Өздеріңнен өтініп сұранарым,

«Шанин» атын ауылдың жөн сақтаған.

Сүлеймен Баязитов