Әңгіме: Артур Конан Дойл | Жырық ерін
Әулие Георгий атындағы діни білім беретін колледждің ұстазы, кісі қолынан жазым болған марқұм Элиас Уитнидің інісі Айза Уитни наша тартуға дағдыланып алды. Колледжде жүрген кездің өзінде-ақ де Куинсидің нашақордың көретін түсі мен алатын әсері сипатталатын кітабын оқығаннан кейін аталмыш жазушының нендей кепті бастан кешкеніне көз жеткізу мақсатында әсіре әуестікпен темекіге апиын қосып тарта бастаған. Басқалар сияқты бүл да тастаудан гөрі тартудың әлдеқайда оңай болатынына көп ұзамай-ақ көз жеткізді, сөйтіп күллі дос-жаранының аяушылығын туғызып, үрейін ұшырып, ұзақ жылдар бойы өз құштарлығының құлы боп қала берді. Оның сарғыш тартып ісінген болбыр беті мен қарашығы сығырайып кеткен мөлиген көзін, креслода дәрменсіз жатқан денесін көз алдымда ап-анық көріп тұрмын – бір кездегі көшелі азаматтың қаусап, қалжырап біткен қалдығы еді бұл.
Бір күні кешкісін, 1889 жылғы маусым айында, дәп сол қайта-қайта есінеп, сағатқа қарағыштай беретін шақта, біреу келіп пәтерімнің қоңырауын шылдыратты. Мен креслоға тіктеліп отырдым, ал тігіп жатқан нәрсесін тізесіне қоя салған әйелім жақтырмай қабағын шытты.
— Науқас қой! — деді ол. — Ауырып жатқан біреуге баруыңа тура келетін болды.
Мен күрсініп алдым, себебі күні бойы дамылсыз жұмыс істеп шаршап, әлгі әзірде ғана үйге оралғам.
Ашылып жатқан есіктің салдырын, асыға сөйлеген біреудің дабыр-дұбыр дауысын және дәлізбен жедел адымдап келе жатқан аяқ дыбысын естідік. Бөлменің есігі шалқасынан ашылып, ішке қоңырқай түсті киім киген, бетін қара шілтермен бүркеп алған бір келіншек кіріп келді.
— Беймезгіл уақытта мазалап тұрғанымды айыпқа бұйырмаңыз, — деп сөйлей бастаған ол кенет еркінен айрылып қалды да, тұра ұмтылып әйелімді құшақтай алған күйі еңіреп жіберді. — Ой, мен үлкен қасіретке тап болдым! Маған қол ұшын беретін кім бар екен! -деп дауыс салды ол
— Өй, бүл Кэт Уитни ғой, — деді әйелім оның шілтерін көтеріп. — Шошытып жібердің ғой, Кэт. Бұл сен екен деп ойласам неғыл дейсің.
— Не істерімді білмей басым қатып кетті. Сосын саған баруды ұйғардым.
Бұл әдеттегі жағдай болатын. Бәлеге басы іліккен жұрттың бәрі жарыққа үймелеген көбелектей әйеліме қарай ағылатын.
— Өте дұрыс жасағансың! Жақсылап жайғас мына жерге, су қосылған шарап іш, сосын не болғанын асықпай айтып бер. Бәлкім, Джонды жатын бөлмесіне жөнелткенімді қалайтын шығарсың?
Жо-жоқ! Дәрігердің де кеңесі мен көмегі керек. Әңгіме Айза жайында. Үйге келмегеніне, міне, екі күн болды. Бірдеңеге ұшырап қалды ма деп зәрем жоқ.
Сормаңдай күйеуі турасында ол бізбен алғаш рет әңгіме-дүкен құрып отырған жоқ-ты -менімен дәрігер ретінде, ал жұбайыммен мектепте бірге оқыған ежелгі құрбысы ретінде сөйлесіп жүретін. Оны қолымыздан мейлінше жұбатып, көңілін тыныштандырып бағатынбыз. Күйеуі қайда жүргенін әйелім біле ме екен? Бәлкім, оны үйіне алып келуге көмектесерміз?
Әлбетте, оны іздеп табу қиындық келтірмейтін. Әйелінің айтуынша, соңғы кезде о л нашаны әрдайым бір притонға барып тартады екен. Бұл притон Ситиде, шығыс беттегі шалғай орамда орналасқан болатын. Күні кешеге дейін күйеуі күні бойы жынойнақ жасайтын да, кешкісін әбден қалжырап, сілікпесі шыққан халде үйіне оралатын. Ал бұл жолы екі тәулік бойы төбе көрсетпей отыр. Әрине, сол жерде, портты жағалаған жексұрындар арасында, улы түтінді жұтып немесе ес-түссіз ұйқыға батып жатқаны .анық. Оның Аппер-Суондам-лейндегі «Сом алтында» екеніне Кэт ешқандай күмән келтірмейді. Енді оған не істеу керек? Әрі жас, әрі ұялшақ, жуас келіншек ол жерге барып, күйеуін бұзақылар жайлаған қасқыр апаннан алып шыға ала ма? Істің жай-күйі осындай еді, оған тек мен ғана көмектесе алатынмын.
Бірге барудан бас тартуыма болатын ба еді? Айтқандайын, бұған онда барудың қажеті қанша? Мен Айза Уитниді емдеп жүргем, сондықтан дәрігер ретінде оған белгілі бір дәрежеде ықпал ете алатынмын. Оны жөнге салу үшін жалғыз барғаным жеңілге түсетіні анық еді, бұған сенімім кәміл болатын. Егер ол шынымен «Сом алтында» болса, онда күйеуіңді екі сағаттың ішінде күймеге кездегі көшелі азаматтың қаусап, қалжырап біткен қалдығы еді бүл.
Бір күні кешкісін, 1889 жылғы маусым айында, дәп сол қайта-қайта есінеп, сағатқа қарағыштай беретін шақта, біреу келіп пәтерімнің қоңырауын шылдыратты. Мен креслоға тіктеліп отырдым, ал тігіп жатқан нәрсесін тізесіне қоя салған әйелім жақтырмай қабағын шытты.
— Науқас қой! — деді ол. — Ауырып жатқан біреуге баруыңа тура келетін болды.
Мен күрсініп алдым, себебі күні бойы дамылсыз жұмыс істеп шаршап, әлгі әзірде ғана үйге оралғам.
Ашылып жатқан есіктің салдырын, асыға сөйлеген біреудің дабыр-дұбыр дауысын және дәлізбен жедел адымдап келе жатқан аяқ дыбысын естідік. Бөлменің есігі шалқасынан ашылып, ішке қоңырқай түсті киім киген, бетін қара шілтермен бүркеп алған бір келіншек кіріп келді.
— Беймезгіл уақытта мазалап тұрғанымды айыпқа бұйырмаңыз, — деп сөйлей бастаған ол кенет еркінен айрылып қалды да, тұра ұмтылып әйелімді құшақтай алған күйі еңіреп жіберді. — Ой, мен үлкен қасіретке тап болдым! Маған қол ұшын беретін кім бар екен! -деп дауыс салды ол
— Өй, бұл Кэт Уитни ғой, — деді әйелім оның шілтерін көтеріп. — Шошытып жібердің ғой, Кэт. Бұл сен екен деп ойласам неғылдейсің.
— Не істерімді білмей басым қатып кетті. Сосын саған баруды ұйғардым.
Бұл әдеттегі жағдай болатын Бәлеге басы іліккен жұрттың бәрі жарыққа үймелеген көбелектей әйеліме қарай ағылатын.
— Өте дұрыс жасағансың! Жақсылап жайғас мына жерге, су қосылған шарап іш, сосын не болғанын асықпай айтып бер. Бәлкім, Джонды жатын бөлмесіне жөнелткенімді қалайтын шығарсың?
Жо-жоқ! Дәрігердің де кеңесі мен көмегі керек. Әңгіме Айза жайында. Үйге келмегеніне, міне, екі күн болды. Бірдеңеге ұшырап қалды ма деп зәрем жоқ.
Сормаңдай күйеуі турасында ол бізбен алғаш рет әңгіме-дүкен құрып отырған жоқ-ты -менімен дәрігер ретінде, ал жұбайыммен мектепте бірге оқыған ежелгі құрбысы ретінде сөйлесіп жүретін. Оны қолымыздан келгенінше жұбатып, көңілін тыныштандырып бағатынбыз. Күйеуі қайда жүргенін әйелім біле ме екен? Бәлкім, оны үйіне алып келуге көмектесерміз?
Әлбетте, оны іздеп табу қиындық келтірмейтін. Әйелінің .айтуынша, соңғы кезде ол нашаны әрдайым бір притонға барып тартады екен. Бұл притон Ситиде, шығыс беттегі шалғай орамда орналасқан болатын. Күні кешеге дейін күйеуі күні бойы жынойнақ жасайтын да, кешкісін әбден қалжырап, сілікпесі шыққан халде үйіне оралатын. Ал бүл жолы екі тәулік бойы төбе көрсетпей отыр. Әрине, сол жерде, портты жағалаған жексұрындар арасында, улы түтінді жұтып немесе ес-түссіз ұйқыға батып жатқаны анық. Оның Аппер-Суондам-лейндегі «Сом алтында» екеніне Кэт ешқандай күмән келтірмейді. Енді оған не істеу керек? Әрі жас, әрі ұялшақ, жуас келіншек ол жерге барып, күйеуін бұзақылар жайлаған қасқыр апаннан алып шыға ала ма? Істің жай-күйі осындай еді, оған тек мен ғана көмектесе алатынмын.
Бірге барудан бас тартуыма болатын ба еді? Айтқандайын, бұған онда барудың қажеті қанша? Мен Айза Уитниді емдеп жүргем, сондықтан дәрігер ретінде оған белгілі бір дәрежеде ықпал ете алатынмын. Оны жөнге салу үшін жалғыз барғаным жеңілге түсетіні анық еді, бұған сенімім кәміл болатын. Егер ол шынымен «Сом алтында» болса, онда күйеуіңді екі сағаттың ішінде күймеге отырғызып үйіңе қайтарып жіберем деп, келіншекке уәде еттім.
Жанға жайлы қонақ бөлмедегі креслоны тастап, он минуттан соң экипажбен қаланың шығыс жақ бөлегіне қарай зымырап бара жаттым. Оғаштау іспен айналысқалы тұрғанымды білетінмін, алайда іс жүзінде бүл өзім күткендегіден де оғаш нәрсе боп шықты.
Әу баста бәрі ойдағыдай болды. Аппер-Суондам-лейн дегенің — өзеннің солтүстік жағалауын бойлап, Лондон көпірінен шығысқа қарата ұзын-шұбақ жалғасып жатқан кеме жасап, жөндейтін үлкен зауыттардың сыртындағы қоқысқа толы тұйық көше болатын. Өзім іздестіріп жүрген притон әлдебір жадау дүкенше мен ішімхана ортасындағы жертөледе орналасқан боп шықты; үңгірге ұқсас осынау қап-қара қуысқа тепкішегі тік баспалдақпен түсу керек екен. Тепкішектердің орта тұсы ойдым-ойдым — сансыз көп мас аяқтың төмен түсіп, жоғары шыққан тәлтірек қадамы қалдырған із болатын бұл Делбешіге күте тұруға әмір еттім де, төмен түстім. Есіктің жоғары жағына ілінген жермай шамның жыпылықтаған жарығын пайдаланып ысырманы тауып, қызыл-қоңыр түсті қою түтінге толы, төбесі аласа ұзын жайға келіп кірдім; эмигрант әкеле жатқан кеме палубасындағыдай, қабырғаларды бойлатып ағаш сәкі орнатылыпты.
Адамдардың не қилы сөлекет, ақылға сыйымсыз позада жатқан, — бірінің кеуде тұсы бір жағына бұратылып кетіпті, екіншісі тізесін көкірегіне қарай тартып алыпты, басын шалқайтып жіберген тағы біреуінің иегі жоғары шошайып қалыпты, — жансыз денелерін қараңғы қапастан зордың күшімен ажыраттым. Жанары өшіп, қара тұман торлаған көздердің маған әр жерден бір мөлие қарап қалғанын байқадым. Темір қорқор табақшаларындағы титімдей от ұшқыны қара түнек арасынан кейде өрши, кейде көмескілене жылтырайды. Көпшілігі үнсіз жатыр, кейбірі әлдене жайында міңгірлейді, өңгелері бір сарынды бәсең дауыспен біресе аузы-аузына жұқпай асығып-аптығып, әсіресе табан асты тына қалып, бірдеңе айтып жатыр; .алайда, сөз тыңдап жатқан жан баласы жоқ-ты — әркім өз ойымен өзі әуре болатын. Төленің арғы шетінде қызыл мен жалын атқан шағын оттық түр, жанындағы үш аяқты орындықта ұзын бойлы, жұқалтаң қарт отыр; қолымен иегін таяп, шынтағын тізесіне тіреп алған күйі отқа қас қақпай қарап қалған.
Ішке кірген бойда жаныма қараторы өңді малай1 жүгіріп келді, маған қорқор мен бір сыбаға наша ұсынып, сәкідегі бос орынды көрсетті.
Рақмет, зауқым жоқ, — дедім мен. — Досым Айза Уитни осында болатын. Сонымен сөйлесуім керек еді.
Оң жағымнан әлдекім қозғалақтады, маңқ еткен дауысты құлағым шалды — қараңғылыққа үңіле қарап, өңі қуқыл тартқан, қабағы қатыңқы, шашы ұйпа-тұйпа Уитнидің өзіме бағжия көз тігіп отырғанын көрдім.
— Құдай-ау, бұл Ватсон ғой! — деді ол
Мастығынан енді ғана айыққан оның тұла бойын тұтас діріл билеп алған еді.
— Уақыт қанша қазір, Ватсон?
— Он бір боп қалды.
— Бүгін қай күн өзі?
— Жұма, он екінші маусым.
— Апырай-ә! Мен әлі сәрсенбі ғой десем. Жоға, бүгін сәрсенбі. Қалжыңдап тұрмын деңізші! Адамды тектен-тек қорқытып не көрінді сізге! – Ол алақанымен бетін басып, ыңырси бастады.
— Айтып тұрмын ғой, бүгін жұма деп. Екі күн болды, зайыбыңыздың күтіп отырғанына. Ұят емес пе?
— Ұят. Бірақ сіз бірдеңені шатастырып тұрсыз, Ватсон. Бүл жерде болғаныма бар-жоғы бірнеше сағат қана. Үш пе әлде төрт пе… ұмытып та қалдым, қорқор тарттым. Бірақ енді сізбен бірге үйге қайтам. Кэттің өзімді мынадай сықпытта көрмегені жөн… Бейшара Кэт -ай! Қолыңызды созыңызшы. Күймеңіз бар ма?
— Бар. Есік алдында тосып тұр.
— Ондай жағдайда тап қазір аттанамыз. Бірақ әуелі ақша төлеуім керек. Қанша қарыз екенімді сұрап біліңізші, Ватсон. Сілем құрып отыр. Саусақ қимылдатар шамам жоқ.
Апиынның бас айналдырар улы түтініне мелдектеп қалмау үшін тынысымды барынша тежеп, қос қатар боп жайғасып қорқор тартып жатқан бәңшілер арасындағы тар өткелекпен қожайынды іздеуге кеттім. Оттық жанында отырған ұзын тұра қартпен қатарласқан кезімде әлдекім бешпетімнің етегінен тартып қалғанын сездім. Артынша:
— Әрменірек өтіп кетіңіз де, кері бұрылып қараңыз, — деген сыбырды құлағым шалды.
Бұл сөзді ап-анық естідім. Оны тек осы отырған қарттың ғана айтуы мүмкін еді. Алайда ілмиген арық, жасы ұлғайғандықтан бүкшиіп, бүктетіліп кеткен бұл қарт сол бұрынғысынша бей-жай қалыпта, өзімен-өзі боп отыр еді; наша салынған қорқоры әл-дәрменнен айрылған саусақтарынан сусып екі тізесінің арасында салбырап қалыпты. Бір-екі адым ілгері озып, арт жағыма көз жібердім. Таңғалғаннан талып түсе жаздадым. Қария менен басқа жан баласы көре алмайтындай ыңғай тауып, әлпетін маған қарата бұрды. Сол сәт бүкшиген денесі тұтқиылдан тіктеліп, әжімі жазылып сала берді де, буалдыр жанары әдеттегідей жайнап шыға келді — дал болған түріме мысқылдай езу тартып от басында Шерлок Холмстың өзі отыр еді. Білдіртпей белгі кіріп қасына жақындауымды сұрады да, қайтадан ерні салбыраған, тұла бойы қалтыраған қарияға айнала қойды.
Холмс! Бұл жерде, мына притонда не істеп жүрсіз? — деп сыбырладым.
Барынша жаймен сөйлеңіз, — деді ол да сыбырлап, — саңырау емеспін, естіп тұрмын. Делқұлы досыңызбен қош айтыссаңыз, сізбен әңгіме-дүкен құру бақытына ие болар ем.
— Мені күйме күтіп тұр.
— Ендеше досыңызды үйіне аттандырып салыңыз. Оған қам жемеуіңізге болады: әлденендей бір бәлеге ұшырап қалардай қарекет жасар қауқары жоқ. Сосын мені жолықтырғаныңызды, қасымда қалатыныңызды айтып әйеліңізге атшыдан қағаз жазып жіберіңіз. Мені көшеден күтіңіз, бес минуттан кейін шығам.
Шерлок Холмстың қолқасынан бас тарту қиын: оның өтініші қашан да нақтылы және әрдайым сабырлы да өмірлі үнмен айтылады. Оған қоса, Уитниді күймеге жайғастырған сәтте-ақ оның алдындағы борышым өтелген боп саналатынын, сөйтіп даңқты досымның күнделікті іс тәжірибесін құрайтын адам айтса нанғысыз шытырман оқиғалардың біріне араласуға өзіме еш нәрсе бөгеуіл бола алмайтынын іштей жақсы сезіп тұрғам. Сондықтан дереу жұбайыма қағаз жаздым, Уитнидің ақшасын төлеп, оны күймеге отырғыздым да, үйдің жанында тұрып досымды күте бастадым. Күйме бірден қараңғылық құшағына еніп ғайып болды. Бірнеше минуттан кейін бәңханадан қария сыртқа шықты, біз көше бойлап жүріп кеттік. Екі орам бойына ол бүкшиген қалпынан танбай, қарт адамша аяғын қалтырақтай басумен болды. Сосын арт жағына асығыс көз жүгіртіп өтті де, бойын тіктеп, бар дауысымен қарқылдап күліп жіберді.
— Шамасы, кокаин уколын алғанымен қоймай, енді наша шегуге кіріскен екен, жалпы алғанда, мені жаман әдеттерге белшесінен батқан екен деп ойлап қалдыңыз-ау, Ватсон, -деді Холмс. — Бұл турасында өзіңіз жанашырлық білдіріп, медициналық ой-пікіріңізді айтқан да болатынсыз.
— Сізді ана жерден жолықтырғанда шынымен таңырқап қалдым.
— Өзіңізді көргенде мен сізден де гөрі қаттырақ таңырқадым.
— Ол жерге досымды іздеп барғам.
— Ал мен — жауымды.
— Жауымды дейсіз бе?
— Иә, жауымды. Дәлірек айтқанда, із кесіп жүрмін… Тоқ етері, Ватсон, қазір мен айрықша қызықты бір іспен шұғылдана бастадым, осыған орай бәңшілердің пәтуасыз мылжыңынан бірдеңе біліп алуға болар деп үміттенгем. Бұрын кей-кейде маған мұның сәті де түсетін. Егер әлгі жан түршігерлік қуыста біреу-міреу мені танып қалар болса, өмірімді соқыр тиынға баламас еді: өйткені өз шаруаларыммен онда бұрын да болдым ғой, соны білген притонның қожайыны, жексұрын ласкарь, сазайын тарттырам деп ант-су ішіпті. Әлгі үйдің артында, Әулие Павел верфіне таяу маңда, құпия есік бар, егер оған тіл бітсе тас қараңғы түнде бүл есіктен нені алып шығатындары жайында не қилы шерлі хикаяны жыр ғып берер еді.
— Мәйіттер-ау алып шығатындары?
— Иә, Ватсон, мәйіттер. Притонда ана дүниеге аттандырылған әрбір бейшара үшін мың фунт стерлингтен алып тұрса ә дегенде-ақ миллионер боп шыға келмей ме. Бұл -жағалаудағы ең қатерлі орын. Невилл Сент-Клерді і он жерге алдап-сулап алып барыпты, ол байғұс енді үйіне қайтып оралмайтын шығар деген қаупім бар. Бірақ біз де қақпан құрып қоямыз.
Шерлок Холмс аузына екі саусағын сұғып жіберді де, ысқырып қалды. Жауап ретінде жырақтан тап осындай ысқырып жетті, сосын біз арба доңғалақтарының салдыр — гүлдірі мен ат тұяқтарының дыбысын естідік.
— Қалай, Ватсон, менімен бірге барасыз ба? — деді Холмс, көшенің тас төсеміне жарық шашқан қос фонары бар екі аяқты арба қараңғылық қойнауынан сумаң етіп шыға келген кезде.
— Егер сізге пайдам тиер болса…
— Адал жолдас қай кезде де пайдалы, оның үстіне, ол бастан кешкендерімізді хатқа түсіріп жүрген адам болса. «Самырсындағы» бөлмемде екі кереует тұр.
— — «Самырсындағы» дейсіз бе?
— Иә. Мистер Сент-Клердің үйі солай аталады. Бұл істі аяқтап шыққанша сонда тұрмақпын.
— Ол қай жерде?
— Кентте, Лиден онша қашық емес. Жеті мильдей ғана жүру керек.
— Түк түсінсем бұйырмасын.
— Таңырқайтын ештеңе жоқ. Қазір сізге бәрін түсіндірем. Отырыңыз… Джон, енді бізге қажет бола қоймайсыз. Міне сізге жарты крон, мені ертең сағат он бірде күтіңіз. Делбені маған беріңіз. Қош болыңыз!
Ол атты қамшымен осып жіберді де, біз шетсіз де шексіз, қаңыраған қараңғы көшелермен жөңкілте жөнелдік. Көшелер бірте-бірте кеңейе түсті, сөйтіп ақыры кенересі бар әлдебір көпірге тап болдық; төменде өзеннің лай суы жаймен жылжып ағып жатты. Көпірдің арғы бетінен кірпіш үйлер орын теуіпті, бір-бірінен аумайтын бұйығы көшелер қайтадан көрініс берді, бұлардың тыныштығын тек полицейлердің асықпай адымдаған аяқ дыбысы мен кештетіп қайтып келе жатқан сауыққойлардың әндері мен айқай-ұйқайы ғана бұзып түр еді. Аспанда қара бұлттар ақырын қозғалып барады, олардың ара-арасындағы саңылаудан жұлдыз жылтырайды. Басын темен салып, терең ойға шомған Холмс атты үн-түнсіз айдап келе жатты, ал мен оның не жайында ой кешіп кеткеніне өзімше долбар жасап, әрі ойын бөлуге батылым жетпей, жанында отырдым. Бірнеше мильді артқа тастап, қала іргесіндегі саяжайлар белдеуін кесіп өткен кезімізде ол ақыры өзіне-өзі келіп, иығын қиқалақтатып сілкініп алды да, өз ісіне өзі көңілі толған адамның кейпінде қорқор тартуға кірісті.
— Сізде керемет үлкен талант бар, Ватсон, — деді ол — Әр нәрсені айтып бас қатырмайсыз. Осы қабілетіңіздің арқасында баға жетпес жақсы жолдасқа айналдыңыз. Алайда жағымсыз ойлардан арылу үшін қазір маған біреумен мылжыңдасу қажет боп түр. Осынау сүйкімді әйел өзімді есіктен қарсы алған кезде оған не айтуым керегін білмей діңкем құрып отыр.
— Менің дәнеңеден хабарым жоқтығын ұмытып кеттіңіз білем.
— Лиге барғанымызша істің мән-жайын баяндап беруге уақытым толық жетеді. Бұл өзі адамның күлкісі келетіндей қарадүрсін іс, әйтсе де шешімін қалай табуға болатынына басым жетпей түр. Сізге бәрін толық айтып берейін,
Ватсон. Бәлкім, әлденендей тәуір ойға тап келерсіз. Өзім қараңғыда әрнені бір қарманып жүрмін.
— Құлағым сізде.
— Бұдан бірнеше жыл бұрын, дәлірек айтқанда, мың сегіз жүз сексен төртінші жылдың мамыр айында, Лиде Невилл-сент-Клер есімді джентльмен пайда болды. Ақшаға мұқтаж еместігі бірден байқалды. Бір үлкен вилланы жалға алып, айналасына әдемі бақ орнатып, ас та ток тірлік кеше бастады. Біртін-біртін көршілерімен де достасып алған ол мың сегіз жүз сексен жетінші жылы жергілікті сыра қайнатушының қызына үйленді, қазір одан екі баласы бар. Тұрақты шұғылданатын белгілі бір кәсібі жоқ, бірақ әртүрлі коммерциялық шараларға атсалысады, әдетте күн сайын таңертең қалаға кетеді де, одан пойызға отырып сағат бестен он торт кеткенде қайтып оралады. Мистер Сент-Клер отыз жеті жаста, тыныш қана тұрмыс кешеді, қайырымды күйеу, қамқор әке, жұрт оның мақтауын жеткізе алмайды. Бұған тағы мынадай деректі қосуыма болады: оның қарызы, анықтап білгенімдей, бар-жоғы сексен сегіз фунт он шиллинг екен, ал банкідегі ағымдық есеп-шотында екі жүз жиырма фунт стерлинг бар боп шықты. Демек, ақша жағынан қиындыққа жолықты дейтіндей негіз жоқ.
Өткен дүйсенбіде мистер Невилл Сент-Клер қалаға әдеттегісінен ертелеу кетеді, кетерінде бірер маңызды шаруасы барын, кішкентай ұлына бір қорап құрама текше әкелетінін айтады. Кездейсоқ түрде тап сол дүйсенбі күні, анау кеткеннен кейін, оның әйелі Абердин пароход қоғамына көптен күтіп жүрген шағын көлемдегі бағалы сәлемдемесінің келгені туралы жеделхат алады. Лондонды жақсы білетін болсаңыз, бүл пароход қоғамының кеңсесі бүгін кеште өзіңіз мені тауып алған Аппер-Суондам-лейнге барып тірелетін Фресно-стритте орналасатыны есіңізде шығар. Миссис Сент-Клер таңғы асын ішкен соң қалаға барады, ұсақ-түйек бірдеңе сатып алады, сосын қоғамның кеңсесінен сәлемдемесін алып, сағат төрттен отыз бес минут кеткенде Суондам-лейн бойымен вокзалға қарай келе жатады. Осы араға дейінгінің бәрі сізге түсінікті ғой, солай ма?
— Әрине, мұнда түсінбейтін дәнеңе жоқ.
— Ұмытпасаңыз, дүйсенбіде күн керемет ыстық болғанды, сондықтан миссис Сент-Клер адымын жаймен алып, жақын маңайдан кэб көрінбес пе екен деп жан-жағына қарағыштап келе жатады; оның үстіне қаланың бүл ауданы оған мейлінше сүйкімсіз көрінген болатын. Сөйтіп, Суондам-лейн бойымен келе жатқан ол ойламаған жерден айқайлаған дауысты естіп, әлдебір үйдің екінші қабатының терезесінен өз күйеуін көріп тұла бойы қалтырап кетеді. Оған тіпті күйеуі оны ымдап өзіне шақырып тұрғандай көрінеді. Терезе ашық тұрған еді, күйеуінің айтуынша, шамадан тыс абыржып кеткен әлпетін анық ажыратады. Күйеуі ес-түс жоқ қол бұлғап тұрады да, құдды біреу терезеден күшпен сүйреп әкеткендей, табан асты ғайып болады. Алайда әйел баласына тән қырағы жанары оның жағалығы да, галстугі де жоқ екенін, бірақ үстіндегісі үйден киіп кеткен қара бешпет екенін байқап үлгереді.
Күйеуінің бір бәлеге тап болғанына көзі жеткен ол тепкішектермен жүгіріп төмен түседі, -бұның тап сол притон орналасқан, бүгін кеште мені өзіңіз іздеп тапқан үй екенін сіз, әрине, аңғарып та қойған шығарсыз, — сосын алдыңғы бөлмеден жүгіріп өтіп, үстіңгі қабаттарға бастайтын баспалдақпен жоғары көтерілмек болады. Бірақ баспалдақ жанында әлгінде ғана өзіңізге баяндап берген жексұрын ласкарға ұшырасып қалып, анау оны дат малайының көмегімен итермелеп сыртқа шығарып жібереді. Мына сұмдықтан есі қалмаған әйел көше бойлап жүгіре жөнеледі де, бақытына қарай, Фресно-стриттен инспектордың басқаруымен тәртіп қадағалап жүрген полицейлерді жолықтырып қалады.
Жанында екі констеблі бар инспектор миссис Сент-Клердің соңынан ереді, сөйтіп қожайынның өршелене қарсылық білдіргеніне қарамай, миссис әлгінде ғана терезесінен күйеуін көріп қалған бөлмеге барып кіреді. Бірақ бүл жерде ол жоқ боп шығады. Жалпы, бүл қабаттан осы бөлмені жалдап тұрып жатқан, кеспірінен жүрек айнитын әлдебір кемтардан басқа ешкім кезікпейді. Ол да, ласкар да мұнда басқа ешкім жоқ деп қарғанып-сіленеді. Олардың ақырғы сөзін айтып ант-су ішкені соншалық, инспектор миссис Сент-Клер қателескен жоқ па екен деп ойлай бастайды, бірақ сол арада миссис шыңғырып қалып үстел үстінде тұрған кішкене ағаш жәшікке қарай тұра ұмтылады да, қақпағын жұлып алады. Қорапшадан балалардың текшесі сау етіп төгіледі. Бүл күйеуі кішкентай ұлына қаладан әкеп беруге уәде еткен ойыншық болатын. Осы табылған зат және кемтардың абыржып кеткен түр-сықпыты мұның бәрі әншейін нәрсе еместігіне инспектордың көзін әбден жеткізеді. Бөлмелерге мұқият түрде тінту жүргізіледі, сөйтіп тінтудің нәтижесі жан түршігерлік қылмыс жасалғанын көрсетіп береді.
Жоқ-жұқана жиһаз қойылған алдыңғы бөлмені қонақ бөлме деуге келетін, оның жанында терезесі верфьтің ауласына қарайтын шағын жатын бөлме бар еді. Верфь пен үйдің арасында енсіздеу канал жатқан: теңіз шегінгенде құрғап қалатын, шалқығанда төрт жарым футқа дейін суға толатын. Жатын бөлменің терезесі жалпақ еді және астыңғы жағынан ашылатын. Тексерген кезде жақтау етегіндегі тақтайдан қанның ізі көрінеді; қанның бірнеше тамшысы, сондай-ақ ағаш еденнен де табылады. Алдыңғы бөлмедегі терезе пердесі тасасында мистер Невилл Сент-Клердің киімдері жатыр екен: бәтеңкесі, ұйығы, қалпағы, тіпті сағаты да — бәрі осы арада боп шығады. Бешпеті ғана жоқ еді. Киімдерден күш қолданудың қандай да бір ізі табылмапты, сол сияқты мистер Невилл Сент-Клердің өзінің де қайда екенін білдіретін ешқандай із қалмапты. Оның терезе арқылы ғана ғайып болуы мүмкін еді, басқа жол жоқ-ты, бірақ жақтау тақтайындағы жан шошитын қан дақтары оның жүзіп құтылғандығына күмән келтіретін, оған қоса қылмыс жасалған тұста теңіздің шалқуы ең жоғары деңгейіне жеткен.
Енді күдік тудырып отырған жексұрындар жайын баяндайын. Ласкар — нағыздың өзі екені бұрыннан мәлім адам, бірақ миссис Сент-Клердің айтуына қарағанда, бүл күйеуін терезеден көргеннен кейін көзді ашып-жұмғанша болмай анау төменнен кездескен, демек, ол қылмысқа қатысы бар сыбайлас қана болуы мүмкін. Оның өзі, әрине, бүл іске араласы барын үзілді-кесілді түрде мойындамайды. Айтуынша, бөлмесін жалға алған Хью Бунның немен айналысатындығынан түк ешқандай хабары жоқ көрінеді. Жоғалып кеткен джентльмен киімінің бөлмеден қалай табылғаны ол үшін мейлінше жұмбақ нәрсе.
Міне, қожайын жайында білетініміз осындай. Невилл Сент-Клерді соңғы рет көрген адамның притон үстіндегі екінші қабатта тұрып жатқан әне бір қабағы ашылмайтын кемтар екендігінде еш күмән жоқ. Оның есімі Хью Бун, ұсқынсыз кеспірі Ситиде болып тұратындардың бәріне мәлім. Ол кәсіби қайыршы; ал полициялық ереже — тәртіптен бас сауғалау үшін сіріңке сатып отырған болады. Треднидл-стриттің сол жағындағы қабырғада қуыс бары есіңізде шығар. Әлгі кемтардың қашан да, міне, тап осы қуыста шарт жүгініп, алдына бірнеше сіріңке қорабын жайып сап отырғаны. Түр-сықпытының өзі-ақ аяныш тудырады, сол себепті қарсы алдында, көшенің төсемінде жатқан теріден тігілген лас кепкіге қайыр-садақа жаңбыр боп құйылады. Оны талай мәрте сырттай бақылағам және аз ғана уақыттың ішінде қаншалықты мол өнім жинап алатынына әрдайым қайран қалатынмын — әрине, күндердің күнінде онымен кылмыскер ретінде танысуыма тура келетіні ол кезде канеріме кірмеген-ді. Түр-сықпытының ерекшелігі соншалықты, жанынан өткендердің қай-қайсысы да оған көңіл аудармай қоймайтын. Жайнаған жирен шаш, үстіңгі ернін қақ бөлген жан шошырлық жырығы бар қуқылтым бет, бульдог тұқымдас итті еске салатын иек және шашының үстіне мүлдем кереғар боп табылатын зерек қоңырқай көз осының бәрі оны қайыр-садақа сұраушылар тобырынан бөлектеп тұратын. Қасынан өтіп бара жатып өзін аяқ асты мысқылдап кеткісі келген біреу-міреулерге де шымшымасы әрдайым әзір болатын. Әлгі бәңхананың жоғарғы қабатын мекендейтін тұрғын, міне, осындай еді. Өзіміз іздестіріп жүрген джентльменді соңғы рет көрген сол болатын.
— Алайда ол кемтар ғой! Күш-қуаты мол жас адамға күші қалай жетеді? — дедім мен.
— Иә, жүргенде ол аяғын ақсаңдай басады, ал жалпы алғанда, дені сау, қайратты. Сіз медиксіз, Ватсон, сондықтан, әрине, аяқ-қолдың бірінің әлсіздігі көп ретте екіншісінің айрықша қуаттылығымен өтеліп тұратынын жақсы білуге тиіссіз.
— Құдай ақы, айта беріңіз әрмен қарай.
— Жақтау етегіндегі тақтайдан қанды көрген миссис Сент-Клер есеңгіреп қалады, сондықтан оны қасына бір полицейді қосып беріп үйіне аттандырады, себебі одан арғы тергеу жұмыстарына оның қатысып тұруының қажеті жоқ-ты. Істі жүргізуді өз міндетіне алған инспектор Бартон притонды аса мұқият түрде тінтіп шығады, бірақ түк ештеңе таба алмайды. Басында олар қателік жібереді: Бунды бірден тұтқынға алмайды, осының салдарынан ол ласкар досымен бір-екі ауыз сөзбен тіл қатысып үлгереді. Алайда қателік қолма-қол жөнделіп, Бун тұтқынға алынып, оған тінту жүргізіледі, бірақ ештеңе табылмайды. Рас, көйлегінің оң жақ жеңінде қан дақтары бар екені байқалады, бірақ анау полицейлерге өзінің тырнақ түбінде жаңада болған тілігі бар шынашағын көрсетіп, «қан жақтау етегіндегі тақтайға да тамған шығар, себебі әлгі әзірде терезе алдына барған едім», дейді. Ол мистер Сент-Клерді ешқашан көрмегенін айтып тұрып алады, ал аталмыш джентльменнің киімі өз бөлмесіне қайдан тап болды — бүл полицияға қандай жұмбақ болса, өзіне де сондай жұмбақ жағдай. Оған миссис Сент-Клердің өз күйеуін бұның терезесінен көргені хабар етілген кезде, «көзіне солай елестеген шығар, жә ол әйелдің ақыл-есі дұрыс емес болар», деп жауап қатады. Қарсыласқанына қарамастан полицейлер Бунды учаскеге алып кетеді. Каналдың түбінен әлденендей бір жаңа айғақтар табылып қалар деген үмітпен инспектор теңіздің шегінуін тосады. Айтса айтқандай-ақ, жабысқақ балшық арасынан жаңа айғақ та табылады, бірақ бүл өздері соншалықты үреймен күткен нәрсе емес еді. Су лықсып сарқылған кезде каналда жатқан Невилл Сент-Клердің өзі емес, Невилл Сент-Клердің бешпеті боп шығады. Ал оның қалталарынан не табылғанын білесіз бе?
— Хабарым жоқ.
— Ешқашан ойлап таба алмайсыз! Барлық қалтасы түгел тиынға толы екені анықталады -торт жүз жиырма бір пенни және екі жүз жетпіс жарты пенни бар екен. Шегінген теңіздің бешпетті ала кетпегенінің сыры осында жатыр.
Ал мәйіттің жөні басқа. Әлгі үй мен верфьтің арасында өте күшті ағын бар. Мәйітті өзенге алып кетуі әбден мүмкін, ал салмағы ауыр бешпет канал табанына шөккен.
Әлгінде басқа киімдерінің бәрі бөлмеден табылғанын айтпап па едіңіз? Сонда мәйітте жалғыз бешпет қана болғаны ма?
Олай емес, сэр, бірақ мұның мәнісін түсіндіріп беруге болады. Айталық, Бун Невилл Сент-Клерді терезеден лақтырып жіберді және мұны ешкім көрген жоқ делік. Одан әрі оған не істемек керек? Әлбетте, ол ең алдымен киімдерден құтылуға асығады, себебі бұлар өзін ұстап беруі мүмкін. Бешпетті алып терезеден лақтырып жіберуге оқталады, бірақ сол арада бешпеттің суға батпайтыны, қалқып жүретіні ойынша оралады. Жаны көзіне көрінген ол бәрін асығыс-үсігіс істейді, себебі баспалдақтағы абыр-дабырды құлағы шалады, Сент-Клердің зайыбы өзін күйеуіне жіберуді талап етіп жатқанын естиді, оған қоса, бәлкім, сыбайлас-ласкар полицияның келе жатқаны жайында оған ескертіп те үлгерген шығар. Бір минутты босқа жібермеу керек. Ол қайыршылық тірліктің табысы жасырылған құпия орынға қарай ұмтылады, сөйтіп бешпеттің қалталарын қолына түскен теңгелермен толтыра бастайды. Одан соң бешпетті лақтырып жібереді, қалған заттарды да лақтырмақ болады, бірақ баспалдақтан аяқ дыбыстарын естиді де, полиция төбе көрсетер алдында терезені әрең жауып үлгереді.
— Нанымды-ақ…
— Ендеше, басқа тәуір біреуі табылмауы себепті осы жорамалға арқа сүйеп әрекет ететін боламыз… Бун, бұрын өзіне айып тағуға болатындай ешқандай іске араласпаса да, алдында айтқанымдай, тұтқынға алынып, учаскеге аттандырып жіберілген еді. Ұзақ жылдар бойы ол кәсіби қайыршы ретінде мәлім-тұғын, бірақ тыныш тірлік кешетін, қандай да болсын қиямпұрыстығы байқалмаған. Міне, істің қазіргі кездегі мән-жайы осындай. Невилл Сент-Клер бұл бәңханадан не іздеп жүр, онда қандай кепке душар болды? Қазір қайда және із-түзсіз жоғалып кетуіне Хью Бунпын қаншалықты қатысы бар? Бәрі сол бұрынғыша беймәлім күйде. Әділін айтуым керек, мұндай жағдай менің тәжірибемде бұрын болған емес: бір қарағанда, қарапайым-ақ нәрсе секілді, ал шын мәнінде тап басып ұстай алатындай ештеңе жоқ.
Шерлок Холмс маған осынау таңғаларлық оқиғалардың егжей-тегжейін баян етіп жатқан кезде біз алапат ауқымды қаланың айналасындағы елді мекендерді кесіп өтіп, соңғы үйлерін артта қалдырдық, сөйтіп қос қапталынан деревнялық шарбақтар ұзын-шұбақ созылған жол бойымен зырғытып келе жаттық. Дәп сол Холмс әңгімесін аяқтаған тұста біз де әлденендей бір деревняға келіп кірдік. Кей терезеден сығырайған жарық көрінеді.
— Лиге кіріп келе жатырмыз, — деді серігім. — Айта кеткен артық етпес, қысқа ғана осы сапарымызда Англияның үш графтығында болып үлгердік: Миддл-секстен шығып, Суррейдің бір бөлігін кесіп өтіп, Кентке келіп жеттік. Ағаш арасындағы әне бір жылтыраған отты көріп отырсыз ба? «Самырсын» дегеніміз сол Онда шам жанында әйел отырады, оның сақ құлағы атымыздың тұяқ дүрсілін естіп те қойғаны кәміл
— Бұл іспен Бейкер-стритте емес, осы жерде айналысуыңыздың себебі не? — деп сұрадым мен.
— Бұл арада көп нәрсені зерттеуге тура келеді… Миссис Сент-Клер мейірбандық танытып қарамағыма екі бөлмесін берді, досыма да қуана-қуана қонақжайлық көрсетеріне еш күмән жоқ. Онымен кездесу қаншалықты ауыр екенін білсеңіз, Ватсон! Өйткені, күйеуі жайында еш жаңалық айта алмайын деп тұрмын ғой! Тыр-р!..
Біз бақ ортасындағы үлкен вилланың алдына кеп ақтадық. Алдымыздан жүгіре шыққан атшыға атымызды тапсырған соң Холмс екеуіміз қиыршық тас себілген енсіздеу аяқ жолмен үйге қарай бет алдық. Жақындай бергенімізде есік айқара ашылды да, босағадан үстіне шоқтай қызыл шифонмен әдіптелген ақшылтым түсті жібек көйлек киген аласа бойлы, ақ-сары шашты әйел бой корсетті. Мүсін-сұлбасы шам жарығы тұсынан барынша айқын пішінделіп түр еді. Сәл-пәл алға еңкейіңкіреген ол бір қолымен есікті қармап, екінші қолын құдды бір қайырым етуді өтінгендей алға созған күйі бізге қадала қарап қалған-ды; оның осынау кескін-кейпі күйеуінің тағдыр-талайы жөнінде не білгенімізді сұрап тұрғандай болатын.
— Не болды сонымен? — деп сұрады ол қатты дауыстап.
Біздің екі адам боп келгенімізді көріп қуана айқайлап жіберген, бірақ жолдасым басын шайқап, иығын қиқаң еткізгеннен кейін айқайының арты ыңырсуға айналып кетті.
— Жақсы хабар әкелдіңіз бе?
— Жоқ.
— Әлде жаман хабар ма?
— Ондай да жоқ.
— Құдайға шүкір. Кірсеңізші ішке. Бүгінгі күн сізге өте бір ауыр күн болды ғой, шаршап-шалдыққан шығарсыз.
— Мына кісі менің досым, дәрігер Ватсон. Көптеген зерттеулеріме үлкен көмек көрсеткен адам. Қуанышыма қарай, оны кездейсоқ жолықтырып қалдым да, осында шақырдым, -оның бізге пайдасы тиері анық.
— Сізді көргеніме қуаныштымын, — деді әйел қолымды жылы шыраймен қысып тұрып. -Біздің үй сізге онша жайлы көрінбеуі мүмкін. Отбасымыз қандай бақытсыздыққа тап болғанын біліп тұрсыз ғой.
— Ханым, мен өзім жорық жағдайында ғұмыр кешуге дағдыланып алған байырғы солдатпын, тіпті солдат болмағанның өзінде де менен кешірім өтінудің не қажеті бар? -дедім мен. — Өзіңізге және досыма пайдам тиіп жатса менен бақытты адам жоқ.
— Мистер Шерлок Холмс, сұрақты төтесінен қоюға рұқсат етіңіз, — деді бізді суып қалған кешкі ас күтіп тұрған, айрықша жарық асханаға алып келген үй иесі әйел. — Жауабын да тап солай жалтақсыз, барынша турашылдықпен қайтаруыңызды өтінем.
— Айта беріңіз, ханым.
— Көңіліме ауыр тиеді-ау деп қорықпаңыз. Айқай да шығармаймын, есімнен танып та құламаймын. Қандай ойда екеніңізді ғана білгім келеді.
— Не жөнінде?
— Невиллдің тірі екендігіне өз басыңыз шынымен сенесіз бе?
Шерлок Холмс, шамасы, мұндай сұрақты күтпесе керек.
— Ашығын айтыңыз, — деп қайталады кілем үстінде Холмстың бетіне тесіле қарап тұрған әйел
— Ашығы керек пе, ханым? Сенбеймін.
— Ол ажал тапты деп ойлайсыз ба?
— Иә.
— Оны біреулер өлтіріп кеткен бе?
— Білмеймін. Солай болуы да мүмкін.
— Қашан өлтірген сонда?
— Дүйсенбі күні.
— Ондай жағдайда, мистер Холмс, рақым етіп, бүгін мына хатты одан қалай алғанымды түсіндіріп бере аласыз ба?
Шерлок Холмс, бейне электр тоғы соққандай, креслодан дереу атып тұрды.
— Бүгін дейсіз бе?
— Иә, бүгін.
Қолына бір парақ қағаз ұстап тұрған әйел жымия күлді.
Оқып шығуға бола ма?
— Мінекейіңіз.
Холмс хатты әйелдің қолынан жұлып алды да, қағазды үстелге қойып бүктеуін жазып, шамды өзіне таман жақындатып шұқшия қарай бастады. Мен кресломнан көтеріліп, оның желкесінен үңіліп тұрдым. Конверті кеңселік, қарапайым болатын, конвертте Грейвсендтің пошта штемпелі және бүгінгі, дәлірек айтқанда кешегі, күннің, — себебі түн ортасынан ауып кеткен болатын,реттік саны бар еді.
— Тұрпайы қолтаңба, — деп күбір етті Холмс. Бұл күйеуіңіздің қолтаңбасы еместігіне кәміл сенімдімін, ханым.
— Иә, конверттегі басқа қолтаңба, бірақ ішіндегісі Невиллдің оз қолтаңбасы.
— Конверттегі жазуды жазған адамға адресіңізді іздестіруге тура келіпті.
— Оны қайдан білесіз?
— Конверттегі есім, көріп тұрғаныңыздай, қошқылдау, себебі сия өздігінен кепкен. Ал адрес солғындау, себебі оны сорғышпен сорғызған. Егер конверттегі жазу бір мезгілде жазылса және түгел сорғышпен кептірілген болса, онда сөздің бәрі бір-бірінен аумайтын сұрғылтым түсті боп шығар еді. Бүл адам конвертке әуелі тек сіздің есіміңізді ғана жазып қойған, адресті сосын барып қосқан. Бұдан туар қорытынды: оу баста адрес оған белгісіз болған. Әрине, бұл ұсақ-түйек нәрсе, алайда менің мамандығым үшін ұсақ-түйектен асқан маңызды ештеңе жоқ. Хатқа көз жіберуге рұқсат етіңізші… Оһо! Конвертке тағы бір нәрсе салынған секілді ғой!
— Иә, онда сақина болған. Невиллдің мөр орнатылған сақинасы.
— Бұл күйеуіңіздің қолтаңбасы екеніне кәміл сенімдімісіз?
— Бұл оның өз қолтаңбаларының бірі.
— Өз қолтаңбаларының бірі деймісіз?
— Асыққанда ол осылай жазады. Әдетте ол мүлдем басқаша жазады, бірақ мына қолтаңбасы да маған жақсы мәлім.
— «Абыржыма, қымбаттым. Бәрі ойдағыдай болады. Адам айтқысыз үлкен қателік кетті, оның орнын толтыру үшін белгілі бір уақыт қажет. Ақырын күт. Невилл». Табақтың сегізден бір бөлігіндей форматтағы кітаптан жыртып алынған қағазға қарындашпен жазылған, әрине, айрықша белгісі жоқ қағазға. һім!.. Грейвсендтен бүгін жіберілген, оны жіберген адамның бас бармағы әлденемен ластанған. Егер қателеспесем, конвертті желімдеген адам темекі жапырағын шайнайды… Бүл күйеуіңіздің қолтаңбасы екеніне анық сенімдімісіз, ханым?
— Сенімдімін. Бұл хатты жазған Невилл
— Хат Грейвсендтен бүгін жіберілген. Сонымен, миссис Сент-Клер, қара бұлт сейіліп келеді, солай бола тұрғанымен, қатерден құлан-таза арылдық деуге аузым бармайды.
— Бірақ ол тірі ғой, мистер Холмс!
— Егер тек мына хат бізді жалған ізге түсіру үшін асқан шеберлікпен жасалған алаяқтық амал боп жүрмесе. Түптеп келгенде, сақина ештеңеге дәлел бола алмайды. Сақинаны одан тартып алулары да ғажап емес.
— Әйтсе де, бүл соның, соның қолтаңбасы ғой!
— Солай-ақ болсын. Ал егер хат дүйсенбі күні жазылып, бүгін жіберіліп отырса ше?
— Бұл да мүмкін.
— Аталған уақыт аралығында не түрлі жағдай орын алуы ықтимал
— Үмітімді үзе көрмеңізші, мистер Холмс! Невиллдің тірі екенінде зәредей күмәнім жоқ. Екеуіміздің бір-бірімізге жақындығымыз сонша, егер ол шын мәніндегі бақытсыздыққа тап болса, мұны міндетті түрде сезген болар ем. Соғылып кетерінен бір күн бұрын абайсызда саусағын кесін алды. Мен — ас үйде едім, ол — жатын бөлмеде болатын, бір бәлеге ұшырағанын сезіп сол бойда оған ‘күттіріп бардым. Тіпті осындай түкке тұрмайтын нәрсенің ішінде-ақ түйсігім алдамаса, оның өлімі жайында мені түк ештеңе сезбей қалады деп қалай ойлайсыз?
— Мен өмір тәжірибем мол адаммын, әйелдің түйсігі кей-кейде қандай логикалық тұжырымнан да бағалы боп шығатынын жақсы білем. Мына хат әлгі айтқан сөзіңіздің айғағы іспетті. Алайда егер мистер Сент-Клер тірі жүрсе жөне хат жазарлық жағдаяты болса, онда неге үйіне қайтып оралмайды?
— Сонысын түсінбеймін. Тіптен ақылым жетпейді.
— Дүйсенбі күні, кетіп бара жатқан кезінде, сізге арнайы ештеңе айтқан жоқ па?
— Жоқ.
— Кейін оны Суондам-лейнде көргенде қатты таңырқандыңыз ба?
— Әрине.
— Терезе ашық тұрды ма?
— Иә.
— Терезеден айқайлап шақыра алатындай жерде ме еді ол?
— Иә.
— Ол өзіңізді көмекке шақырып жатыр деп ойладыңыз ба?
— Иә, қолын бұлғады.
— Бәлкім, ол сізді көріп қапылыста айқайлап жіберген шығар? Өзіңізді көргеніне таң-тамаша боп қолын әншейін алға созған болар.
— Бұл да мүмкін.
— Сізге біреулер оны терезе алдынан сүйреп әкеткендей көрінді ме?
— Ол аяқ асты ғайып болды…
— Оның терезеден жалт беруі де мүмкін ғой. Бөлмеден басқа ешкімді көрген жоқсыз ба?
— Ешкімді. Бірақ ана құдай атқан қайыршы сонда болғанын мойындады ғой. Ал, ласкар төменде, баспалдақ жанында тұрды.
— Дұрыс айтасыз. Күйеуіңіз әдеттегіше киінген бе екен? Көріп үлгердіңіз бе?
— Онда жағалық та, галстук те болған жоқ. Мойны жалаңаш екенін анық көрдім.
— Екеуара әңгімеде Суондам-лейнді ауызға алған кезі болған жоқ па?
— Ешқашан.
— Наша тартатынын байқаған жоқсыз ба?
— Ешқашан.
— Рақмет сізге, миссис Сент-Клер. Басын ашып алсам деген негізгі жайларым осы еді. Енді, рұқсат етсеңіз, кешкі асымызды ішіп, демалайық: ертең бізді қыруар шаруа күтіп тұрғанында күмән жоқ.
Бізге екі кереует қойылған кең де қолайлы бөлме берілді, мен бірден төсекке жаттым, өйткені түнгі жорығымыз шаршатып жіберген еді. Ал Шерлок Холмс шешуін таппаған әрі-сәрі күйдегі әлденендей бір ісі болса тәуліктер бойы, тіпті апталар бойы кірпік ілмеуге бар-тын; құпияның сырын ашқанша не жалған жолға түсіп кеткеніне көзін жеткізгенше ой кешумен, фактілерді салыстырумен, істің мән-жайын әр қилы көзқарас тұрғысынан қарастырумен болатын. Дәл қазір де ұзақты түнді ұйқысыз өткізуге дайындалып жатқанын түсіндім. Ол бешпеті мен жилетін шешіп, кең пішілген көк халатын киіп алды да, кереуеттегі, кушеткадағы және креслолардағы көпшіктерді бір жерге әкеп үйді. Бұлардан шығыстық диванға ұқсайтын орынтақ жасап алды да, оған екі аяғын астына баса жайғасып, алдына бір қорап қарабайыр темекі мен сіріңкесін қойды. Шамның өлусіреген жарығынан оның аузында сол баяғы қорқоры, көк түтінге көміліп, тіл қатпастан, қыбыр етпестен төбеге бей-жай күйде көз тігіп отырғанын, шамның көмескі жарығы қыран құсқа ұқсас пішінін айқындай түсіп тұрғанын көрдім. Көзім ілініп бара жатқан кезде ол осы қалыпта отырған, таң кұланиектене бастаған шақта оқыстан айқайлап жіберген даусынан оянып, көзімді ашқан кезде де тап осы қалыпта отыр еді. Қорқоры сол бұрынғыша аузында, бөлмені темекі тұманы торлап түр екен, ал кешегі бір қорап темекіден түк ештеңе қалмапты.
— Ояндыңыз ба, Ватсон? — деп сұрады ол
— Иә.
— Күймемен қыдырыстауға қалай қарайсыз?
— Қарсылық жоқ.
— Ендеше, киініңіз. Үйдегілер әлі ұйықтап жатыр, бірақ мен атшының қайда түнейтінін білем, күймеміз қазір дайын болады. — Холмс миығынан мырс етті, көзі күлім қағады, күні кешегі терең ойға шомып тұнжыраған адамға мүлдем ұқсамайды.
Киініп жатып сағатыма көз тастадым. Жұрттың бәрі ұйықтап жатқанына таңырқаудың реті жоқ-ты: сағат төрттен жиырма бес минут кетіпті. Киініп болғаным сол еді, ішке кіріп келген Холмс атшының атты жегіп те қойғанын хабарлады.
— Бір теориямды тексермек ойым бар, — деді ол етігін киіп жатып. — Бері қараңыз, Ватсон, алдыңызда тұрған адамды Европадағы ең бір дауасыз милаудың бірі деп біліңіз! Көртышқан сияқты соқыр болыппын. Осы арадан Чаринг-Кроссқа дейін ұшып кететіндей ғып мені шық-шыттан шіреніп тұрып бір ұратын адам жоқ! Дегенмен, қазір енді бүл жұмбақтың кілтін тапқан секілдімін.
— Ол кілтіңіз қайда сонда? — деп сұрадым жымия күліп.
— Ванна бөлмесінде! Жоға, қалжыңдап тұрған жоқпын, — деп сөзін жалғады ол күдіктене қарап қалғанымды аңғарып. — Мен ванна бөлмесінде болып та үлгердім, кілтті алдым да мына саквояжға салып тастадым. Жүрелік, достым, кілтіміз құлыпты ашуға жарай ма екен, байқап көрелік.
Баспалдақтан аяғымызды барынша жаймен басып түстік. Сыртта күн сәулесі айнала-маңды жарқыратып та үлгеріпті. Күйме бізді қақпа алдында тосып тұр екен; жеңіл-желпі киінген атшы жегін атты сулығынан ұстап тұр. Экипажға қарғып міндік те, Лондон жолымен желдіртіп жүріп кеттік. Астанаға көкөніс апара жатқан арбаларды әредік-әредік басып озып отырдық, бірақ жол бойындағы үйлер ұйқы құшағына енген жадыланған қала үйлеріндей тым-тырыс мүлгіп тұр.
— Кей тұрғыдан қарағанда мұны мейлінше сирек кездесетін іс деп бағалауға болады, — деді атты шоқыраққа көшірген Холмс. — Көртышқан сияқты соқыр болғанымды мойындаймын, дей тұрғанмен, ақылдың ештен гөрі кеш кіргені жақсы.
Қалаға Суррей жағынан келіп кіргенімізде, ұйқыдан ісінген әлпеттер терезеден жүз көрсете бастаған болатын. Өзенді Ватерлоо көпірі арқылы кесіп өттік те, Веллингтон-стрит бойымен құйындатып бердік, одан соң күрт оңға бұрылып Бау-стриттен бір шықтық. Полиция басқармасындағылар Шерлок Холмсты жақсы білетін, келіп жеткен кезімізде екі констебль оған шекесіне қолын қойып ізет білдірді. Біреуі атты сулығынан алып, екіншісі бізді ғимаратқа қарай бастады.
— Бүгін кім кезекшілікте? — деп сұрады Холмс.
— Инспектор Бродстрит, сэр.
Тас тақталар төселген дәлізден полицей формасын киіп, жарағын тағынған ұзын бойлы, етженді инспектор шығып, бізге қарай жүрді.
— Ә, Бродстрит! Халыңыз қалай? Өзіңізбен сөйлесу қажет боп тұрғаны, Бродстрит.
— Сөйлесейік, мистер Холмс. Жүріңіз бөлмеме.
Бөлме кеңсеге ұқсас болатын: үстел үстінде жазбаларға арналған қомақты кітап жатыр, қабырғаға телефон ілінген. Инспектор үстел басына отырды.
— Не жөнінде сөйлеспек едіңіз, мистер Холмс?
— Сізден Бун турасында, анау әлгі мистер Невилл Сент-Клсрдің із-түзсіз жоғалуына қатысы бар кайыршы жайында сұрастырайын деп едім.
Оны тұтқындап осы жерге алып келген. Тергеп жатырмыз.
— Білем. Ол осында ма?
— Камерада.
— Шатақ шығарған жоқ па?
— Жоға, тыныш қана отыр. Алайда қандай нас еді десеңізші, бұл сұрқия!
— Нас деймісіз?
— Иә. Қолын жууға әрең мәжбүр еттік. Ал бет-аузы дәнекершінікі секілді кір қожалақ қап-қара. Тергеу де аяқталар, одан соң түрме ваннасынан қашып құтылып көрсін. Кеспірін көрсеңіз етті оның!
— Соның кеспірін көруге шыныммен-ақ құмартып тұрғаным.
— Рас айтасыз ба? Бұдан оңай нәрсе жоқ. Еріңіз соңымнан. Саквояжды осында қалдыруыңызға болады.
— Жоға, оны өзіммен бірге ала кетем.
— Бопты. Былай қарай жүріңіз.
Ол құлыптаулы есікті ашып, бұралаң баспалдақпен төмен түсті де, бізді қабырғалары тап-таза етіп ақталған дәлізге алып келді; қабырғалардың оң жағында да, сол жағында да қаз-қатар боп тізілген есіктер бар-ды.
— Оның камерасы оң жақтан үшінші, мына арада, — деді инспектор.
Есіктің жоғарғы жағындағы тақтайшаны жаймен былай жылжытып, тесіктен ішке көз жіберген ол:
— Ұйықтап жатыр. Жақсылап қарап алуыңызға болады, — деді.
Екеуміз де торға жабыса қалдық. Тұтқын ақырын да ауыр тыныстап, тұяқ серіппей ұйықтап жатыр еді. Бүл орта бойлы, оз кәсібімен айналысатын адамдарға лайық өте сұрықсыз киінген еркек болатын: шоқпыт-шоқпыт бешпетінің жыртықтарынан түсі оңып кеткен жырым-жырым көйлегі көрініп тұрған. Ол шынымен-ақ шамадан тыс кір-қожалақ болатын, алайда бетіндегі баттасқан кірдің өзі де жүрек айнитын ұсқынсыздығын жасыра алмайтын. Көзінің астынан иегіне дейін созылған қалың тыртығы бар, қақ ортасынан жырылып, түріліп кеткен ернінің астынан әрдайым ақсиып тұратын үш күрек тіс көзге ұрады. Жайнаған жирен шашының бір уысы маңдайы мен көзін жауып кеткен.
— Келбетті — ақ жігіт емес пе? — деді инспектор.
— Оның жуынуы керек. Жуынуы керегін алдын-ала білгем, сондықтан бұған қажетті нәрсені өзіммен бірге ала келгем. — Холмс саквояжды ашып, бізді таң-тамаша ғып ішінен үлкен жұмсақ ысқышты алып шықты.
— Хе-хе, қалжыңбас екенсіз ғой өзіңіз! — деп күлді инспектор.
— Рақым етіп, есікті жайменен ашыңызшы, кеспірін кісі күлмейтін дәрежеге келтірейік.
— Жарайды. Әйтпесе шынымен-ақ түрмемізді масқара ғып бітті, — деді инспектор.
Инспектор есікті кілтпен ашты да, үшеуміз дыбысымызды білдірмей камераға ендік. Тұтқын қозғалақтап қойды, бірақ сол бойда қайтадан қатып ұйықтап қалды.
Холмс қолжуғышқа барып, ысқышты дымқылдап алды да, тұтқынды бетінен бар күшімен екі мәрте ысып-ысып жіберді.
Сіздерді Кент графтығындағы Лиде тұратын мистер Невилл Сент-Клерге таныстыруға мархабат етіңіз! — деп саңқ етті Холмс.
Күллі өмірімде бұған ұқсас нәрсені ешқашан көріп білген емен. Тұтқынның беті ағаштың қабығы сияқты жиырылып түсті. Күнге тотыққан қара қоңыр тұрпайы әлпет ғайып болды. Бетін қиғаштай осып жатқан сұрапыл тыртық та жоғалды. Жырық ерін де жоқ болды. Жүрек айнытарлық ақсиған тістер де ізін жоғалтты. Ұйпа-тұйпа жирен шаш та зым-зия болды. Сөйтіп, біз қуқылтым өңді, жабырқау жүзді, шашы қара, терісі жұқа нәуетек адамды көрдік. Төсегіне тұрып отырған ол көзін қайта-қайта уқалағыштап, ұйқылы-ояу халден әлі толық арыла алмаған күйде бізге аң-таң боп аңыра қарап қалған-ды. Оқыстан бәрін түсінген ол ышқынған дауыс шығарды да, көпшікке бетін басып құлай кетті.
Оу, жасаған! — деп айқайлады инспектор. — Мынау әлгі жоғалып кеткен адамның тап өзі ғой! Білемін оны, фотосуретін көргем!
Тағдырдың салғанына көнген адамдай тұтқын сүлесоқ кейіпте бізге қарай жүзін бұрды.
— Не болса да көріп алайын енді! Мені не үшін мұнда ұстап отырсыздар? — деді ол
— Мистер Невилл Сент-Клерді өлтіргеніңіз үшін… Тіфә! Енді сізді адам өлтірді деп айыптау қиын. Тек өзін-өзі өлтіруге әрекет жасағаны үшін дейтін айып тағылмаса, — деді инспектор мырс етіп. — Полицияда қызмет істегеніме жиырма жеті жыл болды, бірақ мұндайды ешқашан көрген емеспін.
— Ақыры мен мистер Невилл Сент-Клер екем, ендеше ешқандай қылмыс жасалмағаны ғой, олай болса, мен заңсыз тұтқындалып отырмын.
— Қылмыс жасалған жоқ, бірақ сіз үлкен қателік жібердіңіз, — деді Холмс. — Әйеліңізге сенімсіздік көрсеткеніңіз бекершілік болды.
— Әңгіме әйелімде емес, балаларымда! — деді тұтқын өрекпіп. — Олар өз әкесі үшін ұялмасын дегем. Құдай-ай, бүл не деген масқарашылық! Не істесем екен енді?
Шерлок Холмс оның қасына келіп кереуетке тізе бүкті де, жұбату білдіре арқасынан қағып қойды.
— Егер ісіңізді сот қарайтын жағдай туа қалса, онда, әрине, жұрт бәрінен хабардар болады, — деді ол — Ал егер ешқандай айыбыңыз жоқтығына полицияны сендірудің сәті түссе, онда газеттер ештеңе білмей қалады. Инспектор Бродстрит жауабыңызды жазып алып жоғары жаққа жібереді, сөйтіп ісіңіз сотта қаралмайтын болады.
— Құдай жарылқасын сізді! — деп айқайлап жіберді тұтқын. — Құпиям ашылмауы үшін, балаларым масқарашылыққа ұшырамауы үшін түрмеде шіруге де дайынмын, тіпті өлім жазасына да қарсы емеспін! Басымдағы жайды сіздер алғаш боп естіп отырсыздар. Әкем Честерфильдте мұғалімдік етті, мен сонда айтуға тұрарлықтай жақсы білім алдым. Жас кезімде көп саяхат жасадым, сахнада өнер көрсеттім, сөйтіп ақыры Лондондағы бір кешкілік газетке репортер боп орналастым. Бірде редакторым астанадағы қайыршылық жөнінде очерктер сериясын жазу керектігін айтты, оны жазуға мен құлшыныс білдірдім. Басымдағы жайдың бәрі осыдан басталды. Очеркіме қажетті фактіні жинау үшін қайыршы боп киінуді ұйғардым. Актер боп жүргенімде грим жасаудағы шеберлігіммен атым шыққан. Бұл өнерім осы жерде пайдаға асты. Бетімді қатырып боядым, жұрттың көбірек аяушылық білдіруі үшін бетіме тыртықтың суретін салдым, сосын дене түсімен түстес пластырьдың көмегімен үстіңгі ерінімді сәл-пәл жоғары жапсырып қойдым. Одан соң жалба-жұлба киімге оранып,басыма парик киіп, Ситидің адам ең көп жүретін жеріне барып жайғастым да, сіріңке сатып отырған болып қайыр-садақа сұрай бастадым. Жеті сағат бойы тапжылмай отырдым да қойдым, ал кешкісін үйге оралғанымда, таңғалғаннан талып түсе жаздадым — жиырма алты шиллинг және алты пенс жинаппын.
Аталған очеркімді жаздым, сосын бұл жайында мүлдем , мытып кеттім. Бірақ арада бірқыдыру уақыт өткенде маған пиксель ұсынылды, бүл вексель бойынша досым үшін жиырма бес фунт төлеуді міндетіме алған екем. Мұндай ақшаны қайдан табуға болатынына ақылым жетпей күрі енде басыма бір керемет ой сап ете қалды. Жалынып-жалпайып несие берушіні екі апта тоса тұруға көндіріп, жұмысымнан демалыс алдым да, қайыр-садақа сұрауға Ситиге аттандым. Тиісті соманы он күннің ішінде жинап алып, қарызымнан құтылдым. Енді өзіңіз ойлап қараңызшы, егер бетіңді бояумен былғап, кепкіңді жерге тастап, шөп алсын сындырмай қараптан-қарап отырып күніне екі фунт табуға болатынын білетін жанға аптасына екі фунт табу үшін ертеден қара кешке дейін жұмыс істеу оңай ма?
Намысқойлық пен оңай олжа тауып баюға деген құштарлық арасындағы арпалыс тым ұзаққа созылды, бірақ ақыр аяғында ақшаға құмарлық жеңіп шықты. Газеттегі жұмыстан кеттім де, әу баста өзім таңдап алған орнымда күн артынан күн өткізіп, ұсқынсыз кеспіріммен жүргіншілердің аяушылық сезімін оятып, қалтамды қара пақырға толтырумен болдым. Құпиямды тек бір адам ғана білетін — ол өзім орын тепкен Суондам-лейндегі притонның қожайыны еді. Күн сайын таңертең о л жерден сор қамаған мүсәпір кейпінде шығатынмын да, күнде кешкісін қайтадан әдемі киінген мырзаға айналатынмын. Бөлмесі үшін қожайыннан ақшаны аяғам жоқ, сондықтан сырымды ешқашан ешкімге айтпайтынына кәміл сенімді болдым.
Ұзамай қомақты сома жинақтауға қолым жетті. Лондондағы кез келген қайыршы жылына жеті жүз фунт жинайды деп айта алмаймын, — ал бүл менің жылдық табысымнан әлдеқайда аз, — бірақ менің олардан біраз артықшылығым бар еді — мен асқан шеберлікпен гримделетінмін және жүргіншілердің кездейсоқ мысқылына қалжыңмен жауап қайтара алатынмын. Көп кешікпей Ситидегі назар аударуға тұрарлық тұлғаға айналдым. Күмісі аралас пенстер маған жаңбыр боп жауа бастады, екі фунттан аз табыс келтірген күнімді өте бір сәтсіз күнге балайтын болдым. Байыған сайын барынша жақсы тұрмыс кеше бастадым. Қала сыртынан жалға үй алдым, үйлендім, бірақ шын мәнінде немен шұғылданатынымды жан баласы сезген жоқ. Сүйікті жұбайым Ситиде шаруаларым барын білетін, бірақ оның нендей шаруа екенінен мүлдем хабарсыз болатын.
Өткен дүйсенбіде кешкісін бәңхана үстіндегі бөлмемде киім ауыстырып жатқам, кенет терезеге көз тастап, көшеде әйелім тұрғанын, маған көз аудармай қарап қалғанын көрдім. Таңғалғаннан айқайлап жібердім де, бетімді қолыммен көлегейлеп алып, ласкарға қарай жүгірдім, одан ешкімді ішке кіргізбеуін сұрап жалындым. Әйелімнің даусын естідім, бірақ оған жоғары көтерілуге рұқсат етілмейтінін білетінмін. Жылдам — жылдам шешініп, қайыршының жалба-жұлба киімі мен паригімді киіп, бетімді гримдеп алдым. Мені тіпті туған әйелім де тани алмайтын. Бірақ артынан полицияның бөлмені тінтуі мүмкін екені, киімім өзімді ұстап беретіні ойыма оралды. Терезені айқара аштым, сол арада асығыстық салдарынан жарақаты бар саусағыма зақым келді, — саусағымды ертеңгісін жатын бөлмеде кесіп алғам, — сөйтіп, жарақаттан тағы да қан аға бастады. Сосын әлгі әзірде ғана қайыршы дорбасынан ауыстырған қара бақырларға толы бешпетімді терезеден лақтырып жібердім, ол Темзаға батып жоқ болды. Қалған киімімді де сонда лақтырмақшы едім, алайда сол екі арада ішке полицейлер кіріп келді. Жанымды жай таптырған бір ғана нәрсе — менің мистер Невилл Сент-Клер екенімді ешкім білген жоқ, соны өлтірген адам ретінде тұтқындады.
Бұған қосар басқа ештеңем жоқ. Бетімдегі гримді анықтау үшін беті-қолымды жуудан бас тарттым. Зайыбымның қалай қайғырып қапаланатынын білетіндіктен полицейлерге көрсетпей саусағымдағы сақинаны сыпырдым да, оны асығыс-үсігіс шимайлай салған хатпен бірге ласкарға бердім, — хатта өзіме ешқандай қауіп төніп тұрмағанын айттым.
— Бұл хатты ол кеше ғана алды, — деді Холмс.
— Құдай-ай! Ол үшін бүл қандай азапты апта болды іссеңші!
— Полиция ласкардың басқан ізін бағып жүрді, — деді инспектор Бродстрит, — сондықтан, шамасы, хатты білдірмей салып жіберуге мүмкіндігі болмаса керек. Сірә, атты притонға келгіштеп жүретін матростардың біріне берген шығар, ал анау хатты жіберу керегін бірнеше күннен кейін есіне алған болар.
— Мұның тап солай болғанына еш күмән жоқ, — деп қоштады оны Холмс. — Бірақ қайыршылығыңыз үшін сізді қалайша бірде-бір рет жауапқа тартпаған?
— Талай рет тартты ғой! Бірақ болмашы айыппұл төлеу мен үшін бұйым ба екен!
— Алайда, енді кәсібіңізбен қош айтысуға тура келеді, — деді Бродстрит. — Егер полиция бұл хикаяны жабулы қазан астында қалдырсын десеңіз, Хью Бун ғайып болуға тиіс.
— Мен адамзат баласы білетін ең салтанатты сөздермен ант-су ішіп те үлгердім.
— Ондай жағдайда, меніңше, бәрі ұмытылады, — деді Бродстрит. — Бірақ егер қайтадан көзге түссеңіз жұртшылыққа бәрі түгел мәлім болады. Ал сізге, мистер Холмс, бүл істің мән-жайын ашып бергеніңіз үшін үлкен ризашылық білдіреміз. Мұны қалай ашқаныңызды айтып бере алмас па екенсіз?
— Бұл жолы маған бәленбай көпшіктің үстінде біраз уақыт отыруға және бір қорап темекіні тауысуға тура келді, — деп жауап қатты досым. — Менің ойымша, Ватсон, егер Бейкер-стритке дәл осы қазір аттансақ таңғы асқа тура баратынымыз анық.