Өскемендегі 19 жастағы сарбаз өзіне 2 рет оқ атып қайтыс болған (фото)

0

Өскеменнің шекара бекетінде төтенше жағдай орын алды. 19 жастағы шекарашы кеуде тұсынан 2 рет оқ тиіп көз жұмды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның дерегін негізге алып.  Күдіктінің сөзінше, қайғылы жағдайға қарудың себеп болған.

Шекарашы Әлихан Қожагелдиев атыс қаруының бір бөлшегін жоғалтып алғаны жайлы шекара нарядының аға қызметкері Артем Дереглазовқа айтқан. Екеуі бірлесіп іздегенімен қару бөлшегі табылмаған. Серіктесі Артемның сөзінше, ол жазадан қорқып, өзіне оқ атқан.

шекарашы Өскемен

«Бұл тек жалғыз куәгер Дереглазовтың айтуына байланысты тараған ақпарат. Бұған сену қиын. Егер адам өз-өзін өлтіргісі келсе, бірден басынан атпайды?!  Әлихан кеудесінен 2 рет оқ атқан. Дереглазов Әлиханнан өте алыс тұрғанын  және барлығы тез болғанын айтқан» — дейді Әлиханның ағасы Асхат Қожагелдиев.

Әлихан Өскемендегі Ақжон шекара бекетінде азаматтық борышын өтеген. Әлихан Қожагелдиев колледжді үздік бітіріп, университетке гранттық негізде оқуға түскен.

«Ресми дерек бойынша қатардағы әскери қызметкер өз-өзіне қол жұмсаған. Алайда, нақты себебін айта алмаймын. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр», —  дейді 2017 әскери бөлімнің командирі Ерік Тұрғанбаев.

Қазір жалғыз куәгер Артем Дереглавтың үстінен «өз-өзіне қол жұмасауға итермелеу» бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Ал қызмет барысында жоғалған қару бөлшегі арнайы құралдың көмегімен табылды.

Ал марқұмның анасы ұлының мұндай қадамға барғанына сенбейді. Анасы іштей қайғылы жайттың болатынын сезгендей әскери қызметке ұлын шақырған кезде де  қарсылығын білдіріпті.

«Мен жалғызбасты ана екенімді айтқанмын. Баламды алып кетпеуін сұрап, жалынған едім. Олар болса, маған «500 мың теңгеңіз бар ма? Егер бар болса, төлеңіз. Болды мәселе шешіледі», — деп жауап берді. Мен өз ұлымды жақсы білемін. Ол бұндай қадамға бармас еді», — дейді ұлынан айырылған ана.