Ананас арқа аурулары мен омыртқаға пайдалы

0

Ананас арқа аурулары мен омыртқаға пайдалы

Ананас пен ананас шырыны арқа аурулары мен омыртқаға пайдалы екен. Бұл жайында арнайы зерттеу жүргізген америкалық ғалымдар мәлімдеді, — деп жазады Medical Express.

Мамандар зерттеуі бойынша, ананас құрамында бромелайн ферменті мол болады екен. Ал арқа ауруы мен омыртқадағы дерттер үшін адамдар бромелайн дәрісін пайдаланады. Ғалымдар дәрі ішкеннен гөрі ананасты көбірек тұтынған пайдалы деген тоқтамға келген.

— 110 мл ананас шырынын ішкеннен кейін-ақ арқадағы аурудың басылғанын байқауға болады, — дейді доктор Джозеф Меркол. Ол ананас секілді кез келген ауырсынуды басатын дәрінің балама әдісі барын алға тартады.

Арқа ауырғанда немесе омыртқа ауырсынуы кезінде ананасты көбірек жеу немесе шырынын ішу тиімді болғанмен, қимыл-қозғалыста болмасаң пайдасы тие қоймайды екен. Ғалымдар мұндай кезде көбірек қимыл-қозғалыста болуға кеңес береді. Қозғалыста болу қанайналымды жақсартып, омыртқаның қалпына келуіне айтарлықтай көмегін тигізеді.