Амбулаторлы хирургиялық қызметті ұйымдастыру | Скачать Реферат

0

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы
Хирургиялық пәндер кафедрасы кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Амбулаторлы хирургиялық қызметті ұйымдастыру

Орындаған:Аралбай А.Ә
Тобы: 310 А ЖМ
Қабылдаған: Рамазанов Ж.А

Шымкент 2018
Жоспар:
I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім:
1) Амбулаторлы хирургия бөлімінің жабдықталуы
2) Амбулаториялық хирургия орталығында жоспарлы науқастарды емдеуге қарсы көрсетімдер
3) Операция алдындағы тексеруге қойылатын талаптар
4) Амбулаторлы хирургияның артықшылықтары мен кемшіліктері
5) Амбулаторлы хирургияның маңыздылығы мен емдеу принциптері
III.Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер

I.Кіріспе
Амбулаторлы жағдайдағы хирургия
Науқастың ауруханада госпитализацисын барлық операциялар міндетті түрде қажет етпейді. Қазіргі заманғы хирургиялық техниканың даму сатысында көптеген хирургиялық ауруларды амбулаторлы түрде емдеуге болады.
Зерттеуге дейін науқас таңертең ауруханаға келіп операцияға дайындалады.
Операциядан кейін науқас бірнеше сағат дәрігер қарауында болып, ешке қарай ол үйіне қайтуына болады.
Қазіргі уақытта амбулаторлы хирургия көптеген елдерде кең таралуда.Амбулаторлы хирургия орталықтарында операциялар жаңа аз жарақаттайтын хирургиялық әдістермен жасалуына байланысты қазіргі уақытта кең таралуда. Кейбір түрлерін жергілікті анестезиямен жасау арқылы операциядан кейінгі болатын асқынуларды болдырмауға бағытталған.
Амбулаторлы операция 17 ден 60 жас аралығында, ауруы ешбір ауыр және қосымша ауруларсыз өтіп жатқан барлық адамдарға болады.
Хирургия – хирургиялық операциялар көмегімен емделетін жедел және созылмалы ауруларды оқытатын медицина саласы.
Хирургиялық жолмен емдеу бірнеше ретті кезеңдерден тұрады:науқасты операцияға дайындау, жансыздандыру және хирургиялық операцияға араласу.
Хирургиялық операцияға: операциялық мүмкіндік (шырышты қабат пен теріні тілу), мүшені оперативті емдеу, операция кезінде зақымдалған тіндердің бүтіндігін қалпына келтіру енеді.
Жасалу уақытына байланысты операциялар шұғыл, жедел және жоспарлы болып бөлінеді. Шұғыл операциялар дереу жасалады (қан тоқтату, трахеостомия, перитонит және т.б). Жедел операцияларды нақты диагноз анықталғанға дейін, науқасты операцияға дайындағанға дейін кейінге қалдыруға болады. Жоспарлы операциялар науқасты операцияға толықтай дайындап, зерттеуден кейін ғана орындалады. Қазіргі хирургия реконструктивті хирургия (бұл дегеніміз – зақымдалған мүшені ауыстыруға немесе қалпына келтіруге бағытталған: жасанды қантамырлар, жүректің жасанды қақпақшалары, жарық қақпасын синтетикалық тормен бекіту және т.б), және төмен инвазивті (төмен мүмкіндікті – лапароскопиялық операциялар, рентгеноэндоваскулярлы хирургия, яғни, организмге араласу аймағын ықшамдау).
oo Амбулаторлы хирургия – хирургиялық емдеудің түрі,науқас клиникаға түсіп, оған операция жасалып(немесе оған қандай да бір инвазивті зерттеу жүргізіледі), және сол күні ауруханадан шығарылады.. Амбулаторлы хирургия – жоғары дәрежеде дамып келе жатқан хирургияның бір бағыты, бір жағынан жұмсалатын қаржыны үнемдейді және ауыр асқынуларды болдырмауға бағытталған(терең веналардың тромбозы және ауруханаішілік инфекция, өткізілетін емнің әсерін құртатын асқынулар)
oo Амбулатория мен емханалада хирургиялық кабинетте 80% жуық госпитализацияны қажет етпей емделеді, 50 % жуық науқастар алғаш келіп, емхананың негізгі міндеті болып аурудың диагностикасы мен госпитализацияға жату керектігін анықтау болып табылады. Бірінші,жедел көмекті қажет ететін науқасты тексереді. Жоғары температурамен жүретін жарақаттар, іш қуысының жедел және қабынулық ауруларын тез қабылдайды. Қалған науқастарды хирург пен регистратураның қойылуы, келген кезектері бойынша қабылданады. Амбулаторлы жағдайда пигментті ісіктерді, сүт безінің ісігі, тік ішектің полипын алып тастауға болмайды, өйткені бұл жағдайда алып тасталған препараттың жедел гистологиялық зерттеулер жасау керек.
oo Амбулаторлы карта толтырылып, дәрігер хирургтың және науқастың келісімі бойынша, науқас ауруы жеңіл дәрежеде болған жағдайда үйлік жағдайда қаралуға келіседі. Науқасты міндетті түрде белгілі бір уақыттарда үйіне барып қарап, тексерулер жүргізіп отырады. Жағдайын қадағалап отырады.

Амбулаторлы хирургия бөлімінің жабдықталуы
Қабылдау бөлімшесі. Науқастарды қабылдау бөлімі арқылы іске асырылады, бұл жерде науқастар бірнеше түрге бөлінеді. Науқастар ауруының түріне қарай тиісті бөлімшелерге жатқызылады. Қабылдау бөлімі тұрады:
Тіркеу бөлімі,
Науқастарды бірінші рет қарау бөлімі,
Ванна бөлмесі,
Таза аурухана киімдерін сақтауға арналған бөлм
Науқас киімдерін сақтауға арналған бөлім.
Қабылдау бөлімдерінде 1-2 диагностикалық бөлмелер және инфекциясы бар науқастар үшін оқшаулауыш бөлменің болғаны орынды. Науқастар қабылдау бөлімінде санитарлық тазартудан өтеді, шаштарында биттің бар жоқтығы қаралады және аурухананың киімдерін киеді.
Жалпы хирургиялық бөлім
. Хирургиялық науқастарды емдеу арнаулы және барлық керекті нәрселермен жабдықталған бөлмелерде жүргізіледі. Онша үлкен емес 25-50 кереует мөлшеріндегі учаскелік ауруханаларда хирургиялық бөлімдердің болмауы да мүмкін, бірақ оларда да кешіктіруге болмайтын шұғыл хирургиялық жәрдем көрсету және онша үлкен емес жоспарлы операцияларды жасауға мүмкіншілік болуы керек. Хирургиялық бөлім науқастар жататын бөлмелерден, операция блогынан, таңу, байлау және қосымша бөлмелерден тұрады. Хирургиялық бөлім су құбыры, орталық жылыту, канализация желісі және ауаны сорып шығарушы аспабымен жабдықталған.
Травматологиялық бөлім
Бұл жарақаттанған науқастарға ем жүргізілетін хирургиялық бөлім. Травматология бөлімінің жалпы хирургиялық бөлімнен айырмашылығы, онда рентген кабинеті, гипстеу, байлау аппараттар бөлімі, емдеу дене шынықтыру және механикалық терапия кабинеті болады. Егер травматологиялық және жалпы хирургиялық бөлімдер қатар жалғасқан болса, операция жасалуын, рентгенология және физиотерапиялық кабинеттер екі бөлім үшін де жалпы болу керек.
Гипстеу – байлау, таңу бөлмесінде әдетте сынған мүшені ауыртпау, буын шығуын орнына салу, гипсті таңғыштар салу, тарту (созу) іске асырылады. Гипстеу – байлау бөлмесі операциялық бөлмесіндей асептика талабын бұзбау керек. Сонымен қатар бұл бөлмеде гипсті таңғыштар үшін арнаулы аспаптар, жылжымалы рентген аспаптары және т.б. болу тиіс.
Операция жасайтын бөлме. Операция жасайтын бөлме мен қосымша бөлмелерді операциялық блок деп атайды. Ол бөлек тұруы тиіс. Онда таза және іріңді операция бөлмелері болу керек. Егер операциялық бөлме біреу ғана болса, онда бірінші таза операциялар жасалады, содан соң іріңді. Бұлардан соң ең соңғы жинастыру әдісін естен шығармаған жөн. Іріңді операциялық бөлмені тазалау таза операциялық бөлмеге қарағанда мұқият тазалану керек. Операциялық блоктың қабырғасында және төбесінде ешбір шығыңқы орындар болмай, олар майлы сырмен боялады, еденге керамикалық плиткалар төселеді. Қазіргі операциялық бөлмелердің қабырғасы арнаулы плиткалармен қапталған, оның ақ емес, ашық жасыл не көкшіл болғаны дұрыс, себебі ақ түсті хирургтардың көздерін тез талдырады. Жарық түсіру жеткілікті және түсті өзгертпеу тиіс. Терезелер құбылаға қарамау керек. Тікелей түскен қиғаш сәулелер хирургтың жұмысын қиындатады және хирургтың басынан, қолынан көлеңке түспей тұғын, арнаулы көлеңкесіз шамдар қолданылады. Жарық көбірек керек жағдайда қосымша шамдар, хирургтың басында шахлердің лампашасы сияқты арнаулы лампашалар қолданылады. Оларды әсіресе нейрохирургиялық операцияларда пайдаланылады.
Ауаны жаңарту, алмастыру. Операция бөлмесінің ауасы жақсы тазалануы қажет. Сол үшін ауаны көбірек тартатын суырып-сорушы аспаптарды қолдану керек. Ауаны тек салқындатып, қыздырып, ылғалдандырып қана қоймай, оның ауасын микробтардан арылту үшін арнаулы кондиционерлер қолданып жүр.
Жабдықтау. Операциялық бөлмедегі аспаптар және жиһаздар тек жұмыс үшін керекті заттар: операциялық стол, құрал-саймандар және таңба, байлау заттарын қоятын операциялық мейіркештің столдары, хирургтың құрал-сайман столы, қан ағуын тоқтату үшін термокоагулятор, электроотсос және анестезиологиялық аппарат болуы тиіс. Оттегі баллондардың операциялық бөлмеде болмағаны жөн. Газды беру трубалар арқылы беріледі.
Наркоз бөлмесі – бұл наркоз аспаптары, анестезиолог пайдаланылатын дәрі-дәрмектер, құжаттар сақталатын жер. Кейде бұл бөлмеде наркоздың бастапқы кезеңдері жүргізіліп, соңынан науқас операция жасалатын бөлмеге апарылады.
Зарарсыздандыратын немесе автоклавтық бөлме – бұл операциялық киімдерді және құрал-саймандарды зарарсыздандыруға автоклавтарды, стерилизаторларды және қайнатқыштарды пайдаланылатын жер.
Құрал – сайман бөлмесі. Хирургиялық құрал-саймандарды, аспаптарды және аппаратураны сақтауға арналған жер. Олар арнаулы шыны шкафтарда сақталады. Операциялық бөлімнің материалдық бөлмесі операциялық киімдерді, тану және тігу материалдарын даярлау үшін пайдаланылады. Онда спирт, эфир және басқа дәрі-дәрмек қоры сақталады.
Байлау – таңу бөлімдерінде операциялық бөлмеге қандай талап қойылса, бұнда да сондай талап қойылады. Байлау таңу бөлмесінің температурасы 18°С-дан төмен болмау керек. Бұл бөлмеде науқастарды таңу үшін стол, құрал-сайман және дәрілер үшін шкаф болады. Құрал-саймандар байлау-таңу бөлмесінің өзінде немесе жанындағы бөлмеде залалсыздандырылады. Бұл бөлме ыстық және суық сумен қамтамасыздандырылады. Бұл бөлме өте жақсы тазалықты керек етеді. Құралсаймандар және таңу материалы үшін стол операциялық бөлмедегі сияқты етіп қойылады. Құрал-саймандар және таңу материалы корнцангпен алып беріледі. Таңу тек қана аспаптармен жүргізіледі.
Ең алдымен іріңсіз таза жарасы бар науқастарды ең соңында … жалғасы

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз