Ана тілі мәдени өрлеудің аса зор тегергіші

0

Мазмұны
Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … … … … … .. … … … ..
I . Оқушылардың этникалық-мәдени қызығушылығын
қалыптастырудың
маңызы … … … … … … … … … … … … … .
I.1. Этникалық-мәдени тұжырымдаманың басты идеялары … … … .
I.2. Этникалық-мәдени қызығушылықтың зерттелу жайы … … … …
II тарау Этникалық-мәдени қызығушылықтарды
               қалыптастыру
жолдары … … … … … … … … … … … … … … … …
.
II.1. Этникалық-мәдени қызығушылықты отбасында іске асыру
                 жолдары … … .. … … … … … … … … …
… … … … … … … … .. … … … .
II.2. Мұғалімнің
рөлі … … … … … … … .. … … … … … … … … …
… … … ..
II.3. Мектептегі этникалық-мәдени
тәрбие … … … … … … … … … … ..
II.4. Мектептен тыс этникалық-мәдени
тәрбие … … … … … … … … …
Қорытынды … … … … … … . … … … … … … … … …
… … … … … … … … .. … …
Қолданылған
әдебиет … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … … … .
Қосымшалар

К І Р І С П Е

Ұрпақ тәрбиелеу — қай уақытта болса да адамзат алдында тұратын ұлы
мақсат — міндеттердің ең бастысы…
Ол келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Сол келешек қоғам
иелерін жан-жақты жетілген, ақыл парасаты мол мәдени-ғылыми өрісі кең озық
азамат етіп тәрбиелеу басты міндет. Барынша маңызды осынау міндет – шынайы
мәдени-этникалық мұраны жандандыру мен болашаққа аманаттау, ұлттық
тектестікті сақтау ең алдымен мектеппен байланысты.
Еліміздің егемендігі қоғам дамуының барлық салаларына ықпал жасауда.
Білім мен тәрбие саласына да көзқарастар мен талаптар өзгеруіне байланысты
жаңа идеялар дүниеге келуде.
Соңғы кездегі көңілге қуаныш ұялататын аса маңызды бір жайт — біздің
ұлттық мәселеге деген көзқарасымыздың бағзы көзжұмбай самарқаулықтан
арылып, аса күрделі мәселенің терең иірімдеріне дейін бойлай білетін
қағілездікке жете алғанында. Бұл халықтың төл мәдениетін, тілі мен салт-
дәстүрлерін қайта жаңғыртуға, дамытуға деген ұмтылысын дұрыс түсінуге,
сайып келгенде, өмірдің өзі мәжбүр етті және үйретті де.
Қазақстанның егеменді ел болуымен байланысты оқу-тәрбие ісінде оның
басшылыққа алатын негізгі идеялық бағыты, елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан-2030 бағдарламасында көрсетілгендей
… Қазақстандық патриотизм мемлекеттің территориялық тұтастығы,
салт- дәстүрдің, ұлттық мәдениеттің сақталуын, Қазақстанда тіршілік етуші
ұлттардың бірлігін қамтамасыз етуді, олардың саяси экономикалық және
мәдени байланысын мемлекеттік қазақ тілі мен халықаралық қатынас тілі —
орыс тілінің, Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа да этностар тілінің
жетіліп көркеюіне баса назар аудару, болмақ. (2)
Елбасымыз Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен
отырысында жасаған баяндамасында (2004 жылдың 3 қарашасы): Тәуелсіздік
жылдары ішінде салиқалы теңдестірілген ұлтаралық және тілдік саясат
жүргізудің арқасында тілдердің нағыз еркіндігі мен тең құқылы
болуына, этномәдени мүдделер мен қажеттіліктерді қанағаттандыруға,
ұлттардың үндесуіндегі шынайы өзара құрметтеушілік пен этносаралық
қатынастардың биік мәдениетіне қол жеткізілді — деді.(34)
Ал, Қазақстан Үкіметі қабылдаған Білім туралы Заңның Білім
жүйесі деп аталатын екінші бөлімінде Білім беру жүйесінің басты
міндеттері: Қазақстан Республикасына шын берілген, адал патриот азамат
даярлау… олар мемлекеттік белгілердің мәні мен маңызын терең түсінген,
халықтық дәстүрлерді қастерлейтін… халықтар достығының негізінде
тәрбиеленген, халық, отан, отбасы алдындағы жеке бастың міндеттері мен
құқықтарын сезінген… Қазақстанда тіршілік етуші қазақ халқы мен басқа да
халықтардың тілін, тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын қадір
тұтып игеруге пейілді азамат болуы керек делінген. (3)
Тіл мәселесіне келгенде халқымыз ұзақ жылдар бойы тұншығып келгені
аян. КСРО-дағы басқа да көптеген ұлт тілдері сияқты қазақ тілі
сексенінші жылдары өз республикасы аймағында іс жүзінде толық
құқылы тіл болудан қалған болатын. Жеткіншек ұрпақ, зиялылар арасында
қазақтың ана тілін елемеу кеңінен таралды, оны өмірдің әртүрлі
салаларында пайдалану қажеттілігі азайды, мұның бәрі тілдік ортаның
жойылуына, ұлттық салт-дәстүрлердің ұмыт болуына, ана тілін білмейтін,
рухани қазыналардан шеттетілген жаңа ұрпақтың пайда болуына әкеп
соқты. Тіпті көбінесе немересі әжесін түсінбейтін халге жетті. Мұның бәрі
өзекті өртер шындық және оның объективті себептері де жеткілікті. Қазір
не істеу керек? деген сұраққа толық жауап таба білу, болашақтың
негізін қайта бұзбайтындай етіп қалау аса маңызды іс. Ұлттың ертеңін
ойласақ, бүгінгі бүлдіршіндердің жайын бір сәт те естен шығармауымыз
керек.
Кеңес үкіметі тұсындағы мәдениетті күштеп орталықтандыру мен тұрпайы
саясаттандыру, ұлттар мәдениетін бір-бірімен күштеп тоғыстыру, ұлттық
мәдениетінен қол үздіріп, ондаған этностардың жойылуына дейін жеткізді.
Қазақстанда сөз жүзінде қазақ-орыс қостілділігі желеу етіліп, іс жүзінде
орыс тілінің басымдылығы күннен күнге күшейіп, қазақ тілінің қоғамдық
қызметі біртіндеп көзден ғайып бола бастады. Қазақ тілі кеңсе, іс
жүргізу тілі бола алмады. Қазақ тіліндегі балабақша, мектептер жүздеп
жабылды, газет, журнал, кітаптардың таралымы ең төменгі дәрежеде болды.
Шүкір, тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері ана тіліміз өзіне лайық
орынға ие бола бастады, мемлекеттік мәртебе алды. 1997 жылғы 11 шілдеде
Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы Заңы қабылданды. Тілдер туралы
заңды орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің Тілдерді
қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарлама қабылданды. Бұл Бағдарлама негізгі үш мақсатты айқындайды:
1) мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту мен
нығайту;
2) орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау;
3) этникалық топтардың тілдерін дамыту. (35)
Қазақстанның этникалық-ұлттық бейнесі ерекше. Бізде 130 дан астам
ұлт пен ұлыстың өкілдері өмір сүреді. Бұл – 130 дан астам ұлттық мәдени
мұра деген сөз. Республика бойынша 1999 жылғы жүргізілген санақ
бойынша Қазақстанның ұлттық құрамы туралы соңғы мәлімет мына
таблицада көрсетілген. (6)

Қазақстан халқының ұлттық құрамы (мың адам)

Барлық халық 1999 Халықтың жалпы
Санындағы үлесі, %
14953,1 100
қазақтар 7985,0 53,4
орыстар 4479,6 30,0
украиндар 547,1 3,7
өзбектер 370,7 2,5
немістер 353,4 2,4
татарлар 249,0 1,7
ұйғырлар 210,3 1,4
белорусьтер 111,9 0,7
корейлер 99,7 0,7
әзербайжандар 78,3 0,5
түріктер 78,7 0,5
поляктар 47,3 0,3
дүнгендер 36,9 0,2
күрдтер 32,8 0,2
чечендер 31,8 0,2
тәжіктер 25,7 0,2
башқұрттар 23,2 0,2
молдавандар 19,5 0,1
ингуштар 19,9 0,1
мордвиндер 16,1 0,1
армяндар 14,8 0,1
гректер 12,7 0,1
болгарлар 6,9 0,0
лезгиндер 4,6 0,0
түркімендер 1,7 0,0

Бірқатар ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің (мысалы: күрдтер, дүнгендер)
әлемде еш жерде ұлттық құрылымы жоқ. Бұл Қазақстан Республикасының
осындай халықтардың мәдениеті мен тілін сақтап, дамытудағы тарих
алдындағы, әлемдік қауымдастық алдындағы жауапкершілігін өлшеусіз
арттырады. Біздің еліміз республикада тұратын шағын этникалық топтардың
мәдениетін сақтау мен байытуға қамқорлық жасайды. Әрбір этностың мәдени
мұрасы республика мәдениетінің қазынасын қорландыратын, әлемдік
өркениетке қосылатын бірегей байлық.
Тәуелсіз Қазақстан демократиялық реформаларға, ұлттық тегіне
қарамастан адам құқы мен бостандығын тануға, азаматтарды этникалық
немесе нәсілдік белгілеріне қарай алалауға тыйым салуға бағыт ұстап
отыр. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық
референдумда қабылданған Конституциясында ұлттық құқық теңдігінің
бекітілуі адам құқының жоғары қойылуы принципінен туындап, этносаралық
тұрақтылықты сақтауға, қазақстандық ұлтжандылықты нығайтуға, этникалық
топтардың ортақ мәні бар құндылықтар негізінде топтасуына бағытталады.
(1)
1995 жылдың 1 наурызындағы Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығымен Қазақстан халықтары ассамблеясы құрылды.Оның атқаратын
негізгі қызметтері мыналар: мәдени-ағартушылық- ұлттық мәдениеттерді,
тілдер мен салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту мен насихаттау; тәрбиелік –
қазақстандық және ұлттық патриотизмді қалыптастыру; коммуникативті-
ұлтаралық қатынастарды қадағалау негізінде ұлтаралық татулық пен
келісімді нығайту. (7)
Ұлы кемеңгер Абай Құнанбаев өзге халықтардың білімі мен ғылымын
меңгеру арқылы өз халқын әлемге паш етуін қалаған. Абай Жеті жұрттың
тілін біл, жеті түрлі білім біл деген оймен балаларды өз халқының
өнерін меңгеріп қана қоймай, басқа халықтардың да өнер-білімін, ғылымы
мен тілін үйренуге шақырады, өзге халықтың тілін меңгерген, өнерін
білген кісі онымен бірдейлік пікір таластыра алады; өзінің тұрақты
көзқарасы және ой-пікірі болады; әрбір халықтың өнеріндегі,
мәдениетіндегі өзіндік ерекшеліктерді ажырата біледі — деп өз пікірін
Жиырма бесінші сөзінде одан әрі жалғастыра түседі. Орыстың тілін
білсең көкірек ашылады — деп, Абай сол кездің өзінде қазақ тілі мен
орыс тілін қатар оқыту, білім берумен бірге ұлы орыс мәдениетіне шақырып,
бірлікке, халықтар достығына, солардан үлгі-өнеге алып, мәдениетімізді
дамытуға күш-жігерін жұмсаған. (36)

Халқымыздың мыңдаған жылдар бойы тырнақтап жинаған рухани мұрасын
ғылыми жағынан саралап, әрі оқу құралына тән белгілі талапқа сай баяндау –
маңдай терді мықтап төгуді қажет ететіні белгілі.

Егер шетелдік педагогика тарихында ұлттық мектептің ғылыми негізін
қалағандар А.Тойнби, У.Куайн, К.Юнган, Э.Сепир, Б.Уорф, Д.Бенкс,
Г.Волков, А.Гашимов, Г.Ушинский болса, отандық ғалымдар Қ.Жарықбаев,
Қ.Бөлеев, С.Қалиев, С.Ұзақбаева, М.Әлімбаев, Ж.Наурызбаев Қазақстанда
этнопедагогикалық ой-пікірдің дамуына зор үлес қосты.

Қазақстан Республикасының өз билігін қолына алып, БҰҰ-ға мүше болуы —
мемлекеттік мәселелерді дүниежүзілік арнаға көтеруді талап етеді. Сол
мәселелердің ішіндегі аса бір кезек күттірмейтін, үнемі зерттеп,
жетілдіріп отыруды талап ететіні – ұрпақ тәрбиесі. Дүниежүзілік
өркениет деңгейінен көрініп, болашақты жасайтын жас жеткіншектер. Ал, сол
жеткіншек ұрпақтың өресін осындай деңгейге көтеру тәрбиенің басты өлшемі
мәдени-этникалық және жалпы халықтық құндылықтар.
Сондықтан біз осы ғылыми-зерттеу жұмысымыздың тақырыбын Оқушылардың
этникалық-мәдени қызығушылығын қалыптастырудың жолдары деп алып, өз
мәдениеті арқылы өзге мәдениеттерге бағыт ұстаған жан-жақты
мәдениетті тұлғаны тәрбиелеудің жолдарын ашуды көздедік.

Мақсаты: Этникалық-мәдени қызығушылықты қалыптастыру қажеттілігін
іске асыру жолдарын көрсету.

Міндеттері:1) Этникалық-мәдени қызығушылық туралы ғылыми педагогикалық
әдебиеттерге шолу жасау,негізгі ұғымдарға түсініктеме беру.
2) Отбасында этно-мәдени қызығушылықты
қалыптастырудың маңыздылығын ашу.
3) Мектепте этникалық-мәдени қызығушылықты
қалыптастыру жолдарын көрсету.
4) Мектептен тыс жұмыстар арқылы қызығушылықты
қалыптастырудың жолдарын белгілеу.

Зерттеу объектісі: Оқушылардың этно-мәдени қызығу-шылықтарының
деңгейі.
Пәні: Оқушылардың этникалық-мәдени қызығушылықтарын қалыптастыру
жолдары.
Ғылыми болжам: Егерде оқушының өз ұлтының және басқа ұлттар
мәдениетіне қызығушылығын тудырған жағдайда, олардың ұлтаралық қарым-
қатынас мәдениеті деңгейін көтеруге, оларға құрметпен, шыдамдылықпен
қарауға тәрбиелеуге болар еді.
Ғылыми зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттерді талдау, саралау;
сауалнама, тест, бақылау, эксперимент.

I. Оқушылардың этникалық-мәдени қызығушылығын қалыптастырудың
маңызы
I.1. Этникалық-мәдени тұжырымдаманың басты идеялары
Еліміздегі ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету, ұлттық идеяны жүзеге
асыруда жас ұрпақтың этникалық-мәдени қызығушылығын қалыптастырудың
маңызы зор.
Жас мемлекетіміздің қалыптасуы жағдайында ұлтаралық жарастық пен
өзара түсіністікті, мәдени-этникалық және мемлекеттік тектестікті
қалыптастыру механизмінің педагогикалық және психологиялық жайларын жете
зерттеу, жалпы этномәдениеттің өзекті мәселелерін саралай келіп, оның
ұрпақ тәрбиесіндегі мақсатын ашып, төмендегі міндеттер мен бағыттарды
жүзеге асыру көзделеді:
— ғылыми мағлұматтар мен халық тәрбиесіне негізделген әдіс-тәсілдерді
қолдана отырып жас жеткіншектің ұлттық сана-сезімін, имандылық қадір –
қасиетін қалыптастыру;
— қазақ ұлтының қайта өркендеуіне, өзінің төл мәдениетінің, этикалық
салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының еркін гүлдеуін жас ұрпақтың санасына
сіңіру.
Ұлттық дәстүр мен салт-сананың адам психикасынан елеулі орын алатын
біркелкі тұрақты құбылыс екендігін әр кездегі ғұмыр кешкен ғұламалар
ерекше атап көрсеткен еді. Халықтық психология – адамдардың қоғамдық және
жеке тәжірибесінен, өмірдегі пайымдауларынан туындайтын қарапайым
психологиялық білімдерінің жүйесі. Бұл адам мінез-құлқының көптеген
жақтарын қамтып, белгілі этностың өзіне тән психикасы жөнінде біршама
мәнді мағлұматтар беретін ілім-білімдердің жүйесі.
Соңғы жылдары мәдени-этникалық тәрбие беру саласында отандық
зерттеулер жарық көруде. Кезінде мұнымен байланысты мәселелер, шын
мәнінде ғылыми зерттеулерден тыс қалып, проблеманың қойылуының өзі шүбә
келтірді, немесе тіпті теріс көзқарастар туғызған жағдайлар да болған.
Ғылымда қалыптасқан жағдай бұрынғыдағы этникалық топтардың білім алу
мүддесін жүзеге асырудағы нақты тәжірибенің көрінісі болып табылды.
Бүгінгі күні мәдени-этникалық тәрбиеге деген ерекше мән берушілік пен
қызығушылық қалыптасуда. Теориялық және қолданбалы зерттеулер пайда
болуда, әртүрлі үлгілер, түрлі ұсыныстар енгізілуде. Қазақстанда халықтың
мәдени-этникалық сұраныстарын жүзеге асыратын бағдар-ламалардың негізі
боларлықтай озық теориялық зерттеулер жарық көруде.

1996 жылы қабылданған Қазақстан Республикасындағы этникалық-мәдени
білім беру тұжырымдамасы елімізде мәдени және лингвистикалық пікір
алуандығы идеяларын жүзеге асыру қажеттілігін теориялық негіздеудегі
алғашқы талпыныстың бірі болды.
Тұжырымдаманың методологиялық негізі ретінде қазіргі философияның,
этнологияның, мәдениетнаманың, педагогиканың, этнопсихологияның және
этнопедагогиканың теориялық негіздерін ұсынуға болады.
Соның бірі — Арнольд Тойнбидің мәдениетнамалық пікір алуандығын мақсат
еткен іргелі ұсынысы. Онда әрбір өркениеттің өмір тәжірибесінің
бірегейлігі дәлелденеді. Адамзаттың әлеуметтік ұйымының әрқайсысы өзіндік
құндылықтар жүйесіне не формаларының көп түрлілігіне көз жеткізіледі.
Уиллард Куайннің онтологиялық салыстырмалық тұжырымдамасы түрлі
болмысты қабылдау нәтижесінде оларға сәйкес түрлі тілдердің болатынын
дәлелдейді. Тіл адам мінез-құлқының бір көрінісі ретінде ұғынылады. Бір
тілден екінші тілге барынша дәл аудару мүмкін емес, олардың өзіндік
шұрайы мүлдем жойылып кетпейді.
Бұл тұжырымдамаларға ортақ нәрсе аксиологиялық алуандық — бір-
бірімен үйлеспейтін, толық та балама құндылық-тардың көп түрлілік идеясы.
Бұл жалпы игілікке бағыт ұстау барысында бір-бірімен бәсекелес әлем
бейнелері мен өзара түсіністіктің қатар қолданылуына жол беру
методологиясы.
Карл Юнганның ұжымдық санасыздық идеясы — тамыры халықтың тарихына
бойлайтын бастапқы бейнелердің (архетиптердің) үлгі-белгілердің бар
екендігі туралы. Олар дүниенің алғашқы негіздерінің де, жан-дүниенің
іргелі құрылымдарының да қызметін атқара отырып, өз алдына жеке-дара
қолданылады. Этностың ой-санасы осынау бастапқы бейнелерге негізделеді.
Эдуард Сепир мен Бенжемин Уорфтің этнолингвистикалық салыстырмалы
болжамы мәдени алуандық методологиясын ұлттық тілдер ыңғайына қарай
орайластыра түсті. Болжамда тіл мен мәдениеттің, тілдік және мінез-құлық
үлгілерінің бір-бірімен тілдер түрлі шынайы әлем орнатады. Кез келген
өркениеттің мәдени үлгілер жүйесінің кілті — осы өркениетті бейнелейтін
тілде.
Осы аталған теориялар негізінде Джеймс Бенкстің көп мәдениеттілік
білім тұжырымдамасы пайда болды. Көп мәдениеттілік білімнің басты
мақсаты-мәдениетаралық хабардарлықты дамытуға көмектесу. Ол сонымен бірге
этникалық тектестікті сақтауға, жалпы мәдениеттің аясында тиімді
әрекет етуге бағытталған. Көп мәдениеттілік құрылым этникалық алуандықты
мақұлдайды. Оның мазмұны әрбір мәдениетке тән ерекше құндылықтар жиынтығын
ұғынудан құралады. Сонымен қатар бұл бүкіл қоғамның негізгі
құндылықтары болып табылатын этникалық мәдениеттерге ортақ осынау ұқсас
құндылықтарды ұғыну.
Көптеген елдерде (әсіресе латинамерикан елдерінде) мәдениетаралық қос
тілділік білім тұжырымдамасы жасалып, іс жүзінде қолданыс тапқан. Мұндай
білімнің мақсаты — бір мезгілде екі тілді жетік меңгерген (оның бірі-
мемлекеттік тіл) қос тілді азаматтарды даярлау. Мәдениетаралық құрылым
бір жағынан жеке тұлғаның этносаралық түсіністік, этникалық байсалдылыққа
бейімділігі мен көп қырлылығының, екінші жағынан – түрлі мәдениеттермен
тектесу, оқушыларға тән мәдени-этникалық ерекшелікті сақтау мүмкіндігін
қалыптастырады. (8)
1996 жылы жарық көрген Қазақстан Республикасының этникалық- мәдени
білім беру тұжырымдамасының негізгі идеясы-этникалық топтардың өзіндік
ерекшелігін сақтауға, сонымен бірге өзге мәдениеттердің құндылықтары мен
қалыптарын игеруге бағытталған тәрбие беру үлгісін жасау болып
табылады.

Этникалық-мәдени білім беру стратегиясы өзара байланысты екі
мақсатты көздейді: этникалық сәйкестендіру мен мемлекеттік интеграция.
Этникалық сәйкестендіру:
Халықтық этникалық-мәдени сәйкестілігі өз тарихында, мәдениетінде
болған оқиғаларды білуінде, ана тілін меңгеруінде, салт-дәстүр мен
мәдениетін игеруімен сипатталады.
Мемлекеттік интеграция:
Этникалық-мәдени білім берудің іргелі және стратегиялық мақсаты,
мемлекеттегі барлық ұлттардың күш жігерін қажет ететін ұзақ процесс (5
жыл аралығында).
Бұл мақсаттарға білім беру жүйесі арқылы жетуге болады. Білім беру
ұлттық сананы қалыптастырудың, мәдени-тілдік мүдделерді жүзеге асырудың
құралы ретінде келесі төрт функцияны атқарады:
— таратушылық (этникалық-ұлттық қоғамдастықтың тұтастығы мен
жаңғыруын қамтамасыз ету);
— дамытушылық (ұлттық сананы қалыптастыру және дамыту);
— саралаушылық (адамның, этникалық топтардың ұлттық- мәдени
қажеттіліктерін айқындау);
— ынтымақтастырушылық (мәдениеттердің өзара бірлігін, жеке
тұлғаның әлемдік және ұлттық мәдениет жүйесіне бойлауын
қамтамасыз ету). (37)
Ұлттық қайта өрлеу процесінде этностық-мәдени игіліктің дүние-
танымдық жақтарын білу, оны пайдалану және жетілдіру жолдарын анықтау
бірінші кезектегі мәселе болып табылады.
Этникалық-мәдени тәрбие берудің негізгі міндеттері ретінде мыналар
ұсынылады:
-жан-жақты мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу: тұлғаның өзінің төл
мәдениетіне сай болуына және өзге мәдениеттерді игеруіне жағдайлар жасау.
Мәдениеттер алмасуына, олардың бірін-бірі байытуына бағдар ұстау;
— көп тілді жеке адамды қалыптастыру: ана тілінде, мемлекеттік және
орыс тілдерінде еркін ұғынысуға қабілетті азаматтарды даярлау. Сол
арқылы өзінің этникалық тобына қатысты да, мемлекетіне қатысты да бірдей
адалдық үлгісін іске асыру.

Төл мәдениет иесіне шынайы көркемдік сана тән. Ұшқыр қиял, нәзік
сезім, әсемдікке құштарлық, әдемілікті бағалай білу, көркемдік талғам,өнер
туындыларына тәнті болу қасиеттері адам өмірінің мәнін асқақтады. Білім
берудегі саз-әуен мен кескіндеме пәндері, күнделікті өмірдегі театр,
кино, теледидар мен көркем әдебиет осындай сананы қалыптастыруға қызмет
етеді.
Көркемдік сананың ерекшелігі — ол кез-келген жағдайда көркем
шығармашылық ізденіс кезінде үнемі қолданыс табады. Күй шерту, ән шырқау,
өлең шығару, кескіндеу, оюлау, мүсіндеу үстінде адам өз халқының
мәдениетіне қатыстылығын сезінеді. Сондықтан, көркемдік сана мәдени-
этникалық тәрбие беру мақсаттарына барынша толық жауап береді. Оның
қалыптасуы тұлғаға өз халқының мәдениетіне тікелей қатыстылығын сезінуге
мүмкіндік беріп, ұлттық тектестікке ерекше рең қосады.
Жан-жақты мәдениетті тұлға деп өз мәдениетіне де, өзге мәдениетке де
тәнті адам деп танимыз. Төл мәдениетті терең білу, оған басқа
мәдениеттерге қызығушылыққа іргетас қаласа, көп мәдениетті білу өз
мәдениетін мақтан тұтуға негіз салады.
Сонымен қатар, нақты тұлға өз ұлтының мәдениеті мен тілін қажет ете
ме, оларды меңгеруге деген ұмтылысы, сайып келгенде, өзін өз халқына телу
ықыласы бар ма, деген мәселе де өте маңызды. Мемлекет осы үш фактордың
әрқайсысын қалыптастырудың нақты жолдарын қарастырады. Бірақ жеке
тұлғаның өз көзқарасы шешуші мәнге ие.
Білімпаз, мәдениетпаз болу үшін тілдік сана қажет. Ана тілін,
мемлекеттік және шетел тілдерін білу ғана дүниенің бар құбылысын, бояуын,
әуенін санаға құюға мүмкіндік береді емес пе? Тілдік сана негізінен
әдебиет арқылы қалыптасады. Ендеше әуелі қазақ әдебиетін, онымен қатар
әлемдік әдебиетті білудің маңызы ерекше болмақ. Егер, әлем әдебиетімен
таныс болу парасатты, мәдениетті, тәлімді адамды тәрбиелеуге ықпал етсе,
қазақ әдебиетін білу мұның сыртында ұлтжандылық пен ұлттық мақтаныш
сезімін асқақтатады.
Жан-жақты мәдениет иесі — тарихи сана белгілерін мол меңгерген адам.
Айналып келгенде тарихи сана — этникалық және жалпы мемлекеттік сананың
негізі. Ұлттық ой-сана, этностың мыңдаған жылдық аңыз — эфсанасы бейне-
белгілері, наным-сенімдері халықтың тарихын білу арқылы ғана ерекшеленеді.
Туған жердің, онда өмір сүріп отырған халықтардың, бір кездегі жасаған
мемлекеттердің шежіресін білу тарихи сабақтастықты, тамыр тереңдігін,
талай жылдардан бері іргелес қоныстанған халықтар тағдырының
ортақтастығын сездіреді.
Көп мәдениет иесіне тән тағы бір ерекшелік-географиялық сана болуға
тиіс. Шын мәнінде мәдениетті адам болу үшін планеталық, ғаламдық,
экологиялық саналар деңгейіне самғаумен бірге кіндік кескен жер, туған
өлке, Отан, өз шаңырағын қастерлеу сезімімен қатар тыныстау парыз.
Географиялық сана елтану, этнография, экология пәндері арқылы да
дариды. Рухани әлемі бай адам ғаламдық экология мен Қазақстан экологиясын
табиғи ұштастыруға бейімді. Әрбір оқушының туған жерді-ортақ үй, Қазақ елін
ортақ Отан ретінде сезіну, атамекен мен ел табиғатын аялап, қызғыштай
қорғау қасиетін тәрбиелеудің маңызы ерекше.
Оқыту-тәрбиелеудің жүйесін қайта құру жағдайында басты міндетті
іске асыру үшін оқыту мен тәрбиенің жоғары сапасына қол жеткізетін
тәрбиенің жаңа ұлттық үлгісін жасау және дамыту көзделеді. Қазіргі
тәрбиенің түп мақсаты — қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшуі
кезінде саяси экономикалық және рухани дағдарыстарды, жеңіп шыға
алатын ізгіленген 21 ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан-жақты
мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру болып отыр. Бұл 21 ғасырды
құрушылар — бүгінгі мектеп қабырғасында оқып жатқан жастар.
Ертеден-ақ материалдық және рухани қажеттілікті өтеген этномәдени
мұраның түп-тамыры тереңде. Ол көшпенді түркі тектес тайпалардың
өнерінен бастау алған. Халық өнері – этностың ой-санасы мен
дүниетанымының, өмір болмысы мен көзқарасының өзара байланысын білдіреді.
Олай дейтін себебіміз қоғамның әлеуметтік дамуындағы ең биік
қасиеттерінің бірі-шыншылдығы. Бұл жерде қоғамдық сана шындықтың жансыз
көшірмесі емес, ол заманның этномәдени рухани мәнін, көркем- эстетикалық,
адамгершілік идеяларын мағыналы мазмұнға айналдырып, этникалық мән береді.
Біріншіден, өнерді жасаушы халық, өйткені халық тарихқа өз бейнесін сурет
қылып салып кеткен. Екіншіден, бабалар мұрасы ғасырлар бойы сұрыпталып,
ұзақ уақыт сыннан өткен. Оның бастапқы мазмұнын шыңдай түсуге қаншама
ұрпақтың ақыл-ойы, дүниетанымдық ой-түсінігі, ұлттық сана-сезімі
жұмсалған. Халық мұрасындағы кеңістік пен уақытты жіктейтін болсақ, ол
тас дәуіріндегі геометриялық өрнектер мен сақ дәуіріндегі жануарлық
таңбадан басталып, қазіргі ұлттық жаңару төл өнерінен дәстүрлі
көрінісін табады. Кеңістік туған жер, ата жұрт, ата қоныс
ұғымдарында отанын сүю, қастерлеу, табиғатты қорғау, оған деген
жауапкершілік сезімін айқындайды. Соның нәтижесінде халыққа, этносқа
деген мақтаныш сезімін қалыптастырып, қазақстандық патриотизмге
тәрбиелейді.

I.2. Этникалық-мәдени қызығушылықтың зерттелу жайы

Бүгінде этностық мәдениет пен ұлт тілдерінің өткені мен келешегіне
көз жіберу үшін этностардың шығу тегін ғылыми методологиялық тұрғыдан
қарастыру қажет. Бұл жөнінде соңғы жылдары ұлт мәдениетін ғылыми-
методологиялық тұрғыдан терең зерттеп, тұңғыш рет құнды еңбек жазған
атақты тарихшы ғалым Лев Гумилев болды. Ол өзінің Халықтар қалай пайда
болады және жоғалады? (1989) деген атақты еңбегінде этнос туралы
ғылыми дәйекті келесі анықтаманы берген: этнос дегеніміз — жер бетіндегі
белгілі бір тіршілік аймағы мен әлеуметтік ортаның бірлігінде жатқан
салт-дәстүр, тұрмыс-тіршілігі, шаруашылық кәсібі, мінез-құлқы, тілі мен
мәдени мұрасы бір халықтар тобы. (31) Біз осы анықтаманы басшылыққа
аламыз. Ал, қазақ этнопедагогикасының өзіндік ерекшелігін ғылыми тұрғыдан
зерттеп, анықтауда диалектикалық философияны басшылыққа алу қажет. Ең
алғаш этнопедагогика терминін қолданған ғалым Г.Н.Волков болды. Өзінің
Чувашская народная педагогика және Этно-педагогика атты
монографияларында халық педагогикасының пәнін, педагогикалық негіздерін,
тәрбиенің әдістері мен құралдарын анықтады. Оның анықтауы бойынша халық
педагогикасы – бұл халықтың тілегіне сәйкес жеке адамның бойына
қасиеттерді дарыту мақсатымен еңбекшілердің педагогикалық дәстүрлердің,
тәсілдердің, тәрбие мен оқытуда өзара тәуелділік мақсаттардың,
міндеттердің және құралдардың жиынтығы. (19)
Бұл жерде халық педагогикасын жан-жақты зерттеген ғалымдардың
халық педагогикасы туралы ұғымның анықтамасы жайлы пікірлеріне
тоқталғанды жөн көрдік.
Педагог ғалым А.Ш.Гашимов халық педагогикасына анықтама беру үшін
тәрбие жөнінде халық идеяларына аса көңіл бөлудің қажет екенін айта
келіп: Халық педагогикасы – кең мағынада айтқанда тәрбие мәселелері
бойынша халық дәстүрлерінің, әдет-ғұрыптарының, идеяларының жиынтығы,-
деді. (32)
Қ. Бөлеев өзінің Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие
беруге кәсіби дайындау атты еңбегінде болашақ мұғалімдердің ұлттық
тәрбие беруге кәсіби даярлық көрсеткіштері математикалық-
статистикалық бағалау арқылы анықталған.(17)

О.Нұсқабаевтың “Интернациональное воспитание школьника” атты еңбегінде
жеке тұлғаны әлеуметтендіруде ұлтаралық мәдениеттің маңыздылығын,
қажеттілігін ашып көрсеткен. (14)

Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті қайраткерлерінің бірі
-Жүсіпбек Аймауытов психологияға қатысты мәселелерді өзінің соңғы
еңбегі Комплексті оқыту жолдары атты кітабында сөз етеді. Ол тәрбиелеу
барысында халық әндерінің психологиялық жақтарына талдау жасау арқылы
оқушылардың эстетикалық ерекшеліктерін дамыту қажет дейді. Ж.Аймауытов
бұл жерде ұлттық (этностық) психологияға ерекше мән беріп отыр.

Мағжан Жұмабаев (1922) Педагогика атты ғылыми еңбегінде Ұлт
тәрбиесі баяғыдан сыналып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір
тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс. Сол ұлт тәрбиесімен
тәрбие қылуға міндетті- деп жазды.
Этнография, этнопедагогика, этнопсихологияны зерттеген ойшыл-жазушы
Мұхтар Әуезов әр халықтың, не ұлттың өзіне тән мінез-құлқы,
темпераменті, талғам түсінігі, әдет-ғұрпы, салт-санасы болатындығын әркез
ескеріп отырған. Ол халықтың ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан ортақ
рухани тіршіліктері (фольклор, тіл, дін, өнер, дәстүр, салт, әдет-ғұрып
т.б.) ұлт психологиясының ерекшеліктерін танып білдіретін басты өлшемдер
дейді.
Соңғы жылдары Қазақстан ғалымдары профессор Қ.Жарықбаев, профессор
С.Қалиев тағы да бірсыпыра педагогтар халық педагогикасы жайлы зерттеу
жұмыстарына мән беріп, өздерінің үлестерін қосуда. Ж.Жарықбаев пен
С.Қалиевтың бірлесіп жазған Национальные аспекты обучения и воспитания
в Казахстане (Алматы,1990ж.) атты кітапшасында қазақтың ұлттық тәрбиесі
жөнінде бірсыпыра мәселелер қарастырылған. (38)
Қазақстандық жазушы О. Дымов Мы, народ Казахстана деп атаған
еңбегінде: Қазақстан көпэтникалық мемлекетке жатады. Ол өз аумағында
тұрып жатқан барлық мәдениеттер мен этностардың дамуы үшін бірдей жағдай
жасай отырып, мемлекет тәуелсіздігін нығайтуға бағыт ұстап отыр ,- деп
мемлекет саясатына сипаттама берген еді. (13)
Қазақстан ғылымында этникалық проблемалар бойынша ғылыми
зерттеулердің санының көбейгендігі байқалады. Соңғы он жылдың ішінде
Р.Б. Абсаттаровтың, В.Ю. Дунаевтың, Е.К.Ертісбаевтың, С.К. Калмыковтың,
А.П.Коноваловтың, Г.В.Малининнің, А.Н.Нысанбаевтың еңбектері жарық көрді.

Ж. Наурызбаев өзінің Ұлттық мемлекеттің ұлы мұраты атты кітабында
Қазақстан Республикасында этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамасының
аса қажеттілігімен тың ізденіс екендігін атап көрсете отырып, өз
ескертпелері мен ұсыныстарын білдірді. Бұл еңбегінде Ж. Наурызбаев
қазақстандық білім беру жүйесін әлемдік өлшемдерге жақындата түсу,
тілімізге қамқорлық, тарихымызға таразылық, халықтық педагогикаға шындап
бет бұру қажеттілі туралы жазды. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін
іс жүзінде бекіту, мәдениет аралық қатынасты кеңейту, мәдени-этникалық
білім беру жүйесін қалыптастыру мәселелері бойынша ғылыми дәйекті
тұжырымдамалар мен шаралар кешенін ұсынды. Бұл ғылыми еңбек негізгі үш
тараудан тұрады:
1) Мәдени-этникалық білім беру: педагогикалық теория
2) Мәдени-этникалық білім беру: педагогикалық тәжірибе
3) Мәдени-этникалық білім беру: өмірге енгізу механизмі (8)
Төл мәдениетті терең білу үшін — басқа мәдениеттерге қызығушылықтың
іргетасын қаласа, көп мәдениетпен танысу — рухани баю мен дамудың негізі
болады.
Заман мен қоғам қаншалықты өзгергенімен адам санасынан мәдени
құндылықтар жойылмауы тиіс. Төл мәдениетінен нәр алған, әлемдік
мәдениеттен сусындаған тұлға ғана қоғамның тұтқасы бола алады. Бүгінгі
таңда түрлі мемлекеттік басқару органдары, жергілікті әкімшіліктер, оқу
орындары мен ұлттық- мәдени орталықтар бұл бағытта тыңғылықты жұмыс
жүргізуде.
1995 жылдың 1 наурызындағы Қазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстан халықтары ассамблеясын құру туралы Жарлығымен елдегі
қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында және
Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-бабына сәйкес Қазақстан
Республикасы Президенті жанындағы консультативтік — кеңесші орган ретінде
Қазақстан халықтары ассамблеясы құрылды.
Ассамблеясының атқаратын қызметтеріне мыналарды жатқызуға болады:
мәдени-ағартушылық — ұлттық мәдениеттерді, тілдер мен салт-дәстүрлерді
қайта жаңғырту мен насихаттау; тәрбиелік –қазақстандық жәнеұлттық
партиотизмді қалыптастыру; коммуникативті – ұлтаралық қатынастарды
қадағалау негізінде ұлтаралық татулық пен келісімді нығайту;
консультативтік-кеңесшілдік – Қазақстанда өмір сүріп жатқан ұлттар
өкілдері арасындағы достық қарым-қатынастардың дамуына сеп болатын
мемлекеттік саясатты жүргізу жөнінен ұсыныстарды ойластыру.
Қазіргі уақытта ассамблеяға 350 адам мүше. Ұлттық мәдени орталықтарда
жыл сайын Наурыз, Құрбан айт, Масленица мен Рождество сияқты халық
мерекелері мен діни мейрамдарды өткізу игі дәстүрге айналды. Мұндай
мерекелерге қатысу жас жеткіншектерді көркем, қолданбалы, фольклорлық
мәдениеттің асыл қазынасын қастерлеуге, халықтық әдет-ғұрыптар мен салт-
дәстүрлерге деген сүйіспеншілікке үйретеді.

Ассамблеяның мүшелері- барлығы:350
Оның ұлттық құрамы

рн Ұлты Адамдар саны %
1 Қазақтар 83 23,7
2 Орыстар 34 9,7
3 Украиндар 26 5,7
4 Немістер 22 6,2
5 Татарлар 20 5,7
6 Кәрістер 20 5,7
7 Еврейлер 14 4
8 Шешендер 14 4
9 Гректер 14 4
10 Ұйғырлар 11 3,1
11 Армяндар 11 3,1
12 Әзербайжандар 9 2,5
13 Поляктар 9 2,5
14 Түріктер 8 2,3
15 Күрдтер 6 0,6
16 Белорустар 5 1,4
17 Дүнгендер 5 1,4
18 Өзбектер 5 1,4
19 Балкарлар 4 1,1
20 Қырғыздар 4 1,1
21 Тәжіктер 4 1,1
22 Ингуштар 3 2,2
23 Болгарлар 3 0,8
24 Башқұрттар 2 0,5
25 Дағыстандар 2 0,5
26 Прибалттар 2 0,5
27 Карачаевтар 2 0,5
28 Венгерлер 1 0,2
29 Түркімендер 1 0,2
30 Грузиндер 1 0,2
31 Қазақтар 1 0,2
32 Лезгиндер 1 0,2
33 Ирандықтар 1 0,2
34 Буряттар 1 0,2
35 Румындар 1 0,2

Тәрбие жұмысында мемлекеттік рәміздерді: Қазақстан Республикасының
Елтаңбасын, Туын, Әнұранын терең құрметтеу маңызды орын алады.
Мемлекеттің этникалық-әлеуметтік ахуалды тұтас және оның жекелеген
қырларынан пайымдайтын этносаралық қатынастар саласындағы ресми саясатын
жасау өзекті мәселе. Бұл ретте оқушылардың этникалық-мәдени
қызығушылықтарын қалыптастырудың маңызы өте зор. Қызығу — әр қырынан
алып қарауға болатын күрделі ұғым, адамның белгілі бір объектіні ұнатып,
білуге ұмтылған іс-әрекетін қуаттандыратын психикалық ерекшелік деген
пікір айтады ғалымдар М.Беляев, Н.Морозова, С.Рубинштейн. Қызығу адамды
жаңаны білуге, әрекеттің жаңа әдістерін іздестіруге құмарландырады.
Сондықтан адамның қызығуы бір іспен шұғылданғанда әр түрлі әрекеттерде
көрініс табады.
Егер қызығу ұғымын психология ғылымы аясында түсіндірсек: Қызығу
— шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге
бағытталған адамның біршама тұрақты жеке ерекшелігінің бір көрінісі.
Сонымен қатар, қызығуда бір нәрсені ерекше таңдап, соған зейін қойылады.
Адамды еліктіріп, өзіне тартқан нәрсенің бәрі қызығудың объектісі болып
табылады. Қызығу құбылысының табиғаты өте күрделі. Ол ең алдымен өзінің
көлемі жағынан ажыратылады. Осы тұрғыдан бір адамның қызығуы кең, жан-
жақты болып келеді де, екінші біреудікі керісінше өте тар болады. (27)
Оқушыда қызығудың жөнді көрінбеуі оның өмірін мазмұнсыз етеді.
Мұндайда ол енжар болып, іші пысады, зерігіп, берекесі кетеді. Қызығудың
мазмұнды әрі кең, өрісті болуы оның басты ерекшеліктерінің бірі. Мұнсыз
оқушының рухани өмірі дамымайды. Карл Маркс бір сөзінде: Адамға
лайықтың бәрі де маған жат емес деген екен. Бұл қызығуы жан-жақты
дамыған адамның ғана айтатын сөзі. Қызығуы тұрақты қасиетке айналған адам
ғана іс-әрекеттен жақсы нәтиже шығара алады, ісі әр уақытта да берекелі
болады. Қызығулар өзінің мазмұны мен бағытына қарай: материалдық,
қоғамдық, саяси, кәсіптік, эстетикалық, оқырмандық, спорттық, танымдық т.б.
болып келеді.
Адам объектіге түрлі мақсат көздеп қызығатындықтан, қызығу тікелей
және жанама болып екіге бөлінеді. Тікелей қызығу айналадағы нәрселердің
тартымдылығынан туады. Мәселен, бұған футболға қызығуды алуға болады.
Жанама қызығу – бұл әрекеттің түпкі нәтижесін қажетсіну. Мұндай қызығуда
адам көздеген мақсатына біртіндеп, сатылап жетеді. Мәселен білуге, тануға,
еңбек етуге қызығу осындай қызығулар. Жанама қызығу тұрақты, тұрлаулы
болып келсе, оқушы білген үстіне біле түсуге ықыласы артып отырады.

Қызығудың жақсы көрінетін жері мектеп. Мектеп өмірі балаларда
көптеген қызығулардың түрлерін туғызады. Қызығу пәрменді, белсенді болу
үшін, бала тікелей әрекетпен айналысуы қажет. Мұғалім балалардың қызығуын
тәрбиелеуде оларға әлі де онша мәлім емес кейбір жанама қызығуларды
тауып, соларды тұрақтандыру жағын ойлау керек. Сонда ғана бала рухани
өмірге бай, босқа зерігуді білмейтін, жан-жақты, қабілетті, мәдениетті адам
болып шығады.
Атақты орыс педагогы К.Д.Ушинский оқушыларды сабаққа тарта білу,
олардың оқуға қызығушылығын арттырып, білімге құмарту керектігіне
баса көңіл бөлген. Оның пайымдауынша, қызығушылық сапалы тәрбиенің
негізгі жолы, ешбір қызығусыз, тек қана зорлық күшімен жүргізілген тәрбие
оқушы бойындағы білім алуға деген құштарлықты жояды. (26)
Неміс педагогы И.Ф.Гербарт өзінің оқыту теориясының негізіне әр
саладағы қызығушылықты алған. Адам бойындағы қызығушылықтар қоршаған
дүниені танып білуге немесе қоғамдық өмірге араласуға байланысты болады.
Оқушылардың қызығушылығын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа
байланысты. Сабақта баланың қатысуы үшін қолайлы жағдай туғызып,
қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылса, әр оқушының оқуға
деген қызығушылығы артады. (24)
Қызығушылық – адамның дүниені тануға, білуге мұқтаждығы. Ол адамның
өміріндегі нақты шындық көріністі терең жаңа бір фактіні жете білуіне
және сол арқылы іс-әрекетіндегі бағыты мен бағдарын, мақсатын
айқындауға мүмкіндік береді.
Адамның қызығушылығын қанағаттандыру оны одан әрі жаңа бір
қызығушылыққа, дүниетанымның жаңа бір биік сатысына жетелейді.
Қызығушылықты тудыратын объекті, мақсаты болу керек. Қызығушылықтың
тұрақтылығы уақыт ұзақтылығына, оған жету жолындағы шапшаңдылыққа,
қиындықты жеңуге байланысты.
Этникалық — мәдени қызығушылық — өз ұлтының мәдениетін, салт-
дәстүрлерін тағы басқа құндылықтарын біліп, танудағы белсенділігі, бағыты.
Этникалық-мәдени қызығушылықтың деңгейі ұлтаралық мәдениет
деңгейі арқылы байқалады.

Этникалық-мәдени қызығушылық

Мотив

Қажеттілік

Бағыт

Этникалық-мәдениет деңгейі

Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті
Мотив түсінігіне (Р.Г. Агеева) келесі анықтама берген: Мотив —
бұл адам санасында қаланып, оны белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыру
үшін әрекетке итермелеуші себеп күш. Ал, кең мәнінде мотив — шындыққа
сай заңдылық ретінде ықпал жасап, объектив қажеттілік түрінде көрінетін
болмыс. Қорыта айтқанда, адамның қандай да қылық-әрекеті оның мотивтік
себеп күштеріне байланысты.
Қажеттілік — жеке адамның, әлеуметтік топтың, қоғамның өмірлік
қарекеті мен дамуын қолдау үшін объективтік тұрғыда қажет дүниелерді
керексінуі.
Қазақстанның жан-жақты өркендеуі мен гүлденуі көбіне-көп қазақ
халқының және республиканы мекендеген басқа ұлт өкілдерінің арасындағы
татулыққа, өзара түсінушілікке және сыйластыққа тікелей байланысты.
Ұлтаралық қатынас мәдениеті әртүрлі ұлт өкілдерінің бойында татулықты,
өзара түсінушілікті, сыйластықты, ізгіліктілікті, имандылықты тәрбиелеу,
өз халқының өзіндік ұлттық-мәдени ерекшеліктерін сақтай отырып, басқа ұлт
пен ұлыстардың өскелең өмір тәжірибесін, тұрмыс салтын, дәстүрін,
шаруашылықты жүргізу тәсілдерін, рухани байлығын, өнерін, мәдениетін
меңгеруге ұмтылушылық сезімін қалыптастыру, ұлттық менмендікке, шовинистік
дандайсушылыққа, басқа ұлт пен ұлыстарды көрушілікке ымырасыздықты
орнықтыру. (27)
Сонымен Ұлтаралық қатынас мәдениеті — белгілі ұлт арасындағы
байланыс, қатынас түрі. Олардың негізінде әр түрлі ұлт өкілдері, діни
көзқарастарына т.б. белгілеріне қарамастан рухани құндылықтарымен,
ойларымен бөлісіп, тәжірибе алмасуы, бір-біріне шыдамдылық, құрмет таныту.
Ұлтаралық қатынас мәдениеті деңгейі — этнопедагогикалық мәдениет
деңгейін жетілдіруге ықпал жасайды, ал этнопедагогикалық мәдениет
дегеніміз жалпы мәдениеттің бір бөлігі, ол арқылы индивид өз ұлтының
рухани құндылықтарын игеріп, өз ұлтының өкілі болып қалыптасады.
Біз философиялық және психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді
талдаудан кейін ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру мынандай
бағыттарда жүргізілуі қажет деген қорытындыға келдік:
-қоғамның ізгілік және адамгершілік құндылықтарын насихаттау және
қалыптастыру. Атап айтқанда, халықтар достығы, әр түрлі дінге құрметпен
қарау, адам өмірінің құндылығын мойындау, отанына деген сүйіспеншілік,
қайырымдылық;
-еліміздің Конституциясына және заңдарына, басқа адамдардың құқығына,
еркіндігіне, абыройына сыйлаушылықты бекіту;
— Қазақстанның әнұранына, туына, елтаңбасына деген құрмет сезімін
қалыптастыру;
— кез келген ұлттық асқақтаушылыққа және шовинизм көріністеріне
қарсы шараларды жүзеге асыру;
— ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу. (10)
Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу жұмыстарын жүргізгенде
философиялық әдебиеттерде (Р.Абсаттаров, Т.Сәрсенбаев, А.Қосыбаев т.б.)
көрсетілген мынадай ұстанымдарды басшылыққа алудың қажеті бар:
-Қазақстанның дүниежүзілік қауымдастықпен интеграциялануы, яғни
Қазақстан дүниежүзілік қауымдастықтың бөлігі болады;
-ұлтына қарамай бүкіл азаматтардың Қазақстан тағдырына деген
жауапкершілік, яғни бірліктегі азаматтықпен саяси қауымдастығы — қазақстан
халқын қалыптастыру;
-ізгілендіру ұстанымы: адамның ең жоғары құндылық, оның еркіндігін,
құқығын, рухани дүние құрылысын мойындау;
-этносаясаттың жоғары ұстанымы- интернационализм.
Елде соңғы ұстанымдағы интернационалдық пен ұлттықтың
диалектикалық бірлігі жүзеге асса, онда ұлттық қызығушылық негізінде
бөлінуге төтеп беруге болады. Бұл этностардың және халықтардың достығы,
тең құқықтығы, өзара сыйластық, жан-жақты бірлескен әрекет негізіндегі
құрылған және дамыған қатынастың түрі. (14)
Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу мәселелерін қарастырғанда
Г.К.Нұрғалиева, Р.А.Дюсупова, Л.Сексенбаева, Г.А.Умановтың еңбектеріне
сүйене отырып мынандай жағдайларды анықтадық. Қоғам өмірінде ұлтаралық
қарым-қатынас мәдениеті салыстырмалы болса да, дербес құбылыс болады.
Ол әртүрлі ұлттардың өкілдерінің қарым-қатынас үрдісінде жүзеге
асатын, өзара толықтырылатын және шығармашылықпен дамитын дүниеге
көзқарас, адамгершілік, эстетикалық құндылықтар. Ұлтаралық қарым-қатынас
мәдениетінің адамгершілік мазмұнына бір халықтың екінші халықты құндылық
деп ұғынуы, басқа халықтың жетістігін тануға ұмтылысы, өзге халықтың
өкілдерімен қарым-қатынасқа түсу ұмтылысын бекіту және дамыту, өз
халқының жетістіктерін өзгеге таныстыру кіреді.
Ресейдің ғалым-педагогі З.П.Гасановтың пікірінше, ұлтаралық қарым-
қатынас мәдениетін тәрбиелеудің ұйымдасқан үрдісі мыналардан тұрады:
жалпы мақсатты және нақты міндеттерді анықтау; оқушыларды адамның және
халықтардың құқықтары мен еркіндіктері, ұлты және олардың қатынасы, діни
конфессиялар туралы ғылыми білімдер жүйесімен таныстыру; Бұлар оқыту
үрдісінде және сабақтан тыс уақытта жүзеге асады. Педагог ғалымдардың
пікірінше әр түрлі пәндерді оқу барысында оқушылар мыналарды білуі
керек: әр түрлі елдерде,материктерде және бүкіл дүние жүзіндегі этностық
демографиялық жағдайды; дүниеде болып жатқан әлеуметтік-этникалық
өзгерістерді; қарама-қайшылықты, көпэтносты дүниенің бірлігін және
бөлінбей-тіндігін; Оқушыларға осындай білім меңгертуде еліміздегі
белгілі ғалым-педагог А. Бейсенбаеваның пәнаралық байланыс идеяларын
пайдаланған абзал.
Мәдени-этникалық процестерді жеделдетуде, ұлттық тіл мен мәдениетті
өркендетуде, білім беру саласында этникалық және тілдік топтардың
мүддесін іске асыруда, соның ішінде этнолингвистика, халықтық тәлім-
тәрбие мен этнопсихологияны дамытуда республикалық және жергілікті
ұлттық-мәдени орталықтардың маңызды рөл атқарады. Қазақстанда қазақ,
орыс, корей, неміс, өзбек, ұйғыр тілдерінде жүздеген газет-журналдар
басылып шығады, бұларда берілетін материалдарда мәдени-этникалық
тақырыпқа елеулі орын бөлінеді. Біздің еліміз республикада тұратын шағын
этникалық топтардың мәдениетін сақтау мен байытуға қамқорлық жасайды.
Әрбір этностың мәдени мұрасы республика мәдениетінің қазынасын
қорландыратын, әлемдік өркениетке қосылатын бірегей байлық.
Мәдени өзіндік ерекшелік халықтың өзінің өткен дәстүрлерін есте
ұстауға, одан рухани қуат алып, өзіндік жасампаздық үрдісін дамыту үшін
оған басқа мәдениеттердің белгілерін шеберлікпен дарытуға мүмкіндік
береді. Халықтық мәдениеттердің өзіндік ерекшеліктерінен келіп
Қазақстан халықтары мәдени қазыналарының бірлігі қалыптасады.
Ұлттық мұра — халық педагогикасының бір саласы. Ал, халық
педагогикасы – ұлт мәдениетінің негізі.
Бүгінгі әлемдік аренаға жеткен ғылыми педагогика халықтық
педагогикадан бастау алып, оны өзінің ғылыми-зертеу объектісіне айналдырды.
Халық педагогикасының бағыттарын: достық, бауырмалдық, ізгілік, елін,
жерін, ұлт мәдениетін сүюшілік, адалдық, шыншылдық, қонақжайлылық,
табиғатты аялау, еңбекті, ұлттық өнерді бағалай білу сияқты ұлттық санаға
құрылған. Бұл бағыттар ұлттық ойын-той, әдебиет, тарих арқылы сіңірілуі
тиіс. Олай болса мектептің тәрбие жұмысында дәстүрлі мәдениетті, оның
өзіндік әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін ұрпақ тәрбиелеуде тиімді пайдалана
білу жеке тұлғаның жан-жақты өсіп дамуына, рухани, адамгершілік
мәдениетінің қалыптасуына мүмкіндік береді. Оқушыларға күнделікті ұлттық
мұра, ұлттық нақыштағы материалдық мәдениет үлгілері көрсетіліп,
пайдаланылып, түсіндіріліп отырылуы қажет.
Ең күрделі мәселенің бірі –этникалық тектестік. Ол нақты мағынасында
этникалық сана-сезім, төл ерекшелік, белгілі бір топқа қатыстылықты,
басқалардан өзгешелікті сезіну ретінде ұғынылады. Этникалық тектестік
жеке тұлғаға да, әлеуметтік топқа да қатысты қолданыла береді.
Этникалық тектестіктің нақты айқындауышы-мәдени-этникалық тектестік.
Халықтың мәдени этникалық тектестігі тарихи оқиғаларды үнемі еске алу,
халықтың рухани құндылықтарды, ұлттық батырлар мен кемеңгерлерді
құрметтеу нәтижесінде қалыптасады. Мәдени-этникалық тектестік еркін және
ерікті тіршілік шығармашылық процесінде қалыптасады.
Бұл этнос пен мәдениеттің өзара байланысының жағдайы, олардың
арасында тұрақты бір қашықтық сақталғанымен этнос пен мәдениетін
қорғайды, сақтайды, дамытады, туындатады. Мәдениет-этностың өрісі, панасы,
болмыс тынысы, онсыз ол өмір сүре алмайды, демек, мәдениет этносты
қорғап, сақтайды. Мәдениетті санаулы адамдар емес, этнос қана сақтай
алады.
Этностың мәдениеті –оның қуат өрісі, басқаларға сіңісуден, жоғалып
кетуден сақтайтын құралы.
Мемлекеттік тектестікте мемлекеттік атрибуттардың алатын орны ерекше.
Бұлардың бір бөлігі біздің өмірімізге еліміздің елтаңбасы, туы, әнұраны,
жалпыхалық сайлаған мемлекет басшысы, төлтеңге, Конституция, билік
бұтақтары, армия болып енді. Енді бір бөлігі — хабар-ошар кеңістігі,
коммуникация жүйесі болып қалыптасуда. Кез келген тәуелсіз мемлекеттің
басқа мемлекет арасында айшықтана көрінер мәртебелік биігі болуы
міндеттілік.
Өзге мәдениетті тану, онымен өзін байыта түсу — тәрбие берудің
қазіргі заманға тән талаптарының бірі. Мәдениеттердің өзара байланысы,
әсері жағдайында ғана әрбір жекелеген мәдениеттердің принциптері мен
ерекшеліктері айқын танылады.

II Этникалық-мәдени қызығушылықтарды
қалыптастыру жолдары

II.1. Этникалық-мәдени қызығушылықты отбасында
іске асыру жолдары
Қазіргі қазақ қоғамындағы: тастанды жетім балалар, отбасын құрмағандар
және ажырасқан жастар, қарттар үйлеріндегі көздерінен қанды жас ағып
отырған әжелер мен аталар, маскүнемдік пен нашақорлыққа салынған
жастар, қаулаған қылмыс, сыбайлас жемқорлық, ата-ананың бала тәрбиесімен
айналыспауы, өз тілін, тарихын, әдебиетін, мәдениетін, салт-дәстүрлерін
білмейтін жастар т.б. ұлттық тәрбиенің болмауынан пайда болған құбылыстар
деп санаймыз.

Қазақстанда мәдени-этникалық тәрбие беру жүйесін қалыптастыруға
қажетті алғышарт — бұл үшін қолайлы жағдай жасау, яғни мәдени-этникалық
тәрбие кеңістігін құру болып табылады.
Мәдени-этникалық тәрбие беру кеңістігі — отбасы, ата-ана тәрбиесінен
басталады. Отбасы, үй-іші-бұл тарихи ұғым. Ол өмірдің даму, жоғары қарай
өрлеу баспалдағы арқылы қалыптасқан. Отбасы – қимылы өте шапшаң құбылыс.
Ол ешуақытта қозғалыссыз тұрмайды. Қоғамның төменгі сатысынан жоғары
сатысына қарай өрлеген даму қарқынымен ілесіп,төменгі қалыптан жоғары
қалыпқа ауысып отырады,- деп жазады американдық ғалым Морган Луис өз
зерттеуінде.(23)
Этно-мәдени қызығушылықты қалыптастыру мәселесінің негізгі де
отбасынан бастау алады. Осы орайда ең алдымен жолға қоятын мәселе отбасылық
тәрбие. Баланың ата-ана, туған-туысқаннан, айналаны қоршаған ортадан
алшақтамай, ата-ана мейіріміне, отбасының жан шуағына қанып өсуіне
мүмкіндік жасау қажет. Ата-ананы, үлкенді сыйлауға, халықтың салт-дәстүрін
қадірлеуге, ел тарихы, туған жер, ата-баба шежіресіне қанығуға да, бесік
жырынан бастап халық ән-күйіне сусындауға да бүлдіршін алғашқы қадамды
отбасынан бастайды. Ата-ананың тәлімі, өнегесімен ештеңе теңесе алмайды.
Халқымыз кезінде арнайы бала тәрбиесімен айналысатын қоғамдық орындары
болмаса да өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен бастап-ақ өлең, жыр, ертегі,
асыл сөздері арқылы тәрбиелікке баулыған. Қазақ халқы ұрпақ тәлім-
тәрбиесінде өз ұлтына тән, оның ұлттық тектілігін сақтайтын сәтті
қағидалар мен ережелерді дүниеге келтіріп, ұстанған. Қазақта Баланы
жастан, Құс ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі -деген қанатты сөздер аз
емес. Осы мәйегі мол … жалғасы