​Алмас Кішкенбаевтың әйелі ажырасқаннан кейінгі өмірі жайлы айтты

0

​Алмас Кішкенбаевтың әйелі ажырасқаннан кейінгі өмірі жайлы айтты

Алмас Кішкенбаевтың жұбайы Мөлдір Серікбаева желідегі парақшасында ажырасқаннан кейінгі өмірі жайлы айтты.


 
«Бәрі менен болашаққа қандай жоспарым бар екенін сұрайды. Менің өмірім дейін және кейін деп екіге бөлінді. Бұрын мен махаббатқа сенетінмін, жоспар құратынмын, мақсатым болды, армандадым. Қазір оның бірі де жоқ. Қайтадан көңілім қалудан қорқамын. Өмірдің ағысымен жүре беруге шешім қабылдадым. Қазір маған осылай өмір сүрген ыңғайлы. Құдайға шүкір, қыздарым, әке-шешем аман, қасымда. Сондықтан басымды көтеріп, алға жүре беру керек»-деп жазған.
 
Желі қолданушылары болса жас келіншекке мойымауға кеңес беріп, ақ тілектерін жаудырып жатыр. «Қыздарыңыз тәп-тәтті, қызығын көріңіз», «Ажырасып кеткендеріңіз өкінішті, өте жарасымды жұп едіңіздер» дейді оқырмандар.

 

Дереккөз: Reactor

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз