Әңгіме: Нұрбол Бимұрзаев | Теледидар және балалар
Соңғы жылдары жасалып жатқан ғылыми зерттеулер нәтижесінде теледидардың ми функцияларына зиянды әсер ететіндігі анықталуда. Бұл зерттеулерден шығарылған нәтиже миымыз үшін теледидар көрумен, дуалға қарап отырудың айтарлықтай айырмашылығы болмауында. Бұл нәтиже бір қарағанда қисынға сай келмейтіндей көрінеді, алайда теледидар алдында миымыз автопилот режиміне еніп кетеді екен. Мұны бір тұтам азықты шайнамастан жұтып жібергенмен тең десе болады. Едәуір мөлшердегі ақпараттар талқыланбай, өңделмей миға тола береді. Бір сценарийге, шытырман оқиғаға ден қойылса да нәтиже осындай. Ми теледидар көре бастағаннан 60 секундтан кейін белсенділігін жоғалтады. Теледидардың бұл қасиеті ең көп жарнамашылар тарапынан қолданылуда. Жарнама көрсетіліміндегі ескертулер тез өзгеретіні соншалық, миымыз бұл жылдам өзгерісті ұстап қалу үшін бүкіл зейінін экранға бағыттайды. Ми гипнозға түскендей белсенділігін жоғалтып, жарнамасы жасалған өнімге талап қалыптастырылған болады.
Байқаған болсаңыздар көгілдір экранға жарнама шыққан кезде балалар тып-тыныш отыра қалып көреді. Өйткені ми есірткі алғандай болып, автопилот режиміне өтеді. Аналар осыны пайдаланып жарнамасы бар каналдарды таңдап, қойып жатады. Бірақ осы арқылы баланың миын қажетсіз көріністермен толтырып жатқандығы және оның зейінінің жетілуіне болымсыз тұрғыда әсер етіп жатқандығынан хабары болмайды.
Кейбір ата-аналар баланы тыныштандыру үшін теледидардың алдына отырғызады. Әлі сөйлеу білмейтін, көп уақытын теледидар басында өткізуге дағдыланған баланың ми функцияларында ақау болмасына кім кепіл? Баламен көп уақыт өткізудің орнына, олардың мазасыздығынан құтылу секілді әртүрлі сылтаулармен жасалып жатқан мұндай қателіктің зардабын балаларға тарттыру дұрыс емес.
Теледидарда әртүрлі жас талғамдарына сай көрсетілімдер жетіп артылатыны баршаға мәлім. Сол себепті бір сәтте басқа басқа каналдарды көргісі келетін отбасы мүшелері арасында талас-тартыс болары да сөзсіз. Мұндай келеңсіздікті отбасылар әр бөлмеге бір теледидар қою арқылы шешуде. Бір-бірінен бөлек бөлмелерде күн кешетін отбасыларда өскен бала махаббат пен қарым-қатынастан махрұм түрде өмір сүруі мүмкін. Ата-аналар арасында кейде шаршағандарын желеу етіп бүкіл кешті теледидар көріп өткізетіндері бар. Осындай сәтте бөлмесінде сабақ оқып жатқан баланың басқа отбасы мүшелері теледидар алдында отырғанда дәрістеріне толығымен зейін аударуы қиын болады. Мұндай жағдайда өсіп жатқан баланың сабағының бәсеңдегеніне өзіміз кінәлі екенімізді көбіміз аңғара бермейміз. Мұндай тақырыпта баламызға жақсы үлгі болу, қажет кезде теледидарды сөндіріп, онымен уақыт өткізу, сабағын бірге қадағалау орынды болады.
Оқуға кеңес береміз:
Теледидар және отбасы
Теледидардың көзге зияндары
Жастар және теледидар