Алтын Банк халықаралық несие нарығына шықты
«Алтын Банк» АҚ синдикатталған қарыз бойынша 3,5 миллион еуро көлемінде «Белинвестбанк» ААҚ-ты қаржыландырмақ.
Мәмлені Еуразиялық даму банкі қатысушы банк және несиелік менеджер ретінде ұйымдастырды. Банкаралық синдикатқа «НОВИКОМБАНК» АҚ және «ТРАНСКАПИТАЛБАНК» ашық акционерлік қоғамы қосылды.
«Алтын Банк» АҚ Басқарма төрағасы Марат Әлменовтың мәлімдеуінше банк халықаралық нарықтарда валюталық өтімділікті орналастырып, осы саланы дамытуды жоспарлап отыр. Бұл «Алтын Банктың» халықаралық деңгейде синдикатталған несиелендіру бойынша алғашқы транзакциясы және бұл Қазақстандық банк секторы үшін үлкен тәжірибе болмақ.
Бір жылдағы несиенің жалпы сомасы 20 миллион еуро болған. Бұл қаржы Ресейден Беларуське тауарларды, қызметтер мен жабдықтарды жеткізуге байланысты «Белинвестбанк» клиенттерінің сауда келісім-шарттарын қаржыландыруға жұмсалатын болады.